Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім беру

 

 «2025 жыл. Батыс Қазақстан облысы білім саласының  білім жетістіктері»


         2025 жыл Батыс Қазақстан облысының білім беру саласы үшін маңызды жетістіктермен ерекшеленді. Облыста 32 мыңнан астам баланы қамтитын 556 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 378-і мемлекеттік, 178-і жекеменшік. 2024 жылы бұл көрсеткіш 548 ұйымды құрап, оның 383-і мемлекеттік, 165-і жекеменшік болған. Ағымдағы жылы 2382 орынға арналған 31 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды, ал 2024 жылы 3687 орын пайдалануға берілген.

          2025 жылы республикалық конкурстарға қатысу нәтижесінде Орал қаласындағы №3 «Зерде» балабақшасының тәрбиешісі Дингуатова Альфия Ильдусовна «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» байқауында III орынды иеленді, ал Орал қаласындағы №9 «Еркем-ай» балабақшасының әдіскері Арышева Арай Талгатовна «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байқауында III орынды иеленді.

          Облыста 381 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оның 362-і күндізгі мемлекеттік білім беру ұйымы, 2 кешкі мектеп, 14 жеке, 3 арнайы мектеп бар. Оқушылар контингенті 126 221 оқушыны құрайды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 білім беру ұйымына және оқушылар саны 1579 оқушыға артқан.

          Облыс оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті. Оразбай Жәутіков атындағы олимпиадада 1 қола медаль, Өмірбек Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары конкурсында 1 күміс және 1 қола медаль, Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиадада 1 күміс және 1 қола медаль, информатикадан XVII Еуразиялық олимпиадада 3 қола медаль иеленді.

          Республикалық деңгейде жаратылыстану-математикалық бағыттағы Президенттік олимпиадада 1 күміс медаль, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада 19 медаль, жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалары конкурсында 12 медаль, 2–7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсында 3 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алынды.

          Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Батыс Қазақстан облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда – 2025» атағына ие болып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыс командасының қоржынында 6 алтын, 5 күміс, 8 қола медаль бар.

           Казталов ауданы Кенжебек Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Абуханова Саида «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» атағына ие болды. Ауыл мектептерінің оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Батыс Қазақстан облысы «Үздік олимпиадалық команда» II дәрежелі дипломмен, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы облыс командасының қоржынында 4 алтын, 9 күміс, 18 қола медаль бар.

            Республикалық олимпиаданың жүлделі кезеңінде облыстың 6 мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарына енді. Олар: дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Казталов ауданы Айман Оразбаева және Кенжебек Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептер, Орал қаласындағы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия.

Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінде педагогикалық кадрлар – басты құндылық. Облыс мектептерінде 15 524 педагог жұмыс істейді, оның 14 067-сі, яғни 91 пайызы жоғары білімді. 1 003 педагогтің магистр дәрежесі бар. Педагогтардың кәсіби санаттары білім сапасының артуын айқындайды: педагог-модератор санатында 5 075 мұғалім, педагог-сарапшы – 4 316, педагог-зерттеуші – 2 722, педагог-шебер – 101. Жаңа форматта аттестаттаудан өткен педагог саны – 12 252, бұл жалпы педагогтардың 79 пайызын құрайды.

Облыс педагогтерінің елеулі қызметі мемлекеттік марапаттармен бағалануда. «Құрмет» орденімен Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиешісі Хамзина Шынар Габдсаматовна, ардагер ұстаз Нәбия Тілепбергенова марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерментаева Әсел Саткановна, Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейінің директоры, математика пәнінің мұғалімі Бисалиева Аққаным Талапқызы, «Мақсат» Орал жоғары медициналық колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Хамзина Аягөз Орынбаевна, Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Алиева Салима Темирбулатовна марапатталды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша байқаудың облыстық кезеңіне барлығы 25 педагог қатысты. Іріктеу нәтижесінде 8 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының 5 педагогі «Үздік педагог» атағына ие болды.

Жалпы білім беретін ұйымдар бойынша жеңімпаздар қатарында Шыңғырлау ауданы Лұқпан Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сапашева Эльмира Ибрагимовна, Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Имашева Динара Иманбаевна, осы білім ордасының тарих пәнінің мұғалімі Әлмұқан Асқар Сатыбайұлы, Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ажкеева Гаухар Алтынбековна, Орал қаласы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы бар.

2020 жылдан бері облыс әкімінің қаулысымен «Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі иегерлері анықталып келеді. Биылғы жылы Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Мусагалиева Гулмирам Куанышовна аталған төсбелгінің иегері атанды.

Педагог – ұрпақ тәрбиесінің өзегі, білім сапасының негізі. Батыс Қазақстан облысының педагогикалық кадрлары – өңірдің тұрақты дамуы мен болашақ жетістіктерінің берік тірегі.

ҚР Президенті 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Облысымыз аталған жылда ауқымды шаралар мен жетістіктерге толы жыл болды. Облыстың кәсіптік білім беру жүйесінде 15 мыңнан астам білім алушы контингенті бар 35 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны жұмыс жасайды, оның 26-сы мемлекеттік және 9-ы мемлекеттік емес колледждер. Облыстың 2 колледжінде жалпы білім беретін мектептердің 10–11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңақала колледжінде «Есеп және аудит», «Электр жабдықтары», Мұстахым Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде «Дәнекерлеу ісі» бойынша 70 білім алушы бірінші мамандықтарын игеруде.

Колледждер базасында 4 «Бизнес Стартап» студенттік орталықтары ашылды. Орал ақпараттық колледжінде 10 млн теңге, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде 12 млн теңге көлеміндегі қаражатқа спорт алаңдары орнатылды. Ақсай техникалық колледжінің дәнекерлеу ісі бойынша оқу-тренинг орталығы Қарашығанақ петролеум оперейтинг компаниясының демеушілігімен 264 млн теңге көлемінде құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

3–9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan 2025» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында облысымыздан 36 құзыреттілік бойынша 42 қатысушы бақ сынады. Нәтижесінде «Цифрлық модельдеу» құзыреттілігі бойынша Орал «Сервис» технологиялар колледжі 1 күміс медальға, яғни 2 орынға ие болды. «Бейнемонтаж» құзыреттілігі бойынша Орал ақпараттық технологиялар колледжі 1 қола медальмен, 3 орынмен марапатталды. Сонымен қатар облыс командасы 11 үздік медальон иеленді.

Кәсіптік білім беру жүйесі – еңбек нарығына білікті маман даярлаудың берік негізі. Облыс колледждерінің жетістіктері жастардың кәсіби әлеуетін арттырып, өңірдің экономикалық дамуына серпін беруде.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алу мүмкіндігін жүзеге асыру – Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Инклюзивті білім беру бойынша 5 651 бала барлық ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар санының 75,5%-ын құрайды. Ағымдағы жылы 2 жалпы білім беретін мектеп жанынан – Орал қаласының №52 мектеп-гимназиясы және Тасқала ауданы, Қаныш Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия – инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды.

Қосымша білім беру саласында да айтарлықтай нәтижелер бар. 50 қосымша білім беру ұйымында 63 937 оқушы (50,5%) білім алса, қосымша білім беру жүйесінің барлық түрінен 116 254 оқушы (92,1%) қамтылуда. XIII қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстың құрама командасы 3-орынды иеленді.

Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері халықаралық деңгейде өткен беделді жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғады. Америка Құрама Штаттарында өткен «Multi GP» атты ІХ халықаралық «AspanFest» дрон басқару чемпионатында Оқушылар сарайының оқушылары Габдуллин Райымбек пен Есепов Наурызбек жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды.

2025 жылдың тамыз айында Қытай Халық Республикасы, Макао қаласында өткен халықаралық «First Championship» робототехника және инновациялық жобалар чемпионатында Оқушылар сарайының «SubSquad» командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінде балалардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығы осы миссияны жүзеге асырушы басты мекемелердің бірі болып табылады. Ол балаларды робототехника, бағдарламалау, инженерлік жобалар, авиа-дрон мен басқа да техникалық өнер түрлеріне баулу арқылы келешектегі заманауи мамандарды дайындауға зор үлес қосады.

Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығы жанындағы авиа және дрон үйірмесі – бүгінгі таңда тек Қазақстанда емес, халықаралық деңгейде де табысқа жетіп жүрген алдыңғы қатарлы үйірмелердің бірі. Үйірме оқушылардың ішінен ерекше табыстарға жеткен – Нсанбаев Алихан. Ол 2025 жылдың маусым айында өткізілген АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен халықаралық дрон жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, екі жүлделі II орынға ие болды. Қаңтар айында Сауд Арабиясында ұйымдастырылған халықаралық авиа-дрон байқауында да ел намысын қорғап, жүлделі орыннан көрінді. 2025 жылдың қараша айында Дрон-футболдан Қазақстан құрамасы алғаш рет Сингапур, Испания және Өзбекстаннан озып, әлемдегі ең мықты 5 команданың қатарына енді.

Балаларға арналған инклюзивті, техникалық және шығармашылық білім беру бағыттары – облысымыздың білім беру жүйесінің келешекке бағытталған стратегиялық жетістіктерінің айнасы болып табылады.

2025 жылы білім беру мекемелерінде «Заң мен Тәртіп» аясында бірқатар маңызды шаралар өткізілді. Сынып сағаттары, дәрістер мен әңгімелер форматында ұйымдастырылған 367 іс-шараға 126 221 оқушы қамтылды. Ойындар мен викториналар түрінде өткен 67 іс-шараға 1 811 оқушы қатысты. Дебаттар мен дөңгелек үстелдер форматындағы 48 іс-шараға 1 152 оқушы тартылды. Құқық қорғау органдары өкілдерімен ұйымдастырылған 467 кездесу барысында 121 448 педагог, ата-ана және оқушы қамтылды. Шығармашылық байқаулар мен әлеуметтік жобаларға арналған 411 іс-шараға 11 508 бала қатысты.

2025 жылғы 17 желтоқсанда «Заң мен тәртіп – қауіпсіз және сапалы білім беру ортасының негізі» тақырыбында қала мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған жұмыс жиналысы өтті.

«Заң мен Тәртіп» аясында өткізілген бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарында қауіпсіз, жауапты және құқықтық мәдениеті жоғары орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетті.

Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бастама еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды ұлттық жоба болып табылады. Аталған тұжырымдама аясында Батыс Қазақстан облысы және білім беру ұйымдары көлемді, жүйелі әрі ауқымды жұмыстар атқарды.

Облыстың білім беру жүйесінің қаржылық жағдайы 2025 жылы ерекше назар аударуға тұрарлық. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласына 2023 жылы 24 714,6 млн теңге, 2024 жылы 31 546,5 млн теңге, ал 2025 жылы 36 182,7 млн теңге қаржы бөлінді. Орта білім беруге 2023 жылы 113 570,7 млн теңге, 2024 жылы 122 990,2 млн теңге, 2025 жылы 135 084,2 млн теңге қарастырылды. Қосымша білім беруге 2023 жылы 7 208,2 млн теңге, 2024 жылы 7 775,0 млн теңге, 2025 жылы 8 632,8 млн теңге бөлінді. Техникалық және кәсіптік білім беруге 2023 жылы 11 362,9 млн теңге, 2024 жылы 12 481,9 млн теңге, 2025 жылы 14 354,2 млн теңге қаралды. Басқа да шығыстарға 2023 жылы 8 375,2 млн теңге, 2024 жылы 11 943,7 млн теңге, 2025 жылы 16 431,9 млн теңге бөлінді. Барлық салаларды қосқанда облыстың білім беру жүйесіне 2023 жылы 165 232,1 млн теңге, 2024 жылы 186 737,3 млн теңге, ал 2025 жылы 210 685,8 млн теңге қаражат жұмсалды.

Білім беру жүйесін қаржыландыруға орта есеппен облыстық бюджеттердің шамамен 40%-ы, әлеуметтік саланың шамамен 60%-ы көзделеді. 2025 жылы ағымдағы сипаттағы 26 бюджеттік бағдарлама іске асырылды. Облыстың 2025 жылғы нақтыланған білім беру бюджеті 210,7 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 25,0 млрд теңгеге артық. Бюджеттің 204,4 млрд теңгесі немесе 97,1%-ы жергілікті бюджет есебінен және 6,2 млрд теңгесі немесе 2,9%-ы республикалық бюджет есебінен бөлінді.

Облыс бойынша барлығы 1 019 мекеме қаржыландырылады, оның ішінде 616 мемлекеттік білім беру мекемелері бар. Қаржылық қолдау облыс мектептері мен балабақшаларының, колледждердің, қосымша білім беру орталықтарының тұрақты дамуына және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

2025 жылы облыста 10 мектеп салынды. Оның ішінде «Келешек мектеп» бағдарламасы аясында 8 мектеп, «KPO b.v.» компаниясының қаражаты есебінен жүзеге асырылған «Әлеуметтік-инвестициялық жоба» бағдарламасы бойынша 1 мектеп, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» қаражаты есебінен 1 мектеп пайдалануға берілді.

«Келешек мектеп» бағдарламасы аясында Орал қаласы Деркул кентінде 1500 орындық №51 мектеп, Теректі ауданы Подстепное ауылында 1200 орындық мектеп, Орал қаласы Балауса шағынауданында 1500 орындық №52 мектеп, Бәйтерек ауданы Достық ауылында 1200 орындық мектеп, Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында 600 орындық мектеп, Бөрлі ауданы Пугачево ауылында 300 орындық мектеп, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Иксанов көшесінде 300 орындық №1 мектеп, Орал қаласы Жәңгірхан көшесінде 600 орындық №53 мектеп салынды.

«Әлеуметтік-инвестициялық жоба» бағдарламасы бойынша Казталов ауданы Қоныс ауылында 60 орындық шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» қаражаты есебінен Орал қаласында дарынды балаларға арналған 400 орындық №8 облыстық мамандандырылған мектеп салынды.

Аталған мектептердің салынуы нәтижесінде апатты жағдайдағы 3 мектеп, үш ауысымда оқыту бойынша 6 мектеп, орын тапшылығы бойынша 1 мектеп мәселелері шешімін тапты.

2025 жылы Мемлекет басшысының 02.09.2024 жылғы тапсырмасына сәйкес «1300 мектепті жаңғырту» бағдарламасы аясында облыста 6 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылындағы Лұқпан Қылышев атындағы мектеп, Ақжайық ауданы Базаршолан ауылындағы Ғұмар Махамбетов атындағы мектеп, Қазталов ауданы Қараөзен ауылындағы «Қараөзен мектеп-лицейі», Жаңақала ауданы Көпжасар ауылындағы Дина Нұрпейісова атындағы мектеп, Бәйтерек ауданы Белес ауылындағы Белес мектеп-балабақшасы, Сырым ауданы Қоңыр ауылындағы Алтын Жұмағалиева атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтті.

Жаңа мектептердің салынуы мен қолданыстағы білім беру ұйымдарының жаңғыртылуы облыстың білім беру инфрақұрылымын нығайтып, оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы білім алу жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Документы
Құжат
14 января 2026
Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
БІЛІМ БЕРУ
Шешім
21 августа 2025
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының ШЕШІМІ
Кесте
19 августа 2025
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі
Әңгімелесу және эссе өткізу КЕСТЕСІ
Новости
Полезные материалы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды
Білім беру
Техникалық және кәсіптік білім беру
Медиагалерея
События
26 декабря
«ТехноSTART» техникалық шығармашылығы қашықтық фестивалі
22 декабря
«Робоәлем - 2020» білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері арасындағы қашықтық байқауы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Сұрақ: Балабақшаға кезекке қалай тұруға болады?

Жауап: Балабақшаға кезекке тұру үшін egov.kz немесе жергілікті балабақшаға арналған порталға (мысалы, balabaqsha.snation.kz) кіріп, баланың деректерін енгізіп, өтініш беру керек. Содан кейін жүйе автоматты түрде кезекке тұрады.


Балабақшаға кезекке тұру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
Порталға кіру: egov.kz немесе жергілікті балабақшаға арналған порталға (мысалы, balabaqsha.snation.kz ) кіріңіз.
Өтініш беру: Порталда баланың жеке мәліметтерін (туған күні, аты-жөні, ата-анасының мәліметтері) толтырып, балабақшаға қабылдау үшін өтініш беріңіз.
Кезекке тіркелу: Өтінішті бергеннен кейін жүйе автоматты түрде баланы кезекке тіркейді. Кезекке тұру барысында баланың жасына және балабақшадағы бос орындарға байланысты кезек нөмірі беріледі.
Қажетті құжаттар: Өтініш бергеннен кейін балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттарды (баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының жеке куәлігі, денсаулық жағдайы туралы анықтама) ұсыну қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні ішінде өңделеді.
Өтініш беру тәсілдері:
- "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-Портал);
- ақпараттандыру объектілері.
Байланыс деректері: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы

📍 Мекен-жайы: Орал қаласы, Есқалиева көшесі, 72

📞 Телефон: 8 (7112) 26-04-65


Сілтеме НҚА: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрығы "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы"

Сұрақ: Тегін ыстық тамақпен қандай санаттағы балалар қамтылады?

Жауап: Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылатын балалардың санаты келесідей: 1-4 сынып оқушылары — барлық бастауыш сынып оқушылары. Әлеуметтік осал топтағы балалар — аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.


Облыстың мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі келесі санаттағы тәрбиеленушілердің тамақтану шығындары толық көлемде өтеледі:
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
3. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар;
4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар.
Мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылатын балалар: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысының барлық бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы
17 қыркүйектегі № 754 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылды. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылатын балалардың санаты нақты белгіленіп, әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы, 

Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрлігі 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы, "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы"

Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 156 қаулысы "Батыс Қазақстан облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтану шығындарын өтеу туралы"

Сұрақ: Мектеп жасына дейінгі бала балабақшаға 7 жасқа дейін немесе 1-сыныпқа бармас бұрын бара ала ма?

Жауап: Мектеп жасына дейінгі бала балабақшаға 7 жасқа дейін немесе 1-сыныпқа бармас бұрын бара алады. Бұл ретте ата-аналардың қалауы бойынша, бала 6 жасқа толғаннан кейін де балабақшада қалуы мүмкін. Алайда, 6 жасқа толған бала мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша балабақшада тәрбиеленуі тиіс. Егер бала 6 жасқа толғаннан кейін балабақшада қалса, ол мектепалды даярлық бағдарламасын меңгеріп, 1-сыныпқа қабылдануы тиіс. Бұл ретте бала 7 жасқа толған кезде 1-сыныпқа қабылданады.


Мектепке дейінгі оқыту балаларды мектепте оқуға мектепалды даярлау түрінде бес жастан бастап жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі топтар күнтізбелік жылға толық 5 жасқа толған балалардың жасын ескере отырып, оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымда қалыптастырылады.
Мектепалды топтың оқу бағдарламасының мазмұнын игеру мерзімі (және балабақшаның барлық топтарында: бөбекжай, кіші және орта) 1 жылды құрайды.
Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдарға мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою ағымдағы күнтізбелік жылға толық жылдарға жетуді ескере отырып, 6 жасқа дейін жүзеге асырылады. Мысалы, мектепке дейінгі егер бала ағымдағы жылы желтоқсан айында 6 жасқа толса, онда оған мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берілмейді.
1-сыныпқа алты жастан бастап балалар оқуға қабылданады.


Сілтеме НҚА:



Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы