Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі туралы

Мәдениет – адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, ұлылық пен ұлағатқа жетелейтін дүниенің құнды қазынасы. Ұлтымыздың рухын көтеріп, мерейін асырып, мәртебесін асқақтатын да  - мәдениет. Егемендігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында мәдениет саласының орны ерекше, маңызы зор. Ал, аудан мәдениетінің бір саласы – кітапхана.

       Бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құзырында 23 кітапхана, соның ішінде:  1 аудандық, 1 аудандық балалар кітапханасы, 2 ауылдық модельді кітапханасы,  5 ауылдық балалар кітапханасы, 14 ауылдық кітапханалар бар.

Кітапхана – ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы болып саналады. Қазіргі кезде адамзаттың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамытуда кітапхананың алар орны ерекше.

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени – ағарту қызметінің негізі десек келешекте кітапханалар жүйесі ең озық алдыңғы қатардағы қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мәртебеге ие болу мүмкіндігі мол.

Сондықтан Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі төмендегідей жұмыстарды атқарады :

  • Кітапхана - ол тек қана кітап қоймасы емес, сонымен бірге көпшілікті оқу мәдениетіне тәрбиелеу мектебі, мәдениет пен білім ордасы. Кітап қорын қалыптастырып, сақтау.
  • Оқырмандардың Республика, облыс, аудан, ауыл тарихына деген қызығушылығын арттырып, құқықтық білімдерін меңгерту, рухани мәдениетті жаңғыртуларына көмек көрсету;
  • Әр түрлі бағытта оқырмандарға кітап қорын насихаттау;
  • Ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеуде жаңа әдісті шаралар арқылы

    «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын насихаттау;

  • Оқырмандардың мәдени-танымдық қажеттіліктерін қанағатандыру;
  • Кітапхана оқырмандарына ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызмет көрсету;
  • Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу;
  • Өлкетану бағытындағы жұмыс;
  • Мемлеттік тілді дамыту мен қолдау;
  • Экология және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Әуесқой клубтар мен оқу бағдарламасына көмектесу;
  • Мүгедек оқырмандарды ақпаратпен қамту.

Рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана.

Барша оқырмандарды кітап оқуға шақырамыз.

Документы
Жоспар
06 мая 2022
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Новости
Полезные материалы
Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі туралы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы