Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріндегі қызмет
https://www.facebook.com/share/p/16Ebuh6JkW/?mibextid=wwXIfr
Аңқаты ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай “Ана гүл - Ана жыр” атты мерекелік концерт өтті. Нәзік жандыларды төл мерекесімен округ әкімі Асқар Қылышұлы құттықтап, Алтын алқалы аналар мен тыл ардагерлеріне мерекелік сыйлықтар табыстады.
https://www.facebook.com/share/p/191KGzCX1y/?mibextid=wwXIfr
Бүгін Теректі ауданының Подстепное ауылында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай қыздар арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Байрақты бәсекеде Аңқатылық арулардың абыройы асқақтап жеңісті 1 орынға ие болды. Осы орайда Аңқатылық аруларды жеңісімен және төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻💐
https://www.facebook.com/share/p/1A36bEnv1o/?mibextid=wwXIfr
«АЛҒЫС АЙТУ»мерекесі қарсаңында Аңқаты мәдениет үйінің қызметкерлері әр салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандарға құрмет көрсетті.Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнімен тұспа тұс келген бұл мерекеде Алғыс күні мерекесімен Рамазан айымен құттықтап,шара барысында түрлі әндер шырқалып, мәнерлеп оқылып,әсем би биленіп, аспапта ойнап ән айтып жалғасын тапты. Көңілді кеш ұйымдастырған мәдениет қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді, кеш сонында шағын сыйлықтыр үйлестірілді.
https://www.facebook.com/share/p/1CAQDwPBSV/?mibextid=wwXIfr
Ақжайық ауылында Ауған соғысы ардагерлерін және интернационалист-жауынгерлерді еске алу, құрметтеу мақсатында ұйымдастырылған оңтүстік аймақтар арасындағы волейбол сайысында Аңқаты ауылы командасы жүлделі 1 орынды жеңіп алды.
Жеңіс құтты болсын!
2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 59 мыңнан астам қызмет алды
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 37 мың оңалтудың техникалық құралдарын, 4,3 мың – ымдау тілі, 17,6 мың – жеке көмекші мен 0,7 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі..
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінде Порталда 854 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 910 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 751 ымдау тілі және 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.
https://www.facebook.com/share/p/1JyCTmVHPp/?mibextid=WC7FNe
О Б Л Ы С Т А Н Ж Ү Л Д Е М Е Н! ! !
Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінде волейболдан Теректі ауданының намысын қорғаған мектебіміздің 7-8 сыныптардан құралған командасы жүлделі 3 орынға ие болды. Осы лигада Берік Ф. "Үздік тосқауылдаушы" номинациясын алды.
Команда құрамында:
1. Берік Ф.
2. Сакпаев А.
3. Сәмен Н.
4. Кенжебаев А.
5. Ғарифолла С.
6. Ербулатов Р.
7. Серікқали С.
Жетекшілері: Жумагалиев М. Е. , Арыстанов А. Н.
Құттықтаймыз!!!
30-қаңтар күні мектебімізде түлектердің ұйымдастыруымен волейболдан ашық турнир өтті. Бұл турнирге ауылымыздың 1986, 1987, 1988, 1989, 1990, 1991, 1992, 1994, 1995 жылғылар және мектеп командасынан 2010, 2011, 2012 ж.т. қатысты.
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау;
волейбол ойынын дамытып,
өскелең ұрпаққа өнеге көрсету;
Осы турнирге арнайылап Астана, Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан түлектеріміз келіп қатысты. Әнұранымыз айтылып, турнирді ашып берген мектеп директоры Карылгаш Мурадымовна сәттілік тілесе, бас төреші Максим Ербулатович турнирдің өту тәртіптерімен таныстырды.
Ардагер спортшы Ерболат Гусманович спортшыларға сәттілік тіледі.
Турнир қорытындысы бойынша:
1 орын - 1989 ж.т. командасы.
2 орын - 1988 ж.т. командасы.
3 орын - 1991 ж.т. командасы.
"Үздік ойыншы" - Сатыбалдиев Р.
1986 ж.т. командасы.
"Үздік шабуылдаушы" - Орынбасаров М.
1986 ж.т. командасы.
"Үздік қорғаушы" - Есенгалиев К.
1988 ж.т. командасы.
"Үздік тосқауылдаушы" - Берік Ф.
Мектеп командасы.
1988 ж.т. командасы, яғни мектеп бітіргендеріне 20 жыл толып отырған түлектер оқушыларымызға волейбол формасы мен доп сыйға тартты. Турнир өте жоғары дәрежеде өтті!
Бұл турнир дәстүрлі түрде "Түлектермен кездесу кеші" алдында жыл сайын ұйымдастырылатын болады.
https://www.facebook.com/share/v/18YmbrMUw7/?mibextid=WC7FNe