Ақжайық – адалдық алаңы
Жоба туралы
«Ақжайық – адалдық алаңы» (бұдан әрі – Жоба) жобасының миссиясы Батыс Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.
Жоба сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша келесі негізгі салаларда жүзеге асырылады: білім; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамтамасыз ету; сәулет, құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы; ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; мемлекеттік кірістер органдары; сот және құқық қорғау органдары; бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.
Жоба кураторы:
- Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, облыс әкімінің орынбасары.
Жобаның со-кураторы:
- Ақмырзаев Рүстем Сапарбекұлы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.
Жоба (жобалық кеңсе) басшысы:
- Салиева Әлия Өтемісқызы «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, Орал қалалық маслихатының депутаты.
Байланыс ақпараты
Жобалық офистің мекенжайы: Орал қ., Н. Назарбаев даңғылы 179 (БҚО әкімдігі ғимаратының 1-қабаты);
тел: 8(7112)50-33-07;
эл. пошта: Adaldyq07@mail.ru
- «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының Instagram парақшасына сілтеме: https://www.instagram.com/aqjaiyq_adaldyq_alany/?hl=ru
- «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының Facebook парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/profile.php?id=100032912742049
- Республикалық «Адалдық алаңы» жобасының Facebook парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/adaldyqalany.kz/