Тасқала ауданының 2019 жылғы
қаңтар-желтоқсан аралығындағы
даму қорытындысы
|
көрсеткіштер |
2018 жылғы қаңтар-желтоқсан |
2019 жылғы қаңтар-желтоқсан |
Айырмашылық |
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн.теңге |
637,1 |
613,4 |
-51,4 |
|
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі, млн.теңге |
7 179,8 |
9 258,5 |
112,1 |
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млн.теңге |
12 960,8 |
4 095,6 |
-31,6 |
|
Бөлшек сауда көлемі, млн.теңге |
3 852,9 |
4 083,7 |
100,0 |
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн.теңге |
12 909,1 |
3 015,9 |
-23,0 |
|
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, кв.м |
3 751 |
7 609 |
202,9 |
|
Орташа айлық жалақы, теңге |
80 302 |
100 867 |
125,6 |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 613,4 млн. теңгені құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 51,4% төмен. Өнеркәсіп өнімі кірпіш зауыты мен нан өндірісінің жабылуына байланысты азайып кетті.
2020 жылдың 1 қаңтарына ІҚМ басы 27 177 басты құрады (2018 жылы- 25 879), ҰҚМ басы 60 125 басты құрады (2018 жылы- 56 291), жылқы саны 11 078 басты (2018 жылы -8 843), доңыз саны 105 басты (2018 жылы - 99), түйе саны 1 басты (2018 жылы -1), құстар саны 31 431 (2018 жылы – 30 380) құрады.
Ет өндірісі 101,1% өсіп, 5 082,6 тоннаны құрады (2018 жылы - 5 026,3тонна), сүт өндірісі – 16 005,0 тоннаны (2018 жылы -15 921,9 тонна), тұқым өндірісі-3 804,0 мың дананы құрады (2018 жылы -3 793,0 дана).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4 095,6 млн.теңгені құрады. бұл 2018 жылғы деңгейінен төмендеп кету себебі 2018 жылы Орал-Тасқала-РФ шекарасы тас жолының күрделі жөндеуі аяқталып, көлемі есептелді. 2019 жылы 7 609 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3858 шаршы метрге артық (2018 -3 751 шаршы метр).
Экономиканың барлық салаларында 697 жаңа жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 жұмыс орнына көп. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздар саны 248 адамды құрады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 390 адамды құрады. Кедейлік шегінен тыс өмір сүретіндердің саны 1268 адам 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 779 адамға көп, бұл АӘК жаңа форматын енгізуге байланысты.
Барлық қаржыландыру көздерінен 157,0 млн.теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 1268 адамға 143,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 390 адам жіберілді, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 117 адамға көп.
Бюджетке 505,6 млн.теңге сомасында меншіктік кірістер жиналды. Салықтық түсімдер 485,4 млн.теңге сомасында (болжамға 01,7%) жиналды.
Ауданда 20 денсаулық сақтау нысаны жұмыс жасап тұр. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі 1 аудандық ауруханадан тұрады, оның құрамына 2 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП, 12 медициналық пункт кіреді.
Ауданда 28 білім беру нысаны жасап тұр (3070 оқушы), оның ішінде 17 мектеп (2298 оқушы), 1 мектеп-лицей ( 253 оқушы), 5 мектепке дейінгі мекемелер (413 бала), 1 саз мектебі, 1 жас туристер станциясы, 1 балалармен мектептен тыс жұмыс орталығы, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті,1 колледж ( 106 студент) кіреді.
2018 жылы ауданда 129 қылмыс тіркелген, бұл 2018 жылғы деңгейден 81,6% төмен (2018 ж. - 158)