Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы «2024-2025 жаңа оқу жылына дайындық барысы» туралы сөзі
Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде 2024 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша мемлекеттік бақылау шараларымен 96 білім беру ұйымы, 30 жалпы орта білім беру ұйымы, 66 мектепке дейінгі ұйымдар қамтылды. Оның ішінде, 59 (62%) білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Мемлекеттік аттестаттау барысында Департамент тарапынан білім беру ұйымдарына жалпыға міндетті білім беру стандарты мен үлгілік қағидалардың талаптарына қатысты түсіндірме жүргізіліп, әдістемелік көмектер көрсетілуді. Қазіргі таңда білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік аттестаттауға ұсынылатын құжаттар біріздендірілді.
2024 жылдың екінші жарты жылдығында мемлекеттік аттестаттау 108 білім беру ұйымына жүргізіледі.
2024 жылы прокуратура ұсынысына сәйкес 85 білім беру ұйымдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексерулер барысында балалардың денсаулығы мен зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, интернет желісіне білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың, біліктілік талаптары мен үлгілік қағидалардың сақталмағандығы анықталып, бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамалар берілді.
Нұсқамалардың орындалуын бақылау нәтижесімен білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен білім алушылардың интернет желісін пайдалану кезінде тиым салынған сайттарды бұғаттауға арналған арнайы бағдарламалардың орнатылғандығы, үлгілік қағидалардың орындалуы, атап айтқанда, педагогтердің кәсіби құзыреттілікке ие болуы, біліктілік санатын мерзімінде арттыру/растау, біліктілік арттыру курстарына уақытылы өтуі, жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сыныптарында білім алушыларға арналған жеке шкафтар болуы, білім беру ұйымдарында бейнебақылаудың болуы қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілген тексеру нәтижесімен білім беру ұйымдарында топтағы балалар саны, топтардағы балалардың жас ерекшеліктері талапқа сәйкестендірілді. Топтарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау қамтамасыз етілді.
2024 жылдың бірінші жарты жылдығында ауыл мектептерін модернизациялау, мектепішілік бақылау жұмыстарына мониторинг жүргізілді.
Департамент тарапынан мектебі жоқ елді мекендердегі мектеп «филиалдарына», бастауыш мектептерге, кешкі мектептерге мониторинг жүргізіліп, қорытындысы облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына жолданды. Нәтижесімен білім беру қызметіне сәйкес келмейтін 8 «филиал», 5 бастауыш мектеп, 7 кешкі мектеп жабылды.
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын бақылау мақсатында Департамент облыс бойынша құрылысы жүріп жатқан Қызылорда қаласы бойынша сол жағалауда 900 орындық, Арал ауданында 300 орындық, Қазалы ауданы бойынша 300 орындық, Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық округінде және Саяжай мөлтек ауданында 300 орындық жайлы мектеп құрылысына, күрделі жөндеуді қажет ететін 48 мектеп және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 8 мектепке мониторинг жүргізілді. Күрделі жөндеуді аяқтау мерзіміне сәйкес жұмыстар уақытылы жүргізілуде.
Департамент тарапынан жалпы білім беру ұйымдарында оқулықтардың қамтамасыз етілуі мен жеткізілуіне мониторинг жүргізілуде. Осы жылы сатып алынған оқулықтарды жеткізушілер жасалған шарттарға сәйкес жеткізуде. Қазіргі уақытта қолда бар оқулықтар оқушыларға таратылуда.
Білім беру сапасын бақылау нысандарының бірі білім алушылардың білім беру жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі - ББЖМ) нысанындағы білім беру сапасын сыртқы бағалау және мемлекеттік аттестаттауды өткізу шеңберінде 4 және 9 сынып оқушыларына кешенді тестілеу өткізу болып табылады.
Қызылорда облысында биылғы жылы 160 білім беру ұйымы ББЖМ-ке қатысты. Облыстың 160 білім беру мекемесінде ББЖМ-ке техникалық дайындығы ұйымдастырылды, барлық 160 мектеп интернет жылдамдығын 20 Мбит/с және одан жоғары қамтамасыз етті. ББЖМ жүргізу кезінде бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Департаментпен тұрақты түрде әлеуметтік желідегі білім саласына қатысты мәселелерге зерделеу жүргізіп отырады. Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында педагогикалық әдеп нормалары мен олардың құқықтарына қатысты түсіндірмелер берілуде. Педагогтердің әдеп нормалары, педагогтердің теріс қылығы үшін қолданылатын тәртіптік жаза түрлері мен білім беру ұйымындағы педагогикалық кеңестің әлеуетін толықанды пайдалану, жұмысын жандандыру, психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру, оның тиісті деңгейде жүргізілуі туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Департамент тарапынан педагогтарды қызметке қабылдауға қатысты білім басқару органдарынан келіп түскен 43 педагогке қатысты сұранысқа жауап берілді.
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мектептердің оқу жылына дайындығына мониторингті жалғастырады, сондай-ақ облыста білім беру сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды күшейтетін болады.
Назарларыңызға рахмет!