Жиі қойылатын сұрақтар
Елімізде Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары саланы дамытуға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Қолдау шаралары қаржылық және қаржылық емес көмекті қамтиды. Инновацияларды ынталандыру және өндірісті жаңғырту үшін гранттар беріледі, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің өнімдеріне тұрақты сұраныс жасауға көмектесетін мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылады. Бұл шаралар қаржылық тәуекелдерді азайтуға және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды көрсеткіштерінің бірі еңбек өнімділігі болып табылады.
Бұл жобалар импортты алмастыруға, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп тауарларының экспортын арттыруға бағытталған.
Өндіруші кәсіпорындар елімізде жоқ дайын компоненттерді импорттайтды. Мысалы мақтадан иірілген тігін жіп, мақта матасы, жүннен жасалған иірілген жіп синтетикалық талшықтардан жасалған иірілген жіп, түрлі құрамдағы жіптер, фурнитура және т. б.
Өнімдерді отандық шикізатпен өндіру, жалпы саланы дамыту үшін еліміз жеткілікті әлеутке ие. Жеңіл өнеркәсіпке арналған шикізаттың белгілі мөлшері де, қолайлы факторлар да бар. Мақта талшығын өсіру үшін қолайлы климат, мақта талшығын, ірі қара малдың жүні мен терісін қайта өңдеуді одан әрі дамыту мүмкіндігі, тиімді геосаяси орналасуы, көлік инфрақұрылымының болуы, импортты алмастыру және экспорттау әлеуеті бар.
Отандық кәсіпорындар теріні өңдеп, олардан иленген былғары және дайын былғары, сондай-ақ былғары аяқ киім өндіріп отыр. Жергілікті шикізатты мал терісін илеуден өткізіп, былғары өндірісімен айналысатын кәсіпорындар елдің аймағында орналасқан. Осы саладағы кәсіпорындардың басым бөлігі Шымкент қаласында шоғырланған. Сондай-ақ, Алматы, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында да өндірушілер бар. «Almaty Tannery» ЖШС компаниясы – былғары краст, дайын былғары жасайтын елдегі ең ірі былғары өндірушілердің бірі болып табылады.
Өнеркәсіптік өнімді тұтыну көлемі бойынша сұраныс азық-түлік өнімдерін тұтынудан кейін екінші орында тұр. Соңғы статистикалық деректерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 190,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға төмен. Экспорттық жеткізілімдердің қысқаруы тоқыма өнімдерінде (-24,0%) және киім өндірісінде (-18,2%) байқалады, ал былғары және оған қатысты өнімдер өндірісінде 23,2% өсім тіркелді.
2025 жылғы қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорт көлемі 176,5 млн АҚШ долларын құрады.
Аталған кезеңде Қазақстан үшін негізгі экспорттық нарықтар:
Ресей (52,6%), Беларусь (14,4%) және Қырғызстан (5,3%).
2025 жылғы қаңтар–қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесі тауар түрлері бойынша экспорт көлемінің өсуі байқалды:
• жоғары берікті жіптерден өндірілетін маталар – 1,7 есе;
• мақта жібінен тігілген ерлерге немесе ұл балаларға арналған шалбарлар, алжапқышты және иықбаулы комбинезондар, бриджилер мен шортылар – 1,5 есе;
• табаны резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған, үстіңгі бөлігі табиғи былғарыдан тігілген өзге де аяқ киім түрлері – 90,1%-ға өсті.
Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1% құрайды. Жеңіл өнеркәсіп жалпы ішкі өнімнің аз үлесін алғанымен, оның өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі және өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі тұрақты өсуде. Мәселен, соңғы 3 жылда сала өндірісінің көлемі 153,6-дан 211,6 млрд теңгеге дейін өсті (өсім 37,8%).
Бүгінгі таңда еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы айырықша басымдыққа ие бағыт болып табылады, өйткені халықтың, әсіресе әйелдердің жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп отыр. Сала тұтыну деңгейі бойынша азық-түлік өнімдерін тұтынудан кейін екінші орында, жеке пайдалануға арналған өнімдерді шығару арқылы адамдардың материалдық әл-ауқатының маңызды компоненттерінің бірін құрайды.
Министрліктің қызметі елдің мемлекеттік саясатына толық сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 17-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 211,6 млрд теңгені құрады, бұл номиналды мәнде 2023 жылғы ұқсас кезең деңгейінен 0,2%-ға өскенін көрсетеді. Нақты көлем индексі бойынша 2025 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 103%-ға өсуі жоспарлануда. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру көлемінің өсуі мемлекеттік сатып алулардағы, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту бөлігінде қабылданатын шаралардың, сондай-ақ 2024 жылы іске қосылған жобалар есебінен қамтамасыз етілетін болады.