Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 1190,6 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 102,4% құрады, оның ішінде:
тау-кен өндірісі саласында – 1017,4 млрд. теңге, 102,5%;
өңдеу саласында – 128,3 млрд. теңге, 98,8%;
электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 39,6 млрд. теңге, 106,7%;
сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 5,4 млрд. теңге, 109,7%.
Газ өндіру көлемі 14266,8 млн. текше метрді құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 3,1%-ке артық, газ конденсаты – 8427,9 мың тонна немесе 3,0%-ке артық.
Химиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1889,5 млн.теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың сәйкес деңгейінен 2,0 есеге артық.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 13534,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 3,9% - ке көп.
Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 7111,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 7,8% - ке көп.
Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 11979,2 млн. теңгені құрайды, бұл 15,1% - ке аз. Легірленбеген болаттан жасалған қабырғалы парақтар өндірісі 16,9% - ке көп.
Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 3,8% - ке артып, 11979,2 млн.теңгені құрады. Құрылыс мақсаттарына арналған бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі 11,4% - ке артты.
Машина жасауда 26756,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді,бұл 7,9% - ке кем.
Азық-түлік өнімдері 49135,4 млн.теңгеге өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,7% - ке артық.
Ет және тағамдық қосымша өнімдер – 0,7%, консервіленген ет – 3,6%, дәнді дақылдардан жасалған ұн – 7,6%, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық – 8,8%, еттен жасалған шұжық және ұқсас өнімдер – 22,0%, макарон, кеспе, кускус және ұн өнімдері – 32,2% артты.
Жаңа піскен нан 0,3% – ке, ірімшік және сүзбе – 7,4% - ке, өңделген сұйық сүт және кілегей – 19,4% - ке азайды.
2020 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 348 жұмыс орын құрылумен, құны 7,7 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылуда:
"Орал трансформатор зауыты" ЖШС " - қуаты 35-500 кВ трансформаторға арналған панельді радиатор өндірісі ". Құны – 3,9 млрд.теңге. Жұмыс орны – 115;
"Квант" ЖШС – мебель фабрикасы. Құны – 2000 млн.теңге. Жұмыс орны – 100;
"Орал құс фабрикасы" ЖШС - құс фабрикасын кеңейту. Құны – 375,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 6.
"Кублей" ЖШС – теріні қайта өңдейтін цех. Құны – 544,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 20.
«Intelligent Provective System» ЖШС - жеке газталдауыштарды өндіру. Құны – 85 млн.теңге. Жұмыс орны – 7;
«GreenSparkLimited» ЖШС – Күн панельдер өндірісі. Құны – 840 млн.тенге. Жұмыс орны – 100.
Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 291,0 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті деңгейінен 14,8%-ке аз.
Республикалық бюджет есебінен инвестиция 13,6 млрд.тенгені құрады, бұл 23,5%-ке аз.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 18,0 млрд. теңге құрады немесе 44,0%-ке көп.
Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 85,4% тиесілі немесе 248,6 млрд. теңге, бұл 19,0% аз.
Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 2,1 млрд. теңге (2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 37,0%-ке аз), қарыздар есебінен – 8,7 млрд. теңге құрады (11,1 есе).
294,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,4%-ке көп.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 84,9 млрд. теңге құрады немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,3%-ке көп.
Көлік. 23,7 млн. тонна жүк және 125,0 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылдың қаңтар-тамызына сәйкесінше 95,3% және 43,8%.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 105,5 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 103,3% құрады.
Өндірілген ет (тірі салмақта) 59,1 мың тонна немесе 2019 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 104,0%, сүт – 175,9 мың тонна (100,0%), жұмыртқа – 126,5 млн.дана (101,6%).
2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2019 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ІҚМ басы 7,1% - ке (оның ішінде сиыр – 10,8% – ке), жылқы – 13,9% - ке, кой – 1,5% - ке, ешкі – 5,3% - ке, түйе – 1,8% - ке артты.
Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 206,1 млрд. теңге, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 95,0% құрады.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 104,5% құрады (республикалық көрсеткіш – 104,6%).
Азық-түлік тауарларының бағасы 7,3%-ке өсті. Күріш 0,3%-ке, алкогольді сусындарға 4,6%-ке, май мен тоң май – 4,8%-ке, сүт өнімдеріне – 6,2%-ке, балық және теңіз өнімдері – 6,8%-ке, кондитерлік өнімдер – 6,9%-ке, бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 7,0%-ке, ет – 7,4%-ке, темекі өнімдері – 7,7%-ке, макарон өнімдеріне – 8,4%-ке, қант – 8,7%-ке, алкогольсіз сусындар - 10,3%-ке, жемістер мен көкөністер – 11,5%-ке, ұн – 12,5%-ке, жарма – 22,4%-ке қымбаттады.
Жұмыртқаға баға 16,3%-ке арзандады.
Азық-түлік емес тауарларға баға индексі 103,0% құрады. Киім мен аяқ киім 3,4%-ке, кеңсе тауарлары және сызу керек жарақтары – 3,7%-ке, жуғыш және тазалағыш құралдар – 4,1%-ке, басқада құралдар, құрылғылар мен жеке қолданатын тауарлар – 4,4%-ке, тұрмыстық құрылғылар – 5,6%-ке, фармацевтикалық өнімдер – 5,7%-ке қымбаттады. Бензин 1,1%-ке қымбаттады, дизель отыны – 4,8%-ке арзандады.
Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 102,3% құрады. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметі бағасы 0,4%-ке, амбулаториялық қызметтер – 3,2%-ке, тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 6,1%-ке, жолаушылардың әуе көлігі қызметі – 6,4%-ке, электрэнергия – 8,2%-ке, құқықтық және сақтандыру қызметтері - 10%-ке, қоқыс шығару – 48,2%-ке қымбаттады.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 43,1 мың бірлікті құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,2%-ке көп.
2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 104,9 мың адамды құрады немесе 2019 жылдың 1 сәуір деңгейінен 6,3% ке аз.
2020 жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 308,0 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейіне 83,6%.
2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Мемлекетттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 3656,6 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 3094,4 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 476,2 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 47,0 млн. теңге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар – 39,0 млн.теңге.
Құзіретті органның шешімімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 5,6 млрд. теңгеге 100 жоба мақұлданды.
Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 5,2 млрд.теңге бөлінді.
Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 156,8 млрд. теңге жиналды (болжамға 75,2%), бұл 2019 жылдың қаңтар-тамыз деңгейінен 35,0%-ке аз.
Республикалық бюджетке түсімдер 86,2 млрд. теңгені құрады (болжамға 56,8%), бұл 2019 жылдың қаңтар-тамыз деңгейінен 52,6%-ке аз.
Жергілікті бюджетке 70,6 млрд. теңге түсті (болжамға 124,5%), бұл 19,2%-ке көп.
Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 1680,8 млн. теңгеге көбейіп, 3685,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 1903,4 млн. теңге (601,7 млн. теңгеге көп), жергілікті – 1781,7 млн. теңге (1079,2 млн. теңгеге көп).
Еңбек нарығы. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 14925 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 4,4% құрады.
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 14423 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1407, өнеркәсіпте – 110, құрылыс – 811, көлік және қоймалауда – 123, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 347, білім беру – 605, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет – 281, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 1723, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 9016. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 8619 (63,8%) – ауылдық жерде құрылды.
15043 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 6634 адам жіберілді.
Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1239 адам жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 698 адам орналастырылды.
2020 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық еңбекақы 190429 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 11,8%-ке көп.
Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 386 мектепті құрады (112468 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 383 (111448 оқушы), мемлекеттік емес – 3 (260 оқушы). 377 күндізгі мектеп (111448 оқушы), 3 кешкі ауысымды мектеп (202 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (558 оқушы) жұмыс істейді.
Облыста 281 балабақша, 235 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 30,0 мың бала немесе 74,2%, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.
50 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 57,1 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 53,6% құрайды.
3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда 121 отбасында 155 бала патронаттық тәрбие алуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 17,4 мың адам оқитын 34 бірлік құрайды, соның ішінде 24 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.
Білім беру саласының 2020 жылғы бюджеті 109,2 млрд. теңгені құрады.
Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15977 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.
Денсаулық сақтау. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрайды.
Облыста 1687 дәрігер және 6388 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.
3478 бюджеттік кереует орын бар.
2020 жылдың қаңтар-тамызда 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен ауыру-13,0% - ке, туберкулезден өлім – жітім – 11,8% азайды. 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында 3 ана өлімі тіркелді.
Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2020 жылы 6,9 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері – 2,2 млрд. теңге.
Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 701 нысанды құрайды, соның ішінде 368 кітапхана, 263 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 22 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 6 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығармашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.
Мәдениет саласының 2020 жылғы бюджеті 9,8 млрд. теңгені құрайды.
Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1682 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 17 спорт кешені, 293 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 96 ату тирі, 1084 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 6 хоккей корты.
Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.
Дене шынықтыру және спорт саласының 2020 жылғы бюджеті 5,6 млрд. теңгені құрады.