Жиі қойылатын сұрақтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін алдымен өзіңіздің санатыңызды айқындап, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне тіркелу қажет етеді. Яғни бұл санаттар: 1) Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер санаты; 2) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар санаты; 3)«Алтын алқа» «Күміс алқа» алқалармен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған сондай-ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар санаты; 4) Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты, 5) Жалғыз тұрғын үйі белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар санаты бойынша тұрғын үй кезегіне тұруға болады. Сонымен қатар, кезекке тұрған кезде өзіңізде және отбасы мүшелеріңіздің атында соңғы бес жыл ішінде тұрғын үй болмауы қажет. Тұрғын үй кезегіне тұру үшін алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жазып, жоғарыда көсетілген санаттарға орай құжаттар тапсырылады. Тапсырылған құжаттарды сәйкес, тұрғын үй кезегіне қою немесе  дәлелді бас тарту жөнінде шешім шығарады. Алдағы уақытта тұрғын үй құрылысы жүргізілген жағдайда тұрғын үй тек кезекпен берілетін болады. Кезектен тыс тұрғын үйлер берілмейді. Қосымша ақпаратты Тасқала ауылы Жуков көшесі №3, мекен жайы бойынша орналасқан Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алуға болады.