ҚосымшаҚазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 171 086 136 мың теңге:
салықтық түсімдер – 40 647 871 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 304 197 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000мың теңге;
трансферттер түсімдері – 130133 068мың теңге;
2) шығындар – 165 742 220 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 12 303 365мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 18 950 709 мыңтеңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 647 344 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 307 755мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 1 307 755мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -8 267 204 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
8 267 204 мың теңге:
қарыздар түсімі – 14 945 795 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 678 591 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
1) 2020 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 63 699 643 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:
инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 2 276 560 мың теңге;
ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 2 217 493 мың теңге;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 100 000 мың теңге;
саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 2 837 мың теңге;
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған мерекелік
іс-шараларды өткізуге – 7 714 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 2 026 674 мың теңге;
балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 339 000 мың теңге;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 2 763 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 62 086 мың теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 163 104 мың теңге;
ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге – 44 944 мың теңге;
техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге –
88 333 мың теңге;
Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 1 150 мың теңге;
мүгедектерді әлеуметтік қолдауға – 421 615 мың теңге;
кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 36 120 мың теңге;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға - 616 мың теңге;
жалақыны ішінара субсидиялауға – 203 995 мың теңге;
жастар практикасына – 676 005 мың теңге;
NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға - 244 952 мың теңге;
ақпараттық жұмысқа – 1 760 мың теңге;
мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге – 584 070 мың теңге;
жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 9 707 мың теңге;
мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 1 059 695 мың теңге;
мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 149 613 мың теңге;
орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 804 851 мың теңге;
мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 8 925 225 мың теңге;
мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге -4 330 507 мың теңге;
«Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға – 1 293 248 мың теңге;
мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 933 670 мың теңге;
мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге –
81 093 мың теңге;
көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 86 298 мың теңге;
медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуге – 506 мың теңге;
қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 186 976 мың теңге;
вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 018 264 мың теңге;
саламатты өмір салтын насихаттауға – 89 659 мың теңге;
ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 622 мың теңге;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдык айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 152 943 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 1 517 642 мың теңге;
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 39 000 мың теңге;
көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға –
7 416 256 мың теңге;
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 434 397 мың теңге;
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 3 424 763 мың теңге, соның ішінде:әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салуға – 1 324 763 мың теңге, аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 2 100 000 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 861 865 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 4 702 032 мың теңге;
газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 176 211 мың теңге;
жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 971 493 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндешағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 305 001 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 248 486 мың теңге;
индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 3 025 784 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберіндеауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 114 969 мың теңге;
көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 822 248 мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге – 3 879 990 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер беруге – 2 246 723 мың теңге;
облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 500 000 мың теңге;
кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беруге – 458 283 мың теңге;
облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беруге – 616 418 мың теңге;
облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беруге – 218 414 мың теңге.
1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығыаудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Бөрлі – 17,4%; Орал қаласы – 72,5%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;
2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығыаудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Бөрлі, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;
3) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатынжеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Бөрлі –17,4%; Орал қаласы – 72,5%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;
4) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Бөрлі – 16,1%; Орал қаласы – 71,7%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.
Ақжайық ауданы – 6 371 318 мың теңге;
Бөкей ордасы ауданы – 3 135 136 мың теңге;
Жаңақала ауданы – 3 540 486 мың теңге;
Жәнібек ауданы – 3 322 980 мың теңге;
Бәйтерек ауданы – 5 694 244мың теңге;
Казталов ауданы – 5 688 590 мың теңге;
Қаратөбе ауданы – 3 587 877 мың теңге;
Сырым ауданы – 3 845 412 мың теңге;
Тасқала ауданы – 3 455 687 мың теңге;
Теректі ауданы – 6 094 144 мың теңге;
Шыңғырлау ауданы – 3 178 318 мың теңге.
3 109 461 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;
8 214 405 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.
Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
|
Сессия төрағасы |
|
С. Потиченко |
|
Мәслихат хатшысы |
|
М. Құлшар |