Меню

Страницы

Статья

Халық қатысу бюджетін іске асыру туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 "Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы" бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес Орал қаласы әкімдігі халық қатысу бюджетін іске асыру туралы келесі жұмысты жүргізді.

Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №253 қаулысымен Сараптамалық кеңес құрылды және осы Кеңестің қызмет тәртібі анықталды. Кеңес құрамына мәслихат депутаттары, қала жұртшылығының өкілдері және уәкілетті мемлекеттік органдар кірді.

2021 жылға Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 018 "Абаттандыру және көгалдандыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша Халықтық қатысу бюджеті шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға 39 000 мың теңге сомасында (жылдық шығыс көлемінің кемінде 1%) қаражат көзделген.

Халықтық қатысу бюджеті шеңберінде мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:

Іске асыруға ұсынылатын жобалар:

  • аумақты көгалдандыру;
  • тротуарларды жайластыру;
  • тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  • жалпы пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру; (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
  • бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
  • қоқыс тастайтын жерлерді жою.
  • шағын сәулет нысандарын орнату және жөндеу (мүсіндер, субұрқақтар, барельефтер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, күркелер, орындықтар, урналар, балалардың ойындары мен ересек тұрғындардың демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
  • аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

2021 жылғы 20 сәуірде Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылатын Орал қаласының тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды қабылдау рәсімі басталды. Жобалық ұсыныстар ағымдағы жылдың 9 мамырына дейін қабылданды.

"Халықтық қатысу бюджеті" жобасының барлық кезеңдері 2021 жылғы 15 маусымда аяқталды.

 

Халық қатысатын бюджет

 

Дата публикации
22 июня 2021
Дата обновления
22 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы