Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу саласындағы кәсіпкерлердің сұрақтарына бақылаушы органдар түсініктеме берді

🟢 2024 жылғы 19 сәуірде «Атамекен» ҰКП Алматы облысы бойынша филиалы Қонаев қаласының N 3 орта мектебінде Алматы облысының жеке меншік балабақшаларының құрылтайшыларымен кездесу ұйымдастырды.
🇰🇿 Мемлекеттік органдардан кездесуге Білім саласында сапаны қамтамасыз ету, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, Медициналық және фармацевтикалық бақылау, Төтенше жағдайлар, Техникалық реттеу және метрология, Полиция департаменттерінің басшылары қатысты.
📋 Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы өз сөзінде 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілген мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысын жасады.
✅ Өз сөзінде Е. С. Жиренбай кездесуге қатысушылардың назарын тексеру түрлеріне; тексеру негіздеріне; тексеру пәніне; мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған балабақшалар тарапынан жол берілген бұзушылықтарға аударды.
✅ Кездесуге қатысушылармен диалог барысында Департамент басшысы балабақша құрылтайшыларының мемлекеттік аттестаттауды өткізу рәсімі, жоспардан тыс тексерулер, мемлекеттік аттестаттау жөніндегі комиссия құрамын қалыптастыру және т.б. бөлігіндегі сұрақтарына жауап берді.