Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 2378,1 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 93,9% құрады, оның ішінде:
тау-кен өндірісі саласында – 2105,4 млрд. теңге, 92,7%;
өңдеу саласында – 215,4 млрд. теңге, 108,9%;
электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 49,3 млрд. теңге, 86,0%;
сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 8,0 млрд. теңге, 102,3%.
Газ өндіру көлемі 19496,1 млн. текше метр құрады, бұл 2018 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,5%-ке аз, газ конденсаты – 11565,6 мың тонна немесе 7,4%-ке аз.
Дайын металл өнімдердің өндірісі 12710,4млн. теңге құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 1,7 есеге көп.
Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 27836,4 млн. теңге құрады, бұл 57,7%-ке көп. Болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар, іші қуыс жіксіз профильдер – 11,2%-ке, легірленбеген (көміртегі) болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі 3,3 есеге көбейді.
Машина жасау саласында 44094,7 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 30,4%-ке көп.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 26951,3 млн. теңге құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 25,3%-ке аз. Газойл (дизель отыны) өндірісі 43,1%-ке азайды.
Өзге металл емес минералдық өнімдердің өндірісі 7,5%-ке азайып, 15633,6 млн. теңгені құрады. Тауарлы бетон өндірісі 40,0%-ке, құрылыс мақсаттарына арналған бетон өнімдері – 1,6%-ке азайды.
Тамақ өнімдері 68908,0 млн. теңгеге өндірілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезең деңгейінен 5,0%-ке көп.
Басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық 0,2%-ке, жаңа піскен нан өндірісі – 0,8%-ке, өңделген сұйық сүт және кілегей – 14,4%-ке, қалбырдағы ет – 26,1%-ке, ет және тағамдық қосымша өнімдері – 36,3%-ке, ірімшік пен сүзбе өндірісі – 49,0%-ке, шұжық және ет өнімдерінен алынған ұқсас өнімдер – 53,0%-ке өсті.
2019 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 78 жұмыс орын құрылумен 2,9 млрд. теңгеге 5 жоба іске қосылды, соның ішінде:
Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 584,0 млрд. теңге құрады, бұл 2018 жылдың тиісті деңгейінен 24,5%-ке көп.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 26,2 млрд. теңге құрады немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 25,7%-ке аз.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 21,3 млрд. теңге құрады немесе 12,2%-ке аз.
Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 89,4% тиесілі немесе 522,3 млрд. теңге, бұл 19,6%-ке көп.
Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 12,1 млрд. теңге (2018 жылдың тиісті кезең деңгейінен 2,2 есеге көп), қарыздар есебінен 2,0 млрд. теңге құрады (2 есеге көп).
485,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейінен 12,2%-ке көп.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 173,1 млрд. теңге құрады немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейінен 25,3%-ке көп.
Көлік. 39,9 млн. тонна жүк және 429,0 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2018 жылдың қаңтар-желтоқсанына сәйкесінше 101,2% және 101,0%.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 169,5 млрд. теңге құрады немесе 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейіне 106,4%.
96,9 мың тонна ет (тірі салмағында) өндірілді немесе 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейіне 104,6%, сүт – 236,5 мың тонна (100,8%), жұмыртқа – 181,5млн. дана (105,4%).
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мүйізді ірі қара мал саны -4,3%-ке (оның ішінде сиыр – 8,2%-ке), жылқы – 7,2%-ке көбейді.
Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 324,9 млрд. теңге, 2018 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,4% құрады.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 105,3% құрады (республикалық көрсеткіш – 105,4%).
Азық-түлік тауарларының бағасы 9,4%-ке өсті. Тоқаш және кондитер өнімдері 4,4%-ке, май және тон май – 4,8%-ке, жеміс пен көкөніс – 5,3%-ке, сүт өнімдері – 7,0%-ке, макарон өнімдері – 8,3%-ке, алкоголь сусындар – 8,5%-ке, алкогольсіз сусындар – 9,7%-ке, балық және теңіз өнімдері – 9,9%-ке, ет және құс – 11,9 %-ке, темекі өнімдері – 14,7%-ке, жұмыртқа – 15,9%-ке, жарма – 23,9%-ке, ұн – 29,4%-ке, нан – 30,4%-ке, күріш – 33,9%-ке өсті. Қант бағасы 22,3%-ке арзандады.
Азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 104,8% құрады. Тұрмыстық бұйымдар бағалары 4,0%-ке, жеке пайдалануға арналған тауарлар – 5,2%-ке, асхана құралдары – 5,7%-ке, үйге қажетті заттар – 5,8%-ке, фармацевтикалық өнімдер – 6,0%-ке, киім және аяқ киім – 6,7%-ке, жуғыш және тазалағыш құралдар - 7,3%-ке, қатты отын – 7,6%-ке, автокөліктер – 8,7%-ке, шыны және қыш бұйымдар – 11,4%-ке қымбаттады. Бензин 5,1%-ке арзандады, дизель отыны 0,7%-ке қымбаттады.
Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 100,9% құрады. Құқықтық және көлік сақтандыру - 5,0%-ке, тұрмыстық заттарды жөндеу – 5,1%-ке, амбулаториялық қызметтер – 10,8%-ке, медициналық қызметтер – 22,3%-ке қымбаттады. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметі 3,2%-ке, жолаушылардың әуе көлігі қызметі 22,8%-ке арзандады. Салқын суға тариф желілер бойынша таратылатын табиғи газ 3,5%-ке, ағынды суларға – 7,2%-ке, ыстық су және орталықтан жылытуға 8,9%-ке, қоқыс шығару – 10,2%-ке арзандады.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 42,8 мың бірлікті құрады, бұл 2018 жылғы тиісті кезең деңгейінен 6,8%-ке көп.
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 118,3 мың адамды құрады немесе 2018 жылдың 1 қазан деңгейінен 4,3%-ке көп.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 1186,4 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2018 жылғы тиісті кезең деңгейіне 109,3%.
2019 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 1763,7 млрд. теңге бөлініп, игерілді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1477,7 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 194,0 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн. теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар - 45,0 млн.теңге.
Құзіретті органның шешімімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 19,4 млрд. теңгеге 145 жоба мақұлданды.
Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 5,4 млрд. теңге қарастырылды.
Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 371,0 млрд. теңге жиналды (болжамға 101,7%), бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейінен 22,2%-ке көп.
Республикалық бюджетке түсімдер 280,0 млрд. теңгені құрады (болжамға 100,5%), бұл 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейінен 29,3%-ке көп.
Жергілікті бюджетке 91,0 млрд. теңге түсті (болжамға 105,5%), бұл 4,5%-ке көп.
Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2019 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 626,0 млн. теңгеге азайып және 2004,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 1301,8 млн. теңге (652,8 млн. теңгеге көп), жергілікті – 702,5 млн. теңге (26,9 млн. теңгеге көп).
Еңбек нарығы. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 4715 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,4% құрады.
2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 12791 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 2646, өнеркәсіпте – 267, құрылыста – 1751, көлік және қоймалауда – 216, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 717, білім беру – 103, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 50, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 2159, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 4882. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 7576 (59,2%) – ауылдық жерде.
20920 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 5074 адам жіберілді.
Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1714 адам жолданды, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында – 1383 адам.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 992 адам орналастырылды, соның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында – 704 адам.
Кедей отбасылардың саны 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12501 отбасыны құрады.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық еңбекақы 177 641 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 17,3%-ке көп.
Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 388 мектепті құрады (107609 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 385 (107349 оқушы), мемлекеттік емес – 3 (260 оқушы). 379 күндізгі мектеп (106530 оқушы), 3 кешкі ауысымды мектеп (222 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (597 оқушы) жұмыс істейді.
Облыста 212 балабақша, 60 «мектеп-балабақша» кешені және 235 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 30,1 мың бала немесе 79,0%, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.
50 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 54,2 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 50,9% құрайды.
3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда 124 отбасында 173 бала патронаттық тәрбие алуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 17,6 мың адам оқитын 36 бірлік құрайды, соның ішінде 26 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.
Білім беру саласының 2019 жылғы бюджеті 73,1млрд. теңгені құрады.
Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15088 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.
Денсаулық сақтау. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрайды.
Облыста 1701 дәрігер және 6308 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.
3533 бюджеттік кереует орын бар.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нәресте өлімі (1000 мың тірі туылғанға) – 0,9%-ке, жалпы өлім (1000 тұрғынға) – 3,0%-ке, туберкулезбен ауру (100 мың тұрғынға) 1,0%-ке төмендеді. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында 1 ана өлімі уақиғасы тіркелді.
Денсаулық сақтау саласының 2019 жылғы бюджеті 4,5 млрд. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 1,1 млрд. теңге.
Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 717 нысан құрайды, соның ішінде 377 кітапхана, 269 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 22 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 7 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығармашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.
Мәдениет саласының 2019 жылғы бюджеті 7,6 млрд. теңгені құрады.
Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1682 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 17 спорт кешені, 293 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 96 ату тирі, 1084 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 6 хоккей корты.
Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.
Дене шынықтыру және спорт саласының 2019 жылғы бюджеті 5,3 млрд. теңгені құрады.