Конкурс юных искусствоведов «Мен тұратын өңірдің танымал адамдары»

2023 жылдың 17 шілдесінде "Мен тұратын өңірдің танымал адамдары" атты Республикалық байқаудың аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: туған өлкенің танымал тұлғалары туралы мәлімет беру, Қазақстанның дамуына үлесін қосқан музыканттар, суретшілер, мәдениет қайраткерлері туралы шынайы тарихи деректерді жеткізу. Байқауға "Камышенка орта мектебі", "Новопокровка орта мектебі", " Абай атындағы мектеп" ," Жерновка орта мектебі, " Жезкент кентінің мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 7-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Байқау үш номинацияда өтті. " Туған өлкенің танымал шығармашыл тұлғалары" тұсаукесер, " Жеке кездесу" -бейне репортаждар байқауы, " Шығармашылық адамдар әлемі" -өз шығармаларынан өлеңдер байқауы.
"Мен тұратын өңірдің танымал адамдары" атты Республикалық байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы:
1 орын - "Новопокровка орта мектебі" КММ оқушысы - Ыдырышева Разия, 12 жас, "Жеке кездесу" бейне репортаждар байқауы номинациясында, жұмыс тақырыбы -" К.Куюков- қолы жоқ суретші, ядролық сынақтың зардабын сурет арқылы жеткізу"
2 орын - " Абай атындағы негізгі орта мектебі" КММ оқушысы -Шипилова Кира, 14 жас, "шығармашылық адамдар әлемі" номинациясы, өлең тақырыбы "Искры огня"
2 орын - "Жерновка орта мектебі"КММ оқушысы Ходько Ксения, 13 жас, "Туған өлкенің танымал шығармашыл тұлғалары"номинациясы, тұсаукесер байқауы
3 орын -"Камышенка орт мектебі" КММ оқушысы,Жолдыбалинова Камила, 8 жас, "Туған өлкенің танымал шығармашыл тұлғалары" номинациясы, тұсаукесер байқауы, Жұмыс тақырыбы: " М.Ешекеев - дара тұлға"
3 орын- "Жезкент кентінің мектеп-лицейі" КММ оқушысы-Мушурова Елизавета,15 жас, "Шығармашылық адамдар әлемі" номинациясы, өзі шығарған өлеңі " Запомните нас"
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық табыс, жеңістер тілейміз!