Жер қатынастары (2026 жылғы 9 қаңтар жағдайы бойынша)
Батыс Қазақстан облысының аумағы 15 миллион 133 мың гектарды құрайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 7958,2 мың га (оның ішінде егістік – 623,7 мың га, көпжылдық екпелер – 1,9 мың га, тыңайған жерлер – 515,6 мың га, шабындық – 508,1 мың га, жайылым – 6252,2 мың га, өзге де жерлер – 56,7 мың га).
Елді мекендердің жерлері 2421,8 мың га құрайды;
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер 49,9 мың га ;
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 355,5 мың га құрайды.;
Орман қорының жерлері 224,7 мың га құрайды;
Су қорының жерлері – 81,5 мың га;
Босалқы жерлер 2578,6 мың га құрайды (оның ішінде көпжылдық екпелер 0,4 мың га, тыңайған жерлер – 412,5 мың га, шабындықтар 428,1 мың га, жайылымдар – 1354,2 мың га, басқа жерлер 383,4 мың га құрайды).
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау
2025 жылы қалалық және аудандық жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдарымен облыс бойынша 122,1 мың га құрайтын пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды.
Жалпы жыл басынан бері мемлекет меншігіне қайтаруға жоспарланған 120,0 мың га ауыл шаруашылығы жерлерінің 122,1 мың га қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша конкурстар
2023 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 209,9 мың га құрайтын 407 жер учаскесі бойынша 51 конкурс өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 184,6 мың га құрайтын 339 жер учаскесі табысталды.
2024 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 168,1 мың га құрайтын 299 жер учаскесі бойынша 54 конкурс өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 146,1 мың га құрайтын 245 жер учаскесі табысталды.
2025 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 136,1 мың га құрайтын 303 жер учаскесі бойынша 48 конкурс өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 120,3 мың га құрайтын 264 жер учаскесі табысталды.
Коммерциялық мақсаттар үшін жеру часкелеріне аукциондар
2023 жылы 86 аукцион өткізіліп, нәтижесінде жалпы көлемі 55,5 га құрайтын 107 жер учаскесіне жалдау құқығы 306 млн 228 мың теңгеге сатылды.
2024 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 84,5 га құрайтын 198 жер учаскесі бойынша 109 аукцион өткізілді.
2025 жылы аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жалпы көлемі 310,0 га құрайтын 449 жер учаскесі бойынша 163 аукцион өткізілді, нәтижесінде көлемі 209,96 га құрайтын 236 жер учаскесі сатылды. Аукциондарды электронды түрде өткізу сауда-саттықтың ашықтығын, қолжетімділігін, бәсекелестік деңгейінің жоғарылауын, ұйымдастырушылардың уақытының үнемделуін қамтамасыз еткенін атап өткен жөн.
Жеке тұрғын үй құрылысы
Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда, облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алуға есепте тұрған азаматтардың саны 170 938 құрайды (Орал қаласы бойынша 109 742).
2023 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 266 жер учаскесі табысталды (Ақжайық ауданы – 99, Бөрлі ауданы – 30, Жаңақала ауданы – 18, Қаратөбе ауданы – 17, Сырым ауданы – 16, Теректі ауданы – 1, Тасқала ауданы – 12, Шыңғырлау ауданы – 5, Орал қаласы – 68).
2024 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 353 жер учаскесі табысталды (Ақжайық ауданы – 31, Бөкей ордасы ауданы – 10, Бөрлі ауданы – 42, Жаңақала ауданы – 1, Бәйтерек ауданы – 51, Казталов ауданы – 65, Қаратөбе ауданы – 4, Сырым ауданы – 106, Тасқала ауданы – 18, Шыңғырлау ауданы – 17, Орал қаласы – 8).
2025 жылы жеке тұрғын үй құрылысына 235 жер учаскесі табысталды (Ақжайық ауданы – 39, Бөкей ордасы ауданы – 3, Бөрлі ауданы – 31, Жаңақала ауданы – 8, Бәйтерек ауданы – 31, Казталов ауданы – 42, Қаратөбе ауданы – 2, Сырым ауданы – 31, Теректі ауданы – 19, Шыңғырлау ауданы – 22, Орал қаласы – 7).
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс бойынша 1264 жер учаскесін беру жоспарлануда: Ақжайық ауданы-82 (Чапаев а.-82 уч.), Бөрлі ауданы – 79 (Аралтал а. – 79 уч); Жаңақала ауданы – 66 (Жаңақала а.-66 уч.), Бәйтерек ауданы – 92 (Переметное - 23 уч, Володарское - 18 уч, с.Дарьинск – 51 уч), Казталов ауданы-61 (Жалпақтал а.-61 уч.), Қаратөбе ауданы - 98 (Қаратөбе а. - 98 уч.), Теректі ауданы – 527 (Теректі а.- 527 уч.) және Орал қаласы бойыша - 259 жер учаскесі.