Қызылорда облысы бойынша «мақсатты» мектептерді дамыту жобасы бойынша Департамент басшысының сөзі

Әлемдік білім кеңістігіндегі оқушылардың жетістіктері мен білім сапасындағы көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау, жоғары деңгейге көтеру бойынша биыл елімізде «Мақсатты мектеп» немесе «Еліміздегі 943 нысаналы мектеп» жобасы іске асырылып жатыр.

Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан Қызылорда облысы бойынша «мақсатты» мектептердің І-легіне қатысатын 71 мектептің 70-іне мемлекеттік бақылау шараларын жүргізді.

Атап айтқанда: Мемлекеттік аттестаттаудан Арал ауданындағы № 200, 237, 59, 65, 66, 64, 63, 68, Қазалы ауданындағы №182, 90, 134, Қармақшы ауданындағы № 107, 108, 111, 183, 185, 186, 199, 28, 106, Жалағаш ауданындағы № 203, Сырдария ауданындағы №147, 174, 191, 44, Шиелі ауданындағы №141, 142, 148, 158, 241, 40, 49, 157, 41, Жаңақорған ауданындағы №164, 169, 53, 157, Қызылорда қаласындағы №179, 112, 145, 176, 120, 173 мектептері өткізілген.

 2024 жылдың ІІ жартыжылдығында Арал ауданындағы № 81, 281, 18, 237, 230, Қазалы ауданындағы № 96, 238, 98, Жалағаш ауданындағы №188, №115, №232, Жаңақорған ауданындағы №166, 223, 245, 254, 161, 168, 194, 208, 239, 247, 196, Қызылорда қаласындағы №175, 215, 218, 253, 257 мектептерінде мемлекеттік аттестаттау өткізіледі деп жоспарланды.

Жоспардан тыс тексеру барысында педагогтерді жұмысқа қабылдау ережелерін сақтамағаны үшін Жаңақорған ауданындағы №245, 254, 208, 247  мектеп басшыларына Нұсқама берілген.

 Прокуратура органдарының жоспардан тыс тексеру нәтижесімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 409-бабы 4-1 тармағы, 7-2 -тармақтарымен әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл келесі мектептерге салынған: Сырдария ауданындағы №147, 191, 44, Жалағаш ауданындағы №203, Қызылорда қаласындағы №179, 145, 175, 176, 120, 173, 253, 257.

Сонымен қатар, Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес келесі мектептерде мониторинг жұмыстары жүргізілді: Арал ауданындағы № 81, № 66, Қазалы ауданындағы № 238, 98, Шиелі ауданындағы №157, Қызылорда қаласындағы №253 мектепте, тағы да басқа мектептерде жүргізілді.

Сонымен қатар, Арал ауданындағы № 283 мектепбінде рұқсаттық бақылау жүргізіліп, нәтижесімен лицензия және оның қосымшасы берілді.

Қызылорда қаласындағы №287 орты мектебінің қызметіне 2024 жылдың ІІ-жартыжылдығында жоспардан тыс тексеру жүргізу жоспарланды.

Қызылорда облысы бойынша «мақсатты» мектептер бойынша жұмыстар жалғасатын болады.