Жер қатынастыры

Жер қатынастыры

Жер қатынастары (2026 жылғы 9 қаңтар жағдайы бойынша)

 

Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 миллион 133 мың гектарды құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 7958,2 мың га (оның ішінде егістік – 623,7 мың га, көпжылдық екпелер – 1,9 мың га, тыңайған жерлер – 515,6 мың га, шабындық – 508,1 мың га, жайылым – 6252,2 мың га, өзге де жерлер – 56,7 мың га).

Елді мекендердің жерлері 2421,8 мың га құрайды;

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер 49,9 мың га ;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 355,5 мың га құрайды.;

Орман қорының жерлері 224,7 мың га құрайды;

Су қорының жерлері – 81,5 мың га;

Босалқы жерлер 2578,6 мың га құрайды (оның ішінде көпжылдық екпелер 0,4 мың га, тыңайған жерлер – 412,5 мың га, шабындықтар 428,1 мың га, жайылымдар – 1354,2 мың га, басқа жерлер 383,4 мың га құрайды).

Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау

2025 жылы қалалық және аудандық жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдарымен облыс бойынша 122,1 мың га құрайтын пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды.

Жалпы жыл басынан бері мемлекет меншігіне қайтаруға жоспарланған 120,0 мың га ауыл шаруашылығы жерлерінің 122,1 мың га қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша конкурстар

         2023 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 209,9 мың га құрайтын 407 жер учаскесі бойынша 51 конкурс өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 184,6 мың га құрайтын 339 жер учаскесі табысталды.

         2024 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 168,1 мың га құрайтын 299 жер учаскесі бойынша 54 конкурс өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 146,1 мың га құрайтын 245 жер учаскесі  табысталды.

         2025 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 136,1 мың га құрайтын 303 жер учаскесі бойынша 48 конкурс өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 120,3 мың га құрайтын 264 жер учаскесі  табысталды.

Коммерциялық мақсаттар үшін жеру часкелеріне аукциондар

         2023 жылы 86 аукцион өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 55,5 га құрайтын 107 жер учаскесіне жалдау құқығы 306 млн 228 мың теңгеге сатылды.

         2024 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 84,5 га құрайтын 198 жер учаскесі бойынша 109 аукцион өткізілді.

         2025 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 310,0 га құрайтын 449 жер учаскесі бойынша 163 аукцион өткізілді, нәтижесінде көлемі 209,96 га құрайтын 236 жер учаскесі сатылды.         Аукциондарды электронды түрде өткізу сауда-саттықтың ашықтығын, қолжетімділігін, бәсекелестік деңгейінің жоғарылауын, ұйымдастырушылардың уақытының үнемделуін қамтамасыз еткенін атап өткен жөн.

Жеке тұрғын үй құрылысы

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда, облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алуға есепте тұрған азаматтардың саны 170 938 құрайды (Орал қаласы бойынша 109 742).

         2023 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 266 жер учаскесі табысталды (Ақжайық ауданы – 99, Бөрлі ауданы – 30, Жаңақала ауданы – 18, Қаратөбе ауданы – 17, Сырым ауданы – 16, Теректі ауданы – 1, Тасқала ауданы – 12, Шыңғырлау ауданы – 5, Орал қаласы – 68).

         2024 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 353 жер учаскесі табысталды            (Ақжайық ауданы – 31, Бөкей ордасы ауданы – 10, Бөрлі ауданы – 42, Жаңақала ауданы – 1, Бәйтерек ауданы – 51, Казталов ауданы – 65, Қаратөбе ауданы – 4,  Сырым ауданы – 106, Тасқала ауданы – 18, Шыңғырлау ауданы – 17,  Орал қаласы – 8).

         2025 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 235 жер учаскесі табысталды (Ақжайық ауданы – 39, Бөкей ордасы ауданы – 3, Бөрлі ауданы – 31, Жаңақала ауданы – 8, Бәйтерек ауданы – 31, Казталов ауданы – 42, Қаратөбе ауданы – 2,  Сырым ауданы – 31, Теректі ауданы – 19, Шыңғырлау ауданы – 22,  Орал қаласы – 7).

         Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс бойынша 1264 жер учаскесін беру жоспарлануда: Ақжайық ауданы-82 (Чапаев а.-82 уч.), Бөрлі ауданы – 79 (Аралтал а. – 79 уч); Жаңақала ауданы – 66 (Жаңақала а.-66 уч.), Бәйтерек ауданы – 92 (Переметное - 23 уч, Володарское - 18 уч, с.Дарьинск – 51 уч), Казталов ауданы-61 (Жалпақтал а.-61 уч.), Қаратөбе ауданы - 98 (Қаратөбе а. - 98 уч.), Теректі ауданы – 527 (Теректі а.- 527 уч.) және Орал қаласы бойыша - 259 жер учаскесі.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Барлығын көру

    E-otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жердің әкім аппараты канцеляриясына өтініш білдіру қажет


    Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік немесе коммуналдық меншікке жататын жер учаскелері аукцион арқылы пайдалануға берілуі мүмкін. Осылайша жер алу үшін бірнеше қадамды орындау қажет:

    • Жер учаскесін таңдау және анықтау

    Ең алдымен, аукционға шығарылған жер учаскесін таңдау керек. Бұл ауыл шаруашылығы үшін жер немесе құрылыс үшін жер болуы мүмкін. Аукционға шығарылатын жер учаскелері әдетте ашық ақпарат көздерінде жарияланады (ресми сайттарда, жергілікті атқарушы органдарда).

    • Аукционға қатысуға тіркелу

    Аукционға қатысу үшін арнайы электрондық платформада тіркелу қажет. Мысалы, бұл e-qazyna.kz сайты болуы мүмкін, онда барлық қолжетімді жер учаскелері жарияланады. Тіркелу аукционға қатысуға өтініш беру мүмкіндігін береді.

    • Қатысуға өтініш беру

    Өтініште таңдаған жер учаскесін және өзіңіз туралы ақпаратты көрсету қажет, сондай-ақ аукционның шарттарын орындауға дайын екеніңізді растау керек. Қатысу үшін сондай-ақ кепілдік жарнасын (депозит) енгізу қажет, ол сіздің ниетіңізді растайды.

    • Аукционға қатысу

    Аукцион белгіленген күні өтеді. Қатысушылар өз ставкаларын жасайды, ал жеңімпаз болып ең жоғары баға ұсынған немесе аукционның шарттарын орындаған адам (егер бұл жалға алу болса — жерді пайдаланудың ең жақсы шарттарын ұсынған) табылады.

    • Келісімшарт жасау

    Егер сіздің ставкаңыз жеңсе, сізбен келісімшарт жасалады. Бұл сатып алу-сату шарты (егер жер сіздің меншікке өтіп жатса) немесе жалға беру шарты (егер жерді жалға алсаңыз) болуы мүмкін.

    • Жер құқығын тіркеу

    Келісімшарт жасалғаннан кейін, жер учаскесінің меншік немесе жалға алу құқығын кадастрлық және юстиция органдарында тіркеу қажет. Бұл сіздің жерге қатысты заңды құқығыңызды бекітеді.
    Аукцион процесі азаматтарға жерді алу үшін ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ жер учаскелерін заңсыз бөлу мүмкіндігін болдырмайды.


    "Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы"

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығы