Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың 1 қазаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың 1 қазаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылдың 01 қазанына атқарылған жұмыстары туралы

 

 Әлеуметтік қорғауға  жататын тұлғаларға барлық қаржыландыру көздерінен 243 млн 001 мың теңгеге әлеуметтік және материалдық көмек көрсету мақсатында қаражат бөлінді (ЦПС – 17 млн 740 мың т; ССУ -138 млн 894 мың т)

Жалпы аудан бойынша мүгедектігі бар адам саны

 

Есепті кезең

Адам саны

1 топ

2 топ

3 топ

Балалар саны

 

31.12.2024 ж

595 адам

90

193

240

72

 

31.12.2025 ж

612 адам

95

194

249

74

+17 адам

01.10.2026 ж

641 адам

110

190

256

85

+29 адам

 

  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 22 отбасындағы 127 адамға 8,3 млн  теңгеге  көмек көрсетілді;

2023 жыл

55 отбасы

236 адам

 

2024 жыл

38 отбасы

187 адам

-17отб, - 49 адам

2025 жыл

29 отбасы

150 адам

- 9 отб,- 37 адам

01.10. 2026 жыл

22 отбасы

127 адам

- 7 отб,- 23 адам

 

 

 

  • .

Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын ауылдық округтер Мерей, Шежін,Ақтау.

 

  • Тұрғын үй көмегі 13 адамға 591,2 мың теңге тағайындалды

2024 жыл

17 отбасы

407 мың теңге

 

2025 жыл

14 отбасы

530,7 мың теңге

- 3 отбасы

01.10. 2026 жыл

13 отбасы

591,2 мың теңге

- 1 отбасы

 

 

 

 

 

Ауданымыздағы  мұқтаж адамдарының  жекелеген санаттарынан 282 адамға 27,6 млн теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді;

2024 жыл

    461 адам

36 млн теңге

 

2025 жыл

    406 адам

32 млн теңге

- 55 адам

01.10. 2026 жыл

287адам

27,6 млн теңге

-119 адам

  •  
  • Үйден оқытылатын 5 мүгедектігі бар балаға 541 мың теңгеге материальдық көмек         (ай сайын оқу жылы мерзімінде)  көрсетілуде.
  • 383 мүгедектігі бар адамға (бұдан әрі МБА) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 27,8 млн теңгеге тиісті компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етілуде.

2024 жыл

    352 МБА

79,3 млн теңге

 

2025 жыл

    370 МБА

80,6 млн теңге

+ 18 адам

01.10. 2026 жыл

383   МБА

52,2 млн теңге

+13 адам

 

  • Ауданымызда 2026 жылға инватакси жүру үшін екі жылға «Белый парус» ЖШС пен келісімшарт жасалып (2024 ж- 4198,0 мың, 2025 жыл – 5148,0 мың,2026ж - 4410,0 мың) Қазіргі таңда 27 мүгедектігі бар адам пайдалануда.
  • 2026 жылға "Орал" КҚ «Көру қабілеті бұзылған мүгедектердің " Қоғамдық бірлестігімен  келісімшарт жасалып  (2025ж -3696,0  мың теңге, 2026 ж- 6652,8 мың теңге) Орал қаласына гемодиализ аппаратын пайдаланатын 1 топ мүгедектігі бар 11 адам инватакси қызметін пайдалануда.

    2026 жылдың 1 қазанына

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша

АҚПАРАТ

                                   

Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі О.А.Бектеновтың                  2024 жылғы 6 қараша күнгі хаттамалық тапсырмасының 7 тармағы 1 тармақшасына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қарасты «Үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын» орталықтандыруды (коммуналдық мемлекеттік мекеме құруды) тапсырған болатын.

 Осыған орай, 2024 жылдың 24 желтоқсанында Тасқала ауданы әкімдігінің №314 Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысы негізінде жұмысын бастап, орталық қызметінің мақсаты бекітілген Стандартқа және Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.

Орталықты қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан 148 194,0 млн. теңге бекітілген болса, есепті күнге 100 824,0  млн. теңге игерілді.

Орталықта жалпы 42 қызметкер бар, соның ішінде  35 әлеуметтік қызметкер бар.

«Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өмірлік қиын жағдайда жүрген және өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігі шектеулі келесі 5 негізгі санаттағы азаматтарға үйден көмек көрсетеді:

  • Егде жастағы қариялар: Жасы келуіне байланысты (зейнет жасындағы) және денсаулық жағдайы бойынша өздігінен жүріп-тұруы, үй шаруасын істеуі қиындаған жалғызбасты немесе жақындарының күтімінен тыс қалған зейнеткерлер.
  • 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар: ДЦП (балалардың сал ауруы), омыртқа және буын аурулары, жарақаттан кейінгі қозғалыс шектеулері бар балалар.
  • 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар: Аутизм, даун синдромы, ақыл-ой дамуының тежелуі (ЗПР) және басқа өмірлік ортаға бейімделуді қажет ететін жүйке жүйесінің аурулары бар балалар.
  • 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдар: Кәмелеттік жасқа толған, бірақ жүйке-психикалық сырқаттарына байланысты үнемі бөтен адамның көмегіне және бақылауына зәру І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтар.
  • Жалпы мүгедектігі бар адамдар: Ауруына немесе жарақатына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан І және ІІ топтағы мүгедектігі бар ересек адамдар.

Есепті кезеңге аудан бойынша 153 қызмет алушы үйден әлеуметтік  көмек көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • 18 жасқа дейінгі тірек-қимылы бұзылған мүгедектігі бар балалар-4;
  • 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар

балалар-8;

  • 18 жастан жоғары психоневрологиялық ауруы бар мүгедектігі бар адам -8;
  • Егде жастағы қариялар -153;
  • Мүгедектігі бар адам-3;

Бекітілген Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес, «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінің әлеуметтік қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға (балаларға, қарияларға және мүгедектігі бар адамдарға) 8 негізгі бағыт бойынша кешенді көмек көрсетеді.Арнаулы әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру бойынша, арнаулы әлеуметтік қызметтер өмірлік қиын жағдайға түскен азаматтардың қажеттіліктерін анықтап, оларға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени және құқықтық қолдау көрсетуді көздейді. Қызметтер кешенді, қолжетімді және уақтылы түрде көрсетіліп, азаматтардың әлеуметтік бейімделуін және өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік қызметкерлердің учаскелерін тексеру жұмыстары ай сайын жүргізіліп отырады және денсаулық сақтау мекемесімен, психология-педагогикалық түзету кабинеті және  тағы да басқа ұйымдармен бірлескен жұмыстар атқарылды.

Алдағы уақытта да әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, жаңа тәсілдерді енгізу және кәсіби мамандардың әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қодау орталығы» КММ –нің атқарылған жұмыстарының тоғыз айлық есебі.

                  (2026 жыл, қаңтар-қыркүйек айлары)

          Президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Басты міндетіміз әйелдер мен балаларды қорғау» - деп жыл сайынға жолдауларында әйел құқығы мен бала қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №256-НҚ бұйрығымен Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларына ҚР заңдарына сәйкес әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасты қолдау және қоғамның әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде отбасын қолдау орталықтарын ашып, жұмыстарын жандандыру тапсырылған болатын. 

         Тасқала ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 желтоқсанындағы №297 қаулысына сәйкес Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Орталық қызметінің мақсаты - өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды  жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру.

   Мекеме Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Пушкин №45 көшесінде орналасқан, қазіргі таңда ғимаратты өз теңгерімізге алу бойынша құжаттарымыз рәсімделуде. Орталықта директор -1 бірлік, халықпен профилактиклық жұмыс жөніндегі маман -1 бірлік, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері - 0,5 бірлік, психолог-1 бірлік қызмет атқаруда. Орталыққа заңгер-1 бірлік, бас есепші-0,5 бірлік қажет.

Орталықта құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары жүзеге асырылады.

   Орталықтың жұмысын жүйелі түрде жүргізу үшін аудан әкімінің өкімімен мобильді топ құрылған болатын. (Өкім 2024 жыл, 3 маусым №23-ө)

   Тасқала ауданы бойынша мобильді топтың құрамында 95 мүше қамтылған.   Мобильді топ құрамына денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы, әлеуметтік қорғау саласы, ішкі істер органдары кіреді. Құрылған мобильді топ мүшелерімен «FSM sociаl» мобильді қосымшасы арқылы жұмыстанатын боламыз.

     Қазіргі таңда орталықтың халықпен профилактикалық жұмыс жөніндегі маманы А. Батрашева «FSM sociаl» мобильді қосымшасына орталыққа келген жүгінушілерді тіркеп, жұмыс жасауда. Есепті кезеңге жалпы тіркелген  146 азамат (азаматша) тіркелген.

   Осы қосымшаға тіркелген отбасыларға әлеуметтік көмектер, психологиялық кеңестер, түрлі сұрақтармен келген (жұмысқа, балабақшаға орналастыру,   «Қорғау ұйғары» бойынша келген отбасылар, түрлі мекемеден түскен сигналдар ) адамдарға қызмет көрсетілді және орталықтың мамандары  мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

          Орталықтың біріккен жылдық жұмыс жоспары жасақталып, бекітілді. Жоспар бойынша жылдың соңы мен 2026 жылдың қаңтар айында  жаңа жыл мерекесіне орай КДН есебінде тұрған отбасындағы балаларға демеушілер атынан тәттілер таратылды.

Ақпан айында «Балаларды бірге қорғайық» біріккен жоба аясында мобильді топ мүшелерімен бірге өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларды ерте анықтау, қолдау көрсету мақсатында рейдтік шаралар жүргізілді. Сонымен қатар «Сталкинг- бақылау емес, зорлық» тақырыбында Тасқала колледжі студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарына «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Мақсаты: құқықтық кеңестер беру. Ай соңында полиция бөлімінің орынбасары Ж. Иманалиевпен бірге рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

          Ақпан айында «Құрметке негізделген қарым-қатынас және жеке шекаралар: қысымсыз таңдау» тақырыбында жастармен диалог алаңы ұйымдастырылды және мекемелер арасында «Сталкинг деген не?» туралы жадынамалар таратылды. Референдумге байланысты халық арасында ақпараттық жұмыстары жүргізілді.

         8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардағы нәзік жандылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі Талғат Шакиров, аудан әкімінің орынбасары Али Бердешев қатысты.

Наурыз айында аналар кеңесінің мүшелерімен жас отбасыларды қолдау мақсатында дүниеге жаңа келген сәбилерді перзентханадан шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.

         Наурызнама жоспарына сәкес Шаңырақ күніне орай « Шаңырақ –бақытты отбасының бастауы » тақырыбында жас отбасылармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: отбасының құндылықтары, қоғамдағы отбасының рөлі, жас отбасыларға қоладу қорсету, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аудару, құрмет пен қолдау мәдениетін қалыптастыру, кез–келген кемсітушілік пен қатыгездікке мүлдем төзбеушілікті насихаттау. Шараға Тасқала ауданының прокуроры А. Унаев,  және «Аналар» кеңесінің төрайымы А. Мендыгалиевна, мүшелерімен қатысты.

         26-29 наурыз аралығында Тасқала ауданы бойынша мобильді топ мүшелерімен «Қауіпсіз үй» жергілікті рейдтік іс-шаралар және жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмысты жасаудың ықтимал орындарына (қираған немесе аяқталмаған, ауыл шеттері, саябақтар) бірлескен тексеру жұмыстары жүргізілді.

          Сәуір айында Ақтау, Шежін, Қазақстан, Мереке және Қосшы ауылдық  округінің мобильді топ мүшелері жасқа толмаған балалрдың заңды өкілдерінсіз жүрмеуі, панасыз қалуы, тұрмыстық зорлық- зомбылық әрекеттердің алдын алу мақсатында түнгі уақыттағы жедел профилактикалық іс шаралар жүргізілді.

         Сәуір айында Бәйтерек ауданында «Цифрлық жұмыс орны» модулін енгізу бойынша семинар-кеңес өтті. «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі негізінде әзірленген ауылдық округ әкімдерінің «Цифрлық жұмыс орны» модулін енгізу және қолдану мәселелері семинар өткізілді.Іс-шараға Бәйтерек және Тасқала аудандарының ауылдық округ әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансап орталықтары мен отбасын қолдау орталықтарының директорлары қатысты. Кеңес барысында әлеуметтік қолдау көрсету, атаулы әлеуметтік көмекті тиімді ұйымдастыру, «Отбасының цифрлық картасындағы» Д және Е санатындағы отбасылар санын азайту, сондай – ақ халықты жұмыспен қамту бағытындағы өзекті мәселелер жан-жақты қаралды.

         Сәуір айында Тасқала ауданының барлық мектептерінде «Отбасы – мектеп – бала» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді. Аталған жиналыстардың барлығында модератор ретінде Отбасын қолдау орталығының директоры қатысты. Жиналыстар барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты күшейту, сондай-ақ баланың жан-жақты дамуына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

         Ағымдағы жылдың 18 мамыр - 8 маусым аралығында республика аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балалардың қолдау және қорғау тетіктерін жандандыруға бағытталған " Отбасында зорлық -зомбылықсыз Қазақстан " атты ауқымды акциясын аясында халыққа жадынамалар таратылды.

Маусым айында  «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Тасқала ауданы әкімдігінің, демеушілердің қолдауымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігі ерекше балаларымызға шара ұйымдастырды. Шара барысында түрлі ойындар ойнатылып, сурет салу алаңдары ұйымдастырылып, балалардың көңіл-күйі көтерілді. Аталмыш шарада Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров құттықтау сөзбен бастап,қатысқан балаларға сыйлықтар табысталып, аудандық көркем өнерпаздармен, аниматорлар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Маусым айында Мереке, Шежін, Достық ауылдық округтерінде мобильді топ мүшелерінің көшпелі отырысы өтті.

Осы айда Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік көмек алушылар мен қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтарға арналған ақпараттық кездесу өткізілді.Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке бюджетті тиімді жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесуге:

  • «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Құттығалиева Анархан Райымқызы;
  • Тасқала аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Тұрымбетов Төлеген Жексенғалиұлы;
  • Тасқала аудандық пробация қызметінің аудандық аға инспекторы, әділет капитаны Жанақов Алмаз Жексемалыұлы қатысты.

Спикерлер қатысушыларға қаржылық сауаттылық, қарыз жүктемесін басқару, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары және құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Осы айда Қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру мақсатында ашық есік ұйымдастырады.

Ағымдағы жылдың шілде айында Қайырымдылық айлығында Отбасыларды қолдау мақсатында Отбасын қолдау орталығы мен Жастар ресурстық орталығының бірлескен ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін көп балалы отбасыларға азық-түлік пакеттері мен балаларға арналған ойыншықтар табысталды. Аталған игі шараның басты мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету, балаларға қуаныш сыйлап, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау.

Осы айда мобильді топ мүшелерінің кезекті рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

2026 жылғы 24–25 шілде аралығында аудан аумағында «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасын жүргізу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көмек пен қорғауды қажет ететін адамдарды дер кезінде анықтау. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғындармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық есепте тұрған отбасыларды аралайды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнама талаптары мен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шараларын түсіндіреді.

Криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 24–25 шілде аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тасқала АПб ҚҚБ ӘЗЗҚКТ инспекторы, полиция лейтенанты Д.Мұқамбетжан және Отбасын қолдау орталығының маманы А.Батрашева , Тасқала Жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірлесіп тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы ақпараттық брошюралар таратты. Кездесу барысында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері түсіндірілді.

Шілде айында Тасқала ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия есебінде тұрған қиын жағдайға тап болған қолайсыз отбасыларға түнгі мезгілде рейд жұмыстары жүргізілді.

Осы айда Мобильді топ мүшелерінің қираған ғимараттар мен иесіз қалған үйлерге кезекті рейд жұмыстары жүргізілді. Әрдайым орталықта мастер-класстар ұйымдастырылып тұрады.

Осы айда Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы негізгі талаптар мен өзгерістер туралы ақпарат берілді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.


            Тамыз айында аудан тұрғындарына қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Арыстанова Айнұр Серікқызы қатысып, қаржыны тиімді басқару, несие мен қарыз жүктемесінің алдын алу, жеке бюджетті жоспарлау және қаржылық жауапкершілік тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Тамыз айында «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы сигнал салу бойынша инструктаж өткізілді.

Осы айда халықтың ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыру, азаматтармен ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ әйелдер мен балаларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетуді уақтылы ұйымдастыру мақсатында Тасқала ауданында «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» ақпараттық акциясы өткізілуде. Акция аясында Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық Отбасы қолдау орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, қиын жағдайға тап болған азаматтарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Тамыз айында Үйден әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлеріне орталықтың жұмысы туралы ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тамыз айында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсетілді. Жаңа оқу жылының қарсаңында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия тізімінде тұрған, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында балаларды жаңа оқу жылына толық дайындауға бағытталған қайырымдылық шарасы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, балалардың білім алуға қажетті жағдайын жасау және олардың мектепке алаңсыз баруына мүмкіндік беру. Осы игі бастамаға «SHINE PROJECT» ЖШС-і демеушілік жасап, аталған санаттағы отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдары мен киім-кешектер табысталды. Көрсетілген қолдау балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылуына септігін тигізді.

Осы айда Орталық психологы А. Айжарикова жоспарға сай ұжым мүшелері арасында «Адалдық – басты қағида» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ұжым мүшелерінің бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, өзара сыйластық және сенім құндылықтарын қалыптастыру, қызметтік және күнделікті қарым-қатынаста адалдық қағидаларын ұстанудың маңыздылығын түсіндіру. Іс-шара барысында «Адалдық дегеніміз не?», «Адал адам қандай қасиеттерге ие болуы керек?», «Адалдық пен жауапкершіліктің байланысы қандай?», «Ұжымдағы сенім мен сыйластықты қалай қалыптастырамыз?» тақырыптарында пікір алмасу жүргізілді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Отбасы күніне орай орталығында жас отбасылардың қатысуымен «Отбасылық жанжалдардың алдын алу, татуластыру алаңы және медиативтік кездесу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас отбасылар арасында өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыру, отбасылық келіспеушіліктердің алдын алу, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыру және медиативтік тәсілдердің маңызын түсіндіру.

Сонымен қатар, жас отбасыларға арналған қызықты тренингтер, жағдаяттық тапсырмалар мен психологиялық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ашық ортада бөлісті.

Осы айда Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Алтын алқа» иегерлеріне құрмет көрсету мақсатында орталық «Аналар кеңесінің» төрайымы А.И. Мендигалиева және «Әділет» партиясының Тасқала аудандық филиалының төрағасы Л. Жубанышкалиева тарапынан көпбалалы аналардың үйлеріне барып, құрмет көрсетілді. Кездесу барысында аналарды Отбасы күнімен құттықтап, отбасындағы еңбегі мен бала тәрбиесіне қосып отырған үлесіне алғыс білдірілді. Сонымен қатар, отбасындағы жағдайы, балалардың жағдайы туралы әңгімелесіп, жылы лебіздер айтылды.

Қыркүйек айында орталықтың ұйымдастыруымен әйелдер арасында «Неке – жауапкершілік пен келісім», «Мәжбүрлі неке – дұрыс таңдау емес» тақырыптарында ақпараттық-психологиялық кездесу өткізілді. Кездесуге “Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссия”мүшелері қатысты. Кездесудің мақсаты – әйелдерге неке және отбасылық қарым-қатынастағы жауапкершілік, өзара келісім мен сыйластықтың маңыздылығын түсіндіру, мәжбүрлі некенің алдын алу, әйелдердің құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру. Кездесу барысында некенің ерікті келісім негізінде құрылуы, ерлі-зайыптылар арасындағы сенім мен өзара құрмет, жеке шекара, отбасындағы жауапкершілікті бөлісу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мәжбүрлі некеге итермелейтін қысым, қорқыту, мәжбүрлеу және таңдау еркіндігін шектеудің адам психологиясына кері әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары мен психологиялық қолдаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Осы айда орталықта некеге тұруды жоспарлап жүрген жұптарға арналған психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – болашақ ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыру, өзара түсіністік пен сенімді нығайту, тиімді қарым-қатынас орнату және отбасылық жауапкершілікті сезіндіру. Тренинг барысында қатысушыларға отбасылық құндылықтар, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық, сенім, эмоцияны дұрыс жеткізу, жанжалдардың алдын алу және қиын жағдайларды бірлесіп шешу жолдары туралы психологиялық ақпарат берілді.

Қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері Татьяна Рогозина мен Назгүл Қуанышалиева ауданға жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты - аудандық Отбасын қолдау орталығының тыныс-тіршілігімен танысып, оның жұмыс бағыттарын саралау, орталықтың мүмкіндіктерін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен цифрлық арналар арқылы халыққа кеңінен таныстыру және отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстардың нәтижелілігін бағалау.

Осы айда Мерей ауылдық округінде отбасы күніне орай жас отбасылар арасында тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас отбасылардың берекелі шаңырақ құндылықтарын дәріптеу, өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту, отбасыдағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.Кездесуге Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Тастемирова Айнагуль Хакимовна және Тасқала АПб ҚҚб отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресу инспекторы Мұқамбетжан Дана Нұржанқызықатысты.Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік, сыйластық және отбасындағы жағымды ахуалды қалыптастыру тақырыптарында еркін пікір алмасу өтті. Сонымен қатар қатысушыларға арнайы тренинг ұйымдастырылып, қызықты психологиялық жаттығулар арқылы бір-бірін тыңдау, түсіну және қолдау дағдылары пысықталды.

Тасқала ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия есебінде 8 отбасы тіркелген. Бұл отбасылар Тасқала ауданына қарасты Тасқала а.о.-3 отбасы, Достық а.о.-1 отбасы, Ақтау а.о.-1 отбасы, Мерей а.о.-1 отбасы , Мереке а.о.-1 отбасы, Бірлік ауылында - 1 отбасы тұрады. 2025 жылдың 18 қараша айында бекітілген кесте бойынша әр айдың 5 және 20 күндері тәлімгерлер уақытылы отбасыларға барып тексеріс жүргізіледі. Орталық сүйемелдеуге берген отбасылармен кешенді жұмыс нәтижесінде Тасқала а.о. Г. Бекмухамбетова Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясына еден жуушы болып тұрақты жұмыспен қамтылды. Екінші отбасы Л. Бахтованың азаматтық некедегі жолдасыда аудандық ауруханаға жұмысшы болып орналастырылды. Ақтау а.о. А. Ержанованың үйі апаттық жағдайда екені анықталып әкімшілікпен бірлескен жұмыс нәтижесінде азаматшаға уақытша мемлекет теңгеріміндегі үй берілді. Қалған отбасылармен жұмыс жалғасын табады.

      Барлық өткен шаралар, атқарылған жұмыстар орталықтың әлеуметтік парақшасына жарияланып отырады. Әлеуметтік парақша: taskala_otbasyn_koldayortalygy.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық