
30-қаңтар күні мектебімізде түлектердің ұйымдастыруымен волейболдан ашық турнир өтті. Бұл турнирге ауылымыздың 1986, 1987, 1988, 1989, 1990, 1991, 1992, 1994, 1995 жылғылар және мектеп командасынан 2010, 2011, 2012 ж.т. қатысты.
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау;
волейбол ойынын дамытып,
өскелең ұрпаққа өнеге көрсету;
Осы турнирге арнайылап Астана, Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан түлектеріміз келіп қатысты. Әнұранымыз айтылып, турнирді ашып берген мектеп директоры Карылгаш Мурадымовна сәттілік тілесе, бас төреші Максим Ербулатович турнирдің өту тәртіптерімен таныстырды.
Ардагер спортшы Ерболат Гусманович спортшыларға сәттілік тіледі.
Турнир қорытындысы бойынша:
1 орын - 1989 ж.т. командасы.
2 орын - 1988 ж.т. командасы.
3 орын - 1991 ж.т. командасы.
"Үздік ойыншы" - Сатыбалдиев Р.
1986 ж.т. командасы.
"Үздік шабуылдаушы" - Орынбасаров М.
1986 ж.т. командасы.
"Үздік қорғаушы" - Есенгалиев К.
1988 ж.т. командасы.
"Үздік тосқауылдаушы" - Берік Ф.
Мектеп командасы.
1988 ж.т. командасы, яғни мектеп бітіргендеріне 20 жыл толып отырған түлектер оқушыларымызға волейбол формасы мен доп сыйға тартты. Турнир өте жоғары дәрежеде өтті!
Бұл турнир дәстүрлі түрде "Түлектермен кездесу кеші" алдында жыл сайын ұйымдастырылатын болады.
https://www.facebook.com/share/v/18YmbrMUw7/?mibextid=WC7FNe