Ту тұғыр

Жарияланған күні: 21 қазан 2025
Ту тұғыр

2021 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының, Жәнібек ауылындағы Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында биіктігі 18 метрлік ту тұғыры орнатылды.

Аталған нысан – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, ел тұрғындарының отансүйгіштік сезімін арттыру және патриоттық рухты дәріптеу мақсатында салынды. Ту тұғырына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орнатылған.

Тәуелсіздік алаңының төбесінен желбірейтін тудың көлемі 4х2 метрді құрайды. Тәуелсіздік алаңының жалпы аумағы 1200 шаршы метр.