Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының білім мәселелері жөніндегі тезистері

Құрметті Марат Елеусізұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Ағымдағы жылдың 10 айында Білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атқарған жұмыстары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Өздеріңіз білетіндей, Департамент білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету, білім жүйесінің сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратындығы өздеріңізге белгілі.

Департамент қызметінің негізгі бағыттарына тоқталатын болсам.

Бірінші. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау

Ағымдағы жылдың 10 айында Мемлекеттік стандарт талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік аттестаттау Алматы облысының 241 білім беру ұйымдарында, оның ішінде 27 (18 мемлекеттік, 9 жеке) колледждерде, 59 мектепте (58 мемлекеттік және 1 жеке) және 155 балабақшада (23 мемлекеттік және 132 жеке) өткізілді.

Аттестаттау қорытындысы бойынша 73 білім беру ұйымы немесе жалпы санынан 30% бірінші реттен аттестаттаудан өтті. Ол 9 колледж (7 мемлекеттік, 2 жекеменшік), 7 мектеп (барлық мемлекеттік), 57 балабақша (13 мемлекеттік және 44 жекеменшік).

Мемлекеттік аттестаттау барысында 168 білім беру ұйымдары (70%), оның ішінде 18 колледж (66,6%), 52 мектеп (88%) және 98 балабақша (63%) аттестатталмады.

Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеудің негізгі себептері слайдтарда көрсетілген:

мектепке дейінгі ұйымдарда:

  • білім беру қызметі үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес келмеуі;

- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша педагогтер үлесінің төмендігі;

- балалардың даму мониторингі (алғашқы және соңғы) жоқ немесе баланың жеке картасының деректерін есепке алмай жүргізілуі;

- балабақшада жас кезеңділігі мен топтастыру талаптардың сақталмауы.

орта білім беру ұйымдарында:

  • оқу жұмыс жоспарлары мен сабақ кестелерінің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Мемлекеттік білім беру стандарттары мен үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкес келмеуі;

- оқу жүктемесінің максималды көлеміне қойылатын талаптарының орындалмауы;

- жеке оқыту курстары бойынша бағдарламалар жүзеге асырылмауы;

- Kundelik.kz электронды журналын толтыру талаптарының сақталмауы;

- білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының бұзылуы;

- оқушылар Мемлекеттік міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес тиісті білімдерін көрсете алмауы.

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында:

- мамандықтар бойынша оқу қызметі жүргізілмейуі;

- Мемлекеттік білім беру стандартының жалпыға міндетті оқу жүктемесіне, студенттердің оқу жүктемесінің шекті көлеміне және міндетті оқыту бойынша оқу уақытының көлеміне қойылатын талаптарының сақталмауы;

- оқытудың жұмыс бағдарламалары оқу нәтижелеріне бағытталмауы;

- оқу қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының бұзылуы.

Бүгінгі кұні Білім басқармасымен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету бойынша Жол картасы қабылданып, көшпелі штаб құрылды.

Аттестация қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен мұғалімдерге тұрақты негізде шеберлік сабақтарын өткізетін шебер оқытушылар мен педагог-зерттеушілерден пул құрылуда.

Екінші. Білім беру ұйымдарын лицензиялау

Осы жылдың 10 айында лицензиялау мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсет бойынша 114 өтініш қаралды.

Қорытындысы бойынша Қарасай ауданы Батан ауылындағы бір мемлекеттік орта мектепке және бір жекеменшік мектепке («Қазақстан-Британ мектебі») лицензия берілді, лицензияға қосымшаларды төрт жекеменшік мектеп алды (Elite School KZ-ке, «Юнона» жеке зияткерлік мектепке, «Немере» жеке мектеп). 41 мектеп, 12 колледж атаулары мен заңды мекенжайларының өзгеруіне байланысты лицензиялар және/немесе лицензияға қосымшалар берілді.

Бүгінде облыста 10 мемлекеттік мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүзеге асырады

Анықтама үшін: 2021 жылдан бастап үш мектеп (Іле ауданының № 49, 50 орта мектебтерң), 2022 жылдан екі мектеп (Іле ауданының № 51 о рта мектебі және № 5 орта мектеп) жұмыс істейді. Талғар ауданының 25 ОМ) және 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бес мектеп (Іле ауданының № 53, 54, 55, Еңбекшіқазақ ауданының № 6, Жамбыл ауданының № 1, Қонаев ОМ).

Бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігі мен біздің департаменттің бақылауында.

Бүгінгі таңда 9 мектепті аудандық білім бөлімінің балансына беру туралы облыс әкімінің қаулысына қол қойылып, заңды тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілді, қазіргі тағда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан қорытынды алу үшін өтініштер берілді.

Осы аптада қорытындылар алынады деп күтудеміз, содан кейін лицензияға өтінімдер жолдайтын болады.

Өз кезегінде Департамент өтінімдер келген жағдайда қарастыруды жеделдетеді.

Үшінші. Білім туралы құжаттарға апостиль қою

Ағымдағы кезеңде Департаменте 168 құжат келіп түсті, оның 157-сіне апостиль қойылып, 11-і қайтарылды.

Осы құжаттардың ішінде:

- жоғары білім туралы – 29;

- орта білім туралы – 107;

- кәсіптік техникалық білім туралы – 19;

- есеп картасы-1;

- басқа – 1.

Төртінші. Мектептерді күрделі жөндеу

Өңірімізде 10 мектеп күрделі жөндеуден өтуде, оның үшеуі.

Келісімшартта көрсетілген мерзімге сәйкес екі нысандағы күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталуы тиіс болатын. Бұл мектептер Кеген ауданындағы Нұрпейісов атындағы орта мектеп және Қарасай ауданындағы Сәтбаев атындағы орта мектеп.

Алайда, бұл нысандардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 10 желтоқсанға дейін шегерілді.

2022 жылы басталған үш білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмауына аландаулымыз. Бұл Райымбек ауданындағы екі мектеп (Көкбел ауылындағы Көксай орта мектебі және Көмірші ауылындағы орта мектеп) және Алматы қаласында орналасқан И. Нүсіпбаев атындағы облыстық мектеп-интернат жанындағы жатақхана ғимараты.

Бүгінгі таңда Райымбек ауданындағы екі нысан бойынша мердігерлерді жосықсыз деп тану бойынша сот өтті, сот шешімімен мердігерлерге айыппұл салынды және олар 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жұмысты аяқтауға міндеттелді. Алайда, бұл объектілерде күрделі жөндеу тоқтап тұр. Бұл өз кезегінде балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты жанындағы жатақхана бойынша қазіргі уақытта мердігерші жосықсыз деп тану жөніндегі сот процесі 9 ай бойы жүргізіліп келеді, мердігерлердің сотқа келмеуіне байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, бүгінде балалар тар жерде білім алуға және қонуға мәжбүр. Мектептің оқу кабинеттерінде жатын бөлмелері ұйымдастырылған, спорт залы асханаға айналдырылған, тамақты қоймада дайындауда. Осылайша, қалыптасқан жағдай балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде және бұл білім сапасына кері әсер тигізіп жатқаны сөзсіз.

Осы мектептердің ата-аналары арасында наразылық бар, олар Департаментке жүгініп жатыр, қалыптасқан жағдай кең қоғамдық резонансқа әкелуі мүмкін.

Осыған орай, балалардың жайлы жағдайда білім алуын барынша қамтамасыз ету мақсатында Құрылыс басқармасына осы нысандарды бақылауға алуды және жөндеуді қысқа мерзімде аяқтау мәселесін шешуді тапсыруыңызды сұраймын.

Бесінші. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Департамент қызметкерлері оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізуде.

Өздеріңіз білетіндей, биылғы оқу жылында республика бойынша 1000 мектеп, оның ішінде Алматы облысында 69 мектеп таңдалды. Мониторингтің бірінші кезеңінде мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыру, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, директорларды ротациялау, НОБД толтыру мәселелері қарастырылды.

Бүгінгі таңда мектептердегі қоғамдық тамақтандыруға жүргізілген мониторингтің қорытындысы шығарылды.

Жалпы, мектептердегі қоғамдық тамақтану саласында оң өзгерістер бар. Дегенмен, бірқатар кемшіліктер анықталды. Мен тоқтамаймын, слайдта көрсетілген.

- 4 мектепте асханаға (қоғамдық тамақтандыру бөлімшесі) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды жоқ;

- 15 мектептің асханасында және/немесе тамақ дайындайтың бөлмелерде бейнебақылау камераларының жоқ;

- 4 мектепте бракераждық комиссия жұмысы ұйымдастырылмаған;

- тәуліктік сынамалар мен азық-түліктердің бір-біріне жақын қою талаптардың сақталмауы;

- бракераждық комиссияның шикізат пен дайын өнімге бақылауының болмауы;

- балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру, мектептегі тамақтану мәселелері бойынша ата-аналарды ақпараттандыру бойынша жұмыстың болмауы.

Мектеп оқушыларының сапалы тамақтануын қамтамасыз ету үшін Білім басқармасы тарапынан Сапаны қамтамасыз ету департаменті, СЭС органдары, ата-аналар қауымдастығы және жұртшылық өкілдерінен тұратын мониторингтік топ құрды.

Мониторинг топ оқушылардың тамақтануының жағдайын зерттеп, тамақтану тәртібін, санитарлық талаптарды сақтау және т.б. тұрғысында әдістемелік көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, барлық мүдделі органдардың қатысуымен мектеп асханаларын жалға алушылардың, ата-аналар мен тұрғындардың арасында жиналыс өткізіліп, онда қоғамдық тамақтанудың өзекті мәселелері талқыланып, негізгі санитарлық талаптар түсіндірілді, мониторинг нәтижелері жарияланды және т.б.

Құрметті Марат Елеусізұлы!

Құрметті әріптестер!

Ағымдағы жылдың 2-3 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің алқа мәжілісі өтіп, онда облысымызға қатысты Мемлекет басышының, Үкіметтің берген тапсырмаларының орындалуы бойынша бірқатар ескертулер мен кемшіліктер айтылды.

Оларды айтуға рұқсат етіңіз.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен мектептер құрылысының барысы

Өңірімізде жоспар бойынша 2023 жылы 10 білім беру нысаны пайдалануға берілуі тиіс болатын, 6-ы ғана аяқталды, жыл соңына дейін 2 объектіні аяқтау жоспарланып отыр. Екі нысан 2024 жылға ауыстырылды.

Жайлы мектеп бойынша бойынша

Құрылысы 2023 жылы басталуы тиіс 23 нысанның 9 нысаны бойынша барлық мәселер толық шешілсе, 14-і шешімін таппаған, 6 жер телімі бойынша проблемалар бар.

Білім беру объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

415 нысанда жедел басқару орталығына қосылмаған, турникеттер жоқ, цифрлық бейнекамерамен қамтамасыз ету 31 пайызды құрайды.

Облыста білім беру нысандарындағы қауіпсіздік аудитінің қорытындысы шығарылған жоқ.

Кадрлық әлеует

Облыс бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарының 8 штат бірлігіне қосымша қажеттілік бар.

 

Кабинеттердің ашылуы

Республика бойынша робототехника, химия, биология және STEM бойынша 7 мың кабинет ашу жоспарлануда. Жыл басынан бері бұл кабинеттер облысқа жеткізілмеген.

Басшылар үшін кадрлық резервті қалыптастыру бойынша республикада жоба іске асырыпыл келеді

Алматы облысы жобаға қатысуға төмен қызығушылық танытқан.

Тегін техникалық және кәсіптік білім

Алматы облысында 9-ші сыныптан кейін колледждерге қабылданған оқушылардың 65,5 пайызы ғана тегін біліммен қамтылған.

Білім беру жүйесін цифрландыру туралы

Қазіргі уақытта Балабақшаларда бірыңғай кезектілік базасында деректер қалыптастырылуда.

Облыста кезек бойынша деректерді көшіру және 4 балабақшаға дейін таңдау бойынша ата-аналардан ақпарат жинақтау жұмысы басталмаған.

Облыста электронды оқулықтарға жалпы мектептердің 41 пайызы ғана жазылған.

Облысымыздағы мектептерді интернетпен қамту жағдайы жаман емес.

Интернеті төмен мектептердің үлесі небәрі 15 пайызды құрайды.

Локалдық желі орнатылған мектептердің үлесі еліміз бойынша Алматы облысында жоғары және 81,4% құрайды.

Интернет жылдамдығын арттыруға бөлінген қаржының да үлесі жоғары (95%).

Интернеттің жай-күйіне қатысты тек 7 білім беру ұйымында Ұлттық білім беру дерекқорын жаңартуды қажет етеді.

Құрметті Марат Елеусізұлы!

Құрметті әріптестер!

Мен айтқан мәселелерді білім басқармасына және басқа да мүдделі органдарға бақылауға алуды тапсыруыңызды сұраймын.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті алдағы уақытта бірлесе отырып, қойылған міндеттерді тиімді іске асыру бойынша жұмыс жүргізу үшін барлық қажетті күш-жігерін салатындығын атап өткім келеді.

Назар аударғаныңызға рақмет!