Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Бөкей ордасында болып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Бөкей ордасында болып, аудан тұрғындарымен кездесті.



Өңір басшысы сапарын республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын тас жол құрылысының басынан бастап, құрылыс барысына жауапты мердігерлермен кездесіп, жұмыс барысымен танысып өтті.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген өңір басшысы жұмысты уақтылы орындамағаны үшін мердігерлерге және жауапты мекемелерге қатаң ескерту беріп, жол құрылысының орындалуы тікелей өзінің
бақылауымен жүзеге асатынын жеткізіп, тапсырмалар жүктеді.

Сапар Бисен ауылдық округі тұрғындарынмен кездесуімен жалғасты.

Отырыс барысында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов ауданның жалпы жағдайымен таныстырды. Бисендіктер өздерін мазалаған мәселелерін облыс әкімінің назарына ұсынды. Ауыл азаматтары жол, құм көшуі, электр бағаналардың тозуы және т.б мәселелерді көтерді.
Ғали Есқалиев тек сұрақтарға жауап берумен шектелмей, жергілікті тұрғындарды жеке мәселе бойынша да қабылдады.

Сонымен қатар, облыс әкімі іссапар барысында “Пахман” ШҚ алма бағымен және “Ораз” ШҚ жағдайымен танысты.