Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
| Мекен-жай: | 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 81 |
| Байланыс телефоны | Тел.: 8(7152)49-39-66, 8(7152)49-38-28 |
| Электрондық пошта | dokso_sko@edu.gov.kz |
| Call-орталық телефоны | 8(7152)49-38-28 |
Орта білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған семинар-практикум