Брифинг 13.02.2025ж

Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің
басшысы Г. Даулетованың «2024 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» тақырыбында ұйымдастырылған брифингінің
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Өткізілетін орны: Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Өңірлік коммуникациялар орталығы
Өткізілетін уақыты: 13 ақпан 2025 жыл.
Қатысушылар: бұқаралық ақпарат құрал өкілдері.
Шара барысы: Брифинг барысында Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галия Даулетова Департаментпен 2024 жылы атқарылған жұмыстарға және алдағы міндеттерге тоқталып өтті.
Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы 387 мемлекеттік бақылау шаралары өтті (8 біліктілік талаптарға сәйкестікті тексеру, 2 бару арқылы профилактикалық бақылау, 234 мемлекеттік аттестаттау, 115 қайта мемлекеттік аттестаттау, 28 рұқсаттық бақылау жүргізілді).
Мемлекеттік бақылау шараларының мақсаты – Білім саласындағы заңнамалардың сақталуына бақылау жасау болып табылады.
234 білім беру ұйымда жүргізілген (138 мектеп, 96 балабақша) мемлекеттік аттестаттау нәтижесімен бірінші реттен 68 (29%) білім беру ұйымы аттестатталды, 115 (50 %) білім беру ұйымы екінші рет аттестаттаудан өтті. 6 білім беру ұйымы (5 кешкі мектеп, 1 балабақша) жабылды. 45 білім беру ұйымының екінші рет мемлекеттік аттестаттаудан өтуі осы 2025 жылға жоспарланды.
2024 жылы 8 мектепте жүргізілген біліктілік талаптарға сәйкестікті тексеруде бұзушылықтар 7 мектепте анықталды.
Сонымен қатар, бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесімен 2 мектепке нұсқама беріліп, орындалды.
Осыған орай 7 мектеп басшысына әкімшілік іс қозғалып, 315 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды
Бұдан басқа Департаментпен 19 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нұсқамалар берілді.Прокуратурамен бірге жүргізілген тексеру қорытындысымен 98 мекемеге әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 30 балабақша, 68 мектеп бар.
Сонымен қатар, лицензиясыз қызмет атқарған 5 мектепке хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Қорытындысымен 4 мектепке 115 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, 1 мектепке ескерту берілді.
Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2 түрі бойынша жұмыс жүргізеді.
Оның бірі - білім туралы құжаттарды апостильдеу. Департаментке 2024 жылы білім туралы құжаттарын апостильдеуге 119 өтініш келіп түсті, оның барлығы қанағаттандырылды. Азаматтардың басым көпшілігі Оңтүстік Корея еліне – 40, Турция - 48, Италия - 18, Польша - 4, Литва, Германия, Австрия – 1 мемлекеттеріне кеткен.
Білім беру қызметін лицензиялау бойынша 2024 жылы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне білім беру ұйымдарынан барлығы - 53 өтініш тіркелді. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша 23 мектепке, жаңа мектептерге 7 лицензия, қайта рәсімдеу 12 білім беру ұйымына жүргізілді, 11 өтініштен бас тартылды.
Департамент жанында Педагогикалық әдеп жөніндегі консультативтік-кеңесші орган жұмыс жасайды.
2024 жылы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізілді. Кеңес шешімімен 21 педагогке қатысты тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныс берілді. Білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтеріне педагогикалық әдеп және «Педагог мәртебесі» ҚР заңының талаптарын түсіндіру бойынша 4 көшпелі семинар және онлайн форматта 3 жиын өткізілді.
Сонымен қатар, Департамент бірнеше бағыт бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Өздеріңізге белгілі күрделі жөндеуден өткен 8 мектепке мониторинг жүргізілді (№33, 211, 217, 222, 253, 212,163, 132); сонымен қатар, мектеп кітапханаларының жаңартылуына – 47 мектеп; пәндік кабинеттермен жабдықталуына (9 мектепке 9 физика кабинеті, 9 мектепке 9 химия кабинеті, 10 мектепке 10 биология кабинеті, 28 мектепке 28 «STEM» кабинеттері алынды) мониторингтер жүргізілді.
Мектептерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті жабдықтарды орнату бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді. Біздің өңірімізде барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған.
Департаментке 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан 189 өтініш келіп түсті. Оның 19-на жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.Олардың басым көпшілігі педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде бұзушылыққа жол берген мектептерге қатысты болды. Жоспардан тыс тексеру қорытындысымен анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі бағалау парақтарын дұрыс толтырмау, үміткерлерден құжат қабылдауда мерзімдерінің сақталмауы болып табылады.
Департаменттің 2025 жылға міндеттері.
1.Білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылау.
2025 жылы 149 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жұмыстарын жүргізу жоспарланды, оның ішінде 97 балабақшаға, 52 мектепке.
Бірінші реттен мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған 49 білім беру ұйымына (44 мектеп, 5 балабақша) қайта аттестаттау жұмыстарын жүргізу жоспарланды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары Ұлттық білім беру деректер қорына енгізіледі.
Сонымен қатар, 4 мектепке біліктілік талаптарға сәйкестікті тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес биылғы жылы білім беруді басқару органдарына (2 білім бөлімі, 1 білім басқармасы) тексеру жұмыстары жоспарланды.
2.Білім беру ұйымдарына лицензия беру және білім туралы құжатқа апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру.
Департамент тарапынан 2025 жылы лицензиялау жұмыстарын «Жайлы мектептерге» жүргізу және барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының лицензияларын қайта рәсімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.
Лицензиясыз білім беру қызметін жүзеге асырып жатқан білім беру ұйымдарының лицензия алуын бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарға сәйкестігі үнемі бақылауда болады. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда заңнама талаптарында көзделген тиісті шаралар қабылданатын болады.
Департамент өз кезегінде аталған мәселелердің бекітілген заңнамалар аясында жүзеге асырылуын бақылайды. Қосымша сұрақтар бойынша Департаменттің 27–05-47 телефонына хабарласуға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Қызылорда облысының Білім саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің
баспасөз қызметі