📢 “Заң жане тәртіп “ жобасы аясында әлеуметтік желідегі алаяқтықтың алдын алу шарасы өтті
🗓 10 ақпан күні аудандық прокуратура, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және Теректі ауданының РОВД қызметкерлері бірлесіп, ауданымыздағы жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
🔹 Кездесу барысында әлеуметтік желідегі алаяқтық түрлері, олардың жұмыс істеу тәсілдері және сақтану жолдары түсіндірілді.
🔹 Мамандар киберқауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және интернеттегі күмәнді әрекеттерден сақ болу бойынша кеңестер берді.
🔹 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан нақты жауап алды.
⚠️ Интернеттегі қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігінде! Күмәнді сілтемелерге өтпей, бейтаныс адамдарға жеке мәліметтеріңізді бермеңіз.
#Киберқауіпсіздік #Жастар #АлаяқтықтыңАлдынАлу #Теректі