Мәдениет – адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, ұлылық пен ұлағатқа жетелейтін дүниенің құнды қазынасы. Ұлтымыздың рухын көтеріп, мерейін асырып, мәртебесін асқақтатын да - мәдениет. Егемендігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында мәдениет саласының орны ерекше, маңызы зор. Ал, аудан мәдениетінің бір саласы – кітапхана.
Бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құзырында 23 кітапхана, соның ішінде: 1 аудандық, 1 аудандық балалар кітапханасы, 2 ауылдық модельді кітапханасы, 5 ауылдық балалар кітапханасы, 14 ауылдық кітапханалар бар.
Кітапхана – ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы болып саналады. Қазіргі кезде адамзаттың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың алар орны ерекше.
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени – ағарту қызметінің негізі десек келешекте кітапханалар жүйесі ең озық алдыңғы қатардағы қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мәртебеге ие болу мүмкіндігі мол.
Сондықтан Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі төмендегідей жұмыстарды атқарады :
«Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын насихаттау;
Рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана.
Барша оқырмандарды кітап оқуға шақырамыз.