Терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімі
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, терроризм салдарын азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру. Терроризмнің алдын алу, терроризмнің көрініс табуына ықпал ететін себептер мен салдарларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризм салдарын азайту және (немесе) жою, осы шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.