"Урал Ойл энд Газ" ЖШС 07.02.2023 ж. «Орал Өңірі» газетінде жарияланған қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды елемеуді сұрайды және жобалар бойынша ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдаулардың өтетіні туралы хабарлайды: 1. 2023 жылға арналған рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы; 2. "Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданында орналасқан "Рожковское "кен орнын жайластыру объектілерін салу кезінде бұзылған жерлерді рекультивациялау" жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі; 3. 2023 жылға арналған қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы; 4. 2023 жылға арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы; 5. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы.