Жиі қойылатын сұрақтар
Ақпараттық жүйе түгелдей Үкімет аппараты мен Ұлттық жобалық офис бақылауында. Сонымен қатар, облыстың рейтингіне тікелей әсер етеді.
Ұйымдағы жобалардың табысты жүзеге асуын қамтамасыз ететін, барлық жоба кезеңдерінде үйлестіруші және жетекші тұлға.
https://nb.gov.kz/stream/ сілтемесіне өтіп, жауапты маманның логині мен құпия сөзін теру арқылы.
Жоба аясындағы тапсырмалардың орындалуын (жауапты маман, мерзімі)салалық министрліктер пен басқарма келіскен соң, бекіткен шаблон бойынша ақпараттық жүйеге енгіземіз. Жауапты маманға логин ашылады. Әрі қарай, тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауда ұстаймыз..
Қызылорда облысы бойынша «Битрикс» ақпараттық жүйесінде салалық министрліктер тарапынан ұсынылған 60-тан астам жоба жүзеге асып жатыр.Олар: құрылыс, газдандыру, арналарды автоматтандыру, кәріздік тазарту құрылыстары, антенна-діңгек құрылысы, жол құрылысы және түрлі зауыттар құрылысы. Сонымен қатар, мемлекет басшымыздың жолдауларын іске асыру жөніндегі жалпымемлекеттік іс-шаралар жоспары, сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы іс-шаралар мен ұлттық құндылықты дәріптейтін базалық бағыты бойынша жобалар тізбегі орын алуда.