Өтініштер бөлімі

Фронт офис
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды науқаны кезіндегі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне сәйкес өтініштерді қараудың жаңа нысанына көшу аясында жоспар-кесте бекітілді.
Аталған жоспар-кестені орындау мақсатында облыс әкімі аппаратында фронт-офис құрылды.
Фронт-офис – бұл облыс тұрғындарына нақты мерзім режимінде өз өтініштеріне ұсынбалар мен жауаптар алу, дәлірек айтқанда сұрақтар қою, сондай-ақ «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел түрде жауаптар алу мүмкіндігін беретін алаң.
Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындар үшін мемлекеттік органдардың қолжетімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалыптастыру.
Осыған байланысты, салалар бойынша мемлекеттік органдардың фронт-офисте кезекшілік кестесі бекітілді, яғни тиісті мемлекеттік органдардың, соның ішінде құқық қорғау блогының лауазымды тұлғалары тартылатын болады.
Сонымен қатар, азаматтарды қабылдаудың жаңа нысанына көшу аясында құқық қорғау блогының өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және азаматтарды қабылдауға медиаторларды, заңгер-консультанттар мен психологтарды тарту мақсатында тиісті қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен меморандум жасалды.
Бұған қоса өтініштерді қабылдау, өңдеу және тіркеу, сондай-ақ қабылдауға жазу үшін облыс әкімдігінің фронт-офисіне жалдамалы қызметкерлер жұмысқа тартылды.
Осыған сәйкес өтініштер бөлімінен жоғарыда атап көрсетілген функция алынып тасталып, аталған бөлім өтініштерді қарау мәселелері бойынша талдамалы ақпарат дайындауға, өңір кескінінде проблемалық мәселелер картасын жасақтауға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптардың сапалы ұсынылуын бақылауға баса назар аударатын болады.
Барлық деңгейдегі әкімдіктердің сервистік нысанға көшуі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына толық сәйкес түрде жүзеге асырылуда.
Егер азаматтың облыс басшылығымен кездесуі қажет болса, оны қабылдау осы кабинетте жүзеге асырылатын болады. COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты қазіргі жағдайды ескере отырып, қабылдаулар аталған орынжайда жарақтандырылған бейнеконференция байланысы арқылы өткізілуі мүмкін. Бұл ретте, барлық сақтық шаралары қабылданатын болады.
Сонымен қатар, атап көрсетілген Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетіні белгілі. Осыған орай, өтініштерді өтініш иелерін шақыра отырып қарау күтілуде, олар бойынша ауыртпалық сипатындағы актілер қабылданады (кейде медиаторларды тарту арқылы). Мұндай кездесулерді фронт-офисте де өткізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда облыстың алты ауданында (Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Казталов, Шыңғырлау) «Сервистік әкімдіктер» ашылды. Төрт ауданда жыл аяғына дейін, ал қалған 3 ауданда 2021 жылдың 1-тоқсанында ашу жоспарланып отыр.