Меню

Страницы

Статья

Физмат бастауыш мектебі

Құрметті Орал қаласының ата-аналары!


Fizmat Primary Uralsk Батыс Қазақстан өңіріндегі ҚР Мемлекеттік білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейтін, сондай-ақ математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін жағдай жасайтын алғашқы бірегей мектеп болып табылады. Мектеп халықаралық деңгейдегі қол жетімді және сапалы білім ұсынады. Оқу процесі Республикалық физика-математика мектебінің бағдарламалары негізінде жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ қазіргі заманғы ресурстарды, үздік ұлттық және әлемдік білім беру практикаларын пайдалануды көздейді. Мектеп әр баланың жеке бейімділігі мен танымдық қызығушылықтарын ескере отырып, сапалы білім алу үшін жағдай жасауға тырысады. Оқыту бағдарламасына жобалау - зерттеу қызметі біріктірілген, ол білім алушылардың шешімдерді өз бетінше ізденуіне ынталандырады және олардың шығармашылық және талдамалық қабілеттерін дамытады. Fizmat Primary Uralsk-да ұсынылған бірегей қосымша білім беру бағдарламасы логиканы, танымдық қабілеттерді дамытуға бағытталған және тек оқу дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар әр баланың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашуға да ықпал етеді. Қосымша білім беру бағдарламасы келесі курстардан тұрады: олимпиадалық математика, сингапур математикасы, ағылшын тілін үйренудің авторлық бағдарламасы (art &reading), роботехника, шахмат және т.б.

Мектеп қазақ немесе орыс тілінде оқытатын 1-2 сынып оқушыларын конкурстық іріктеуге тіркеуді жүргізеді www.fizmatprimary.kz.


Сынақ тапсыру күні: 12 маусым 2021 ж. – 1- сынып (әңгімелесу)
13 маусым 2021 ж. – 2- сынып (тест)


Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз +7 777 529 77 67 (қабылдау комиссиясы) немесе primary@fizmat.kz
FIZMAT FIZMAT PRIMARY PRIMARY SCHOOL SCHOOL SCHOOL

Дата публикации
07 июня 2021
Дата обновления
07 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы