Меню

Страницы

Статья

Based on the results of the third quarter of 2020

Жаңақала ауданының дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жүзге жуық түрлері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіп келеді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығы сәйкес Жаңақала ауданының (9) ауылдық округ әкімі аппараттары және (9) дербес бөлім мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 3-тоқсанында аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарымен 2576 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде көрсетілген 2576 қызметтің 95 қағаз түрінде (Стандарт бойынша тек қағаз түрінде көрсетіледі), 1666 электронды түрде немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге мүмкіндік бола тұра қағаз түрінде көрсетілгені және 815 электронды түрде.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер 3-тоқсан бойынша саны e-Gov порталы арқылы 160, «Е-лицензирование» ақпараттық жүйесі арқылы 116 және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы 481 қызмет көрсетілді.

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде жоспарлы  ішкі бақылау шаралары аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылғы 03 желтоқсандағы № 48 бұйрығы және 2020 жылғы 20 мамырдағы № 19 бұйрығы негізінде 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Ағымдағы жылдың
25 қыркүйек күні Жаңақала ауданы әкімі аппарат басшысының төрағалығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша мамандар арасында кеңес өткізілді. Жиналыс барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметінің сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында кеңестер берілді.

Сонымен қатар, аудан әкімінің төралығымен ағымдағы жылдың
28 қыркүйек күні ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылардың қатысуымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» кеңес өткізілді.

Жаңақала ауданының әкімдігі ресми сайттарында «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Карантин кезінде мемлекеттік қызметтерді алу», сәйкесінше ЭСҚ-ны қашықтықтан алу туралы ақпараттар орналастырып, e-gov порталына сілтеме көрсетілді.

Аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері аудандық бөлімдердің мамандарына және қызмет алушыларға үнемі әдістемелік көмектерін көрсетіп келеді.

Аудан бойынша 2020 жылдың 9 айында 884 аудан тұрғындарына электрондық цифрлық қолтаңбалар рәсімделіп және 27 адамдарды m-gov порталына тіркеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аудан бойынша барлық ауылдық округ әкімі аппараттарында ашылған халыққа «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары арқылы "Электрондық үкіметтің" порталы арқылы 3 тоқсан бойынша көрсетілген қызметтер саны 1227, ал "Электрондық үкіметтің" порталы туралы тұрғындарға 256 кеңес берілді.

Жаңақала ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оның халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі аппараты, аудандық бөлімдер мен ауылдық әкімі аппараттары жұмыстанып келеді және бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып, үнемі бақылауда болатынын қаперіңізге беремін.

Дата публикации
07 октября 2020
Дата обновления
07 октября 2020
Тип
Information

Сейчас читают

Announcement
21 ноября 2023
ANNOUNCEMENT
Announcement
12 апреля 2023
ANNOUNCEMENT
Announcement
20 марта 2023
Be careful, there are scammers!

Социальные медиа

Facebook Акимата Жангалинского района
Instagram Акимата Жангалинского района

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты