
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Каюпов Тілепберген Ерсайұлы тағайындалды.
Каюпов Тілепберген Ерсайұлы – 1976 жылы туған. Білімі - жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін «бухгалтер-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
-Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
-Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары;
-Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары;
-Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;
-Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;
-Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы болып қызмет етті.
Лауазымдық міндеттері
Ұйымдастырады:
-әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін бюджет жобасын әзірлеу, уақтылы және сапалы жоспарлау жөніндегі жұмыстарды;
- бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі жұмыстарды;
- коммуналдық меншікті басқару жөніндегі жұмыстарды;
- өңірде кәсіпкерлікті, ішкі сауданы, инвестиция тарту, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды;
- мемлекеттік сатып алуды өткізу, уәкілетті органмен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператормен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстарды;
- еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласының өзге де шараларын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды;
- сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсету, халықтың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды;
- бюджеттік инвестициялық, мемлекеттік - жекешелік әріптестік және концессиялық жобаларды қарау және іріктеу жөніндегі комиссияның жұмысын;
- әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның жұмысын;
- облыстық бюджеттік комиссияның жұмысын;
- шетел инвестицияларын тарту жөніндегі кеңестің жұмысын;
- мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің жұмысын.
Үйлестіреді:
- экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті басқару, кәсіпкерлік, инвестициялар, индустриялық-инновациялық даму, денсаулық сақтау, еңбек инспекциясы, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылын:
- жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды;
- өңірдің ШОБ дамыту мақсатында қаржы даму институттарының, ЕДБ филиалдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Төмендегідей облыстық басқармалардың қызметіне жетекшілік етеді:
- стратегия және экономикалық даму;
- қаржы;
- мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік;
- денсаулық сақтау;
- жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар;
- кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму.
Басшылықты жүзеге асырады:
- экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті басқару, кәсіпкерлік, инвестициялар, индустриялық-инновациялық даму, денсаулық сақтау, еңбек инспекциясы, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері.