Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Бюджет

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

2025 жылға арналған облыс бюджеті туралы

Облыс бюджетінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтейін. Облыс бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру мен толықтырудың негізгі көзі болып салықтар және трансферттер деп аталатын өтеусіз және нысаналы сипаттағы республикалық бюджеттен түсетін түсімдер табылады.

Бүгінгі таңда 628,5 млрд. теңге көлеміндегі облыстың жылдық бюджеті 37,4%-ға (234,9 млрд) жергілікті деңгейге түсетін салықтар мен салықтық емес төлемдерден, яғни өзіндік кірістерден тұрады, ал 52,5%-ы (329,9 млрд) - республикалық бюджеттен берілетін субвенцияға және нысаналы трансферттерге тиесілі.

2026 жылғы 1 қаңтар жағдайына өз кірістері бойынша нақтыланған жылдық жоспар 236,7 млрд. теңге, кезеңге жоспар – 234,9 млрд. теңге құраса, жергілікті бюджетке 239,7 млрд. теңге түсті, жоспар 102,0%-ға орындалды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда меншікті кірістердің өсу қарқыны 113,7%-ды немесе өсім 29,3 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, 2025 жылғы облыстық бюджет түсімдерінде облыс әкімдігі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымынан 27,0 млрд. теңге сомасында нақты түсімдер орын алды. Әкімдік атынан шығаруды тікелей Басқарма жүзеге асырады.

Жалпы, 2025 жылы МБҚ шығару ағымдағы жылғы 28 мамырда ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген қарыз алу мақсаттарының тізбесі шеңберінде, атап айтқанда тұрғын үй салу және сатып алу, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде желілер мен жүйелерді салу және жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылды.

Облыс бюджетінің шығыс бөлігінде басты назар әлеуметтік салада, бұл бағытта 314 млрд. теңге қаралған немесе бюджет көлемінің 50,0%. Экономиканың нақты секторында, атап айтқанда аграрлық-өнеркәсіптік сектор (73,2 млрд),  көлік (63,5 млрд), тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық (85,7 млрд), бұл бағытта 222,4 млрд. теңге немесе бюджеттің 35,4% қаралған.

Облыс бюджетінің шығыстары 2025 жылға 617,2 млрд. теңгеге немесе жоспарға 98,2%-ға орындалды (2024ж. – 600,4 млрд. тг. /өсім +16,8 млрд.тг.).

Облыс бойынша 11,3 млрд. теңге игерілмеген.

2025 жылға даму бюджетінің жоспары -  92,2 млрд. теңге болғанда, игерілу – 89,1 млрд. теңге немесе 96,6%-ды құрады.

2025 жылға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша атқарылу 93,7 пайызды немесе 76,3 млрд. теңгені құрады (жоспар 81,4 млрд). Игерілмеудің басты себебі - жоғары тұрған бюджеттен трансферттердің түспеуі (4,6 млрд).

 

Облыс бюджеттің барлық шығыстарының шамамен 50,0 пайызы әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталған немесе 314 млрд. теңгені құрады.

Білім беру – 233,1 млрд. теңге (шығыстардағы 37,1%)

Денсаулық сақтау – 16,2 млрд. теңге (шығыстардағы 2,6%)

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек – 26,6 млрд. теңге 

(шығыстардағы 4,2%)

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк – 38,1 млрд. теңге 

(шығыстардағы 6,0%)

Білім беруге 233,1 млрд. теңге немесе облыстық бюджет шығыстарының жалпы атқарылуында 37,1 пайыз бағытталды.

"Жайлы мектеп" пилоттық жобасы аясында 6 жалпы білім беретін мектептің құрылысы бойынша жұмыстары басталды.

Орал қ.: Жәңгір хан көшесі бойындағы Медициналық колледждің артында 600 орындық №65 мектеп.

Бөрлі: Ақсай қаласындағы М.Ихсанов көшесіндегі 300 орындық №1 мектеп, Ақсай қаласы 13 ш.а. 900 орындық №7 мектеп, Пугачев ауылындағы 300 орындық мектеп.

Бәйтерек: 1200 орынға мектеп  Достык ауылы, Трекино ауылындағы 600 орындық мектеп.

367 мектепте (298 – ауылдық мектептер, 69 – қалалық мектептер) және 30 колледжде мемлекеттік білім беру тапсырыстары орналастырылған.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тапсырыстар орналастырылған: 147 балабақша, 62 мектеп- балабақша, 169 шағын орталық, 285 мектепалды даярлық топта және 179 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымында.

Ағымдағы жылы "Еуразия" туристік кешенін күрделі жөндеуге және абаттандыруға 701,0 млн теңге бөлініп, толықтай игерілді.

Денсаулық сақтау саласына 16,2 млрд. теңге бағытталды.

Қаржыландыру екі мемлекеттік мекемеге жүзеге асырылуда: «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйі және «Арнайы медициналық жабдықтау базасы».

Сондай-ақ, облыстың жергілікті өкілді органдарының шешімімен қаражат келесі мақсаттарға бағытталды: 155 медициналық қызметкерді жұмысқа жолдауға — оның ішінде ауылдық жерлерге (100 ең төменгі жалақы мөлшері – 8,5 млн.) 105 адам және қалалық жерлерге (60 ең төменгі жалақы мөлшері – 5,1 млн.) 50 адам.

Ағымдағы жылы денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлініп, игерілді.

Келесі нысан бойынша жұмыстар аяқталды:

- "Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК күрделі жөндеу;

- Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеу;

- Қаратөбе ауданы Сәуле ауылындағы медициналық пункт ғимаратын күрделі жөндеу;

- "Облыстық онкологиялық диспансер"ШЖҚ МКК өтпелі галереясы мен қазандығы бар радиологиялық бөлімшені күрделі жөндеу;

- "Қаратөбе аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу;

- "Бөкей ордасы аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу;

- "№1 қалалық емхана " ШЖҚ МКК ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ түзету;

Әлеуметтік қамсыздандыруға 26,6 млрд. теңге бағытталды.

Қарттар мен мүгедектерге арналған 12 медициналық-әлеуметтік ұйымдарды қаржыландыру жүзеге асырылады.

2025 жылдан бастап Орал қаласында 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығы жұмыс істей бастады.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласына 38,1 млрд. теңге бағытталды.

2 облыстық театр, 2 концерт ұйымдары, 2 мәдениет және өнер орталығы, 2 облыстық музейі 18 музей филиалдарымен, 3 облыстық кітапхана және 1 мемлекеттік мұрағат 13 аудандық филиалдары қызметін қаржыландыру жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы мәдениет нысандарын күрделі жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлініп, игерілді.

Келесі нысандар бойынша жұмыстар аяқталды:

- БҚО әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының "Островский атындағы драма театры" ғимаратын ғылыми-реставрациялау жұмыстары (күрделі жөндеу) ;

- Шолохов мұражайын күрделі жөндеу;

- БҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат управления басқармасының "Облыстық Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры" МКҚК ғимаратының ғылыми-реставрациялық жұмыстары".

Тұрғын үй-коммуналдық салаға 85,7 млрд. теңге бағытталды.

2025 жылы 4 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды (Орал қаласында-3, Теректі ауданында -1), 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2026 жылға ауыспалы (Орал қаласы, Бөрлі және Теректі аудандарында , сондай-ақ 580 пәтер, оның ішінде республикалық бюджеттен 210 пәтер және МБҚ арқылы 370 пәтер сатып алу алынды.

2025 жылы 5 тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу жұмыстары аяқталды (Орал қаласы мен Ақжайық, Бөрлі және Теректі аудандары). 8 тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу жұмыстары 2026 жылға ауыспалы ( Орал қаласы және Теректі ауданы)

Барлығы 16 жоба бойынша 16 ауылдық елді мекен сумен жабдықталды (Ақжайық, Бөрлі, Байтерек, Қаратөбе, Теректі  және Шынғырлау аудандарында)

Сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде МБҚ есебінен жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялауға және құрылысына 6,0 млрд.теңге сомасында 9 жоба басталды.

Орал және Ақсай қалаларында коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша 21 жоба, Орал қаласында сумен жабдықтау және су бұрудың 5 жобасы іске асырылуда. Елдi мекендердi газдандыру бойынша 5 жоба.

Сонымен қатар, энергетика саласында 15 жоба бойынша жұмыстар басталды.

Ауыл шаруашылығына, ветеринарияға және қоршаған ортаны қорғауға 73,2 млрд. теңге бағытталды.

Ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін ауыл халқына микрокредиттер беруге 5,5 млрд. теңге қарастырылды. Үміткерлерге 5 жылға дейінгі мерзімге, ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу жобалар үшін 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5% - дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ең жоғары сомасы 9,8 млн. теңгеге дейін микрокредиттер беріледі. Әкімшісі-облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы.

Агроөнеркәсіптік кешен жобаларын несиелендіру мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 13 млрд.теңге қарастырылды, оның ішінде 10 млрд.теңге республикалық бюджеттен кредиттер есебінен және 3 млрд.теңге жергілікті бюджет қаражаты есебінен. Несиелер ауыл шаруашылығы саласында жаңа жобаларды құруға және жұмыс жасап тұрған жобаларды кеңейтуге бағытталған.

Көлік саласында 63,5 млрд. теңге бағытталды.

Көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 12 млрд.теңгеге 2 жоба жүзеге асырылды.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу қамтамасыз етілді.

Көлік саласындағы 69 жобаны іске асыруға аудандар мен Орал қаласының бюджеттеріне 24,1 млрд. теңге аударылды.

Облыстық маңызы бар көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру шеңберінде 14,4 млрд.теңгеге 6 жоба іске асырылды.

2 теміржол ("Орал-Таловая", "Орал-Шыңғырлау") және 20 әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын субсидиялаумен қамтылды.

Кәсіпкерлікті қолдауға 2,4 млрд. теңге бағытталды.

Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шеңберінде 68 кредиттік шарт бойынша төлемдер жүзеге асырылды.

21 кредиттік шарт шағын және орта бизнеске кредиттерге ішінара кепілдік берумен қамтамасыз етілген.

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне 30 грант беру жоспарлануда.

Қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке 20,2 млрд. теңге бағытталды.

Аттестатталған құрам аппаратын, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, азаматтық қызметшілерді және штаттан тыс жұмыскерлерді ұстауға, тұрғын үй төлемдерін төлеуге, материалдық-техникалық жабдықтауға, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеуге, жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға, аумақтық қорғанысты дайындауға қаражат бөлінді.

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы

«Ауыл - Ел бесігі» жобасының басты мақсаты - өмір сүру сапасын жақсарту және ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру ортасын құру.

Жоба аясында ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

Мәселен, осы жоба шеңберінде іс-шараларды іске асыру үшін есепті жылы 27 ауылды қамти отырып, 13 млрд.теңге бағытталды. 20 жоба аяқталды, 10 жоба ағымдағы жылға ауысады.

Документы
Есеп
09 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы
Бюджеттік кредиттеу және кірістер бөлімі
2026 жылғы 1 қазанға облыстың бюджетінің және облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
Анықтама
06 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы
Экономикалық талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімі
Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
Ақпарат
16 сентября 2026
Бюджеттік кредиттеу және кірістер бөлімі
2027-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫНА БЮДЖЕТТІК ШОЛУ ЖҮРГІЗУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫМДАР
Новости
Полезные материалы
Бюджет
2023-2025 жылдарға азаматтық бюджет (бюджетке дейнгі)
Халық қатысу бюджетін іске асыру туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Нақты секторын дамыту бөлімі
Мемлекеттік басқару органдары және құқық қорғау органдарын дамыту бөлімі
Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Сұрақ: "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларын кімдер ала алады?

Жауап: Бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру, тұрғын үй сатып алуға және қүрылысына бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді.


Бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру, тұрғын үй сатып алуға және қүрылысына бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді.

Тізбе Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады. Әлеуметтік қолдау үш бағыт бойынша іске асырылады:

1)көтерме жәрдемақы ұсыну,

2)тұрғын үй салуға бюджеттік кредит ұсыну,

3)тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит ұсыну. Әлеуметтік қолдау шаралары "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес көрсетіледі. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында (бұдан әрі – Портал) тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде: нысан бойынша өтініш; білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: нысан бойынша өтiнiш; білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi; неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); Кредиттік бюродан есеп электрондық көшірмесі;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: нысан бойынша өтiнiш;
білім туралы диплом (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi; неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (ақпараттық жүйеде ақпарат болмаған жағдайда); Кредиттік бюродан есеп электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 6 жұмыс күні. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.


"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасы.

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы.

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы