
2023 жылғы 18 қазанда "Дарынды педагог-дарынды балаларға" жас мамандардың республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Біздің ауданымыздан: А. С.Заматов "Николай Островский атындағы ОМ "КММ тәлімгері, А. Н. Фудченко" Буркотов ОМ "КММ педагог-психологы, Есенжол Сымбат"Жезкент кентінің мектеп-лицейі" КММ математика пәнінің мұғалімі қатысты. Облыстық кезең қорытындысы бойынша: Фудченко Алена Николаевна "Буркотов ОМ" КММ педагог-психологы 3 орын алды! Конкурс жеңімпазы мен қатысушыларын құттықтаймыз!