
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңызОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кетті
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруСтатистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 211,6 млрд теңгені құрады, бұл номиналды мәнде 2023 жылғы ұқсас кезең деңгейінен 0,2%-ға өскенін көрсетеді. Нақты көлем индексі бойынша 2025 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 103%-ға өсуі жоспарлануда. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру көлемінің өсуі мемлекеттік сатып алулардағы, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту бөлігінде қабылданатын шаралардың, сондай-ақ 2024 жылы іске қосылған жобалар есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1% құрайды. Жеңіл өнеркәсіп жалпы ішкі өнімнің аз үлесін алғанымен, оның өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі және өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі тұрақты өсуде. Мәселен, соңғы 3 жылда сала өндірісінің көлемі 153,6-дан 211,6 млрд теңгеге дейін өсті (өсім 37,8%).
Бүгінгі таңда еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы айырықша басымдыққа ие бағыт болып табылады, өйткені халықтың, әсіресе әйелдердің жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп отыр. Сала тұтыну деңгейі бойынша азық-түлік өнімдерін тұтынудан кейін екінші орында, жеке пайдалануға арналған өнімдерді шығару арқылы адамдардың материалдық әл-ауқатының маңызды компоненттерінің бірін құрайды.
Министрліктің қызметі елдің мемлекеттік саясатына толық сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 17-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады.
2025 жылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорт көлемі 176,5 млн АҚШ долларын құрады.
Аталған кезеңде Қазақстан үшін негізгі экспорттық нарықтар:
Ресей (52,6%), Беларусь (14,4%) және Қырғызстан (5,3%).
2025 жылғы қаңтар–қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесі тауар түрлері бойынша экспорт көлемінің өсуі байқалды:
• жоғары берікті жіптерден өндірілетін маталар – 1,7 есе;
• мақта жібінен тігілген ерлерге немесе ұл балаларға арналған шалбарлар, алжапқышты және иықбаулы комбинезондар, бриджилер мен шортылар – 1,5 есе;
• табаны резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған, үстіңгі бөлігі табиғи былғарыдан тігілген өзге де аяқ киім түрлері – 90,1%-ға өсті.


