Меню

Страницы

Статья

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың 10 айы бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
2024 жылдың 10 айы бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат.

Әлеуметтік қорғауға жататын тұлғаларға барлық қаржыландыру көздерінен
114 357 мың теңгеге әлеуметтік және материалдық көмек көрсетілді:
- Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны бүгінгі күнге 35 отбасындағы 171
адам болса, өткен жылмен салыстырғанда 18 отбасындағы 58 адамға немесе 34
пайызға азайды. Жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту
негізінде Мерей,Қосшы, Шежін ауылдық округтерінде атаулы әлеуметтік көмек
алушылар жоқ.
- Кепілдірілген әлеуметтік пакеттер 1-6 жас аралығындағы балаларға 1,5 айлық
есептік көрсеткіш көлемінде 26 отбасындағы 47 балаға тағайындалып, төленді. Өткен
жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмендегені анықталды.
- Тұрғын үй көмегі 17 отбасына тағайындалды;
- Ауданымыздың мұқтаж адамдарының жекелеген санаттарына 263 адамға 31 0
96 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді;
- Үйден оқытылатын 8 мүгедектігі бар балаға 1 027 мың теңгеге материальдық
көмек көрсетілді;
- 331 мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 61 588 мың
теңгеге тиісті компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етілуде. Соның ішінде 55
адам санаторлық курорттық ем алып, оның 4-і балаларымыз, ата аналарымен
демалды, тифлоқұралдарымен 19, кресло арбамен 26 адам және де басқа да
құралдармен қамтамасыз етілді;
- Ауданымызда 2024-2025 жылдарға инватакси жүру үшін екі жылға «Белый
парус» ЖШС пен келісім шарт жасалып (2024 ж- 4198,0 мың, 2025 жыл – 5148,0 мың)
казіргі таңда 20 мүгедектігі бар адамдар пайдалануда;
- Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квота бойынша жоспар 100
пайызға орындалды;
- Мекеме және ауылдық округ әкімдерінің мәліметіне сәйес қайырымдылық
айлығы аясында аудан бойынша 3899,0 мың теңгеге көмек көрсетілді;
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі
№123 бұйрығына сәйкес Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері
қайтарып алу қағидасы негізінде бүгінгі күнге 244 өтініш түсті, соның 128 рұқсат берілді
25 ұзартылса, 91 бас тартылды;
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған кедергісіз орта қалыптастыруға зор
мән беріліп аудан бойынша 80 әлеуметтік нысан бейімдеуге жатады, соның 60
нысаны бейімделді, 2024 жылға жоспарланған 10 нысанның 7-і бейімделді,
орындалмайтын қауіпі бар нысан бұл Достық әкім аппаратының ғимараты;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап
шеккен бір адам біржолғы ақшалай өтемақы алу үшін құжаттардың макеті жасалып
ГЦВП - ға жолданды;
- Бөлім уәкілетті орган ретінде заңнамаларына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз
азаматтарға қатысты есепті күнге 2 адам жолығып, екеуіне де қорғаншы
тағайындалды;
- Есепті күнге 194 қызмет алушыларға 34 әлеуметтік қызметкер қызмет
көрсетуде;
- Аудан бойынша 2024 жылы ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық және
пробация есебінде тұрған азаматтарға адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті
ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органының жұмыс жоспары бекітіліп,
тоқсан сайын комиссия отырысы өткізіледі. Осы санаттағы азаматтарды қайта
әлеумеуметтендіру және қоғамға бейімдеу жобаны іске асыру мақсатында
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бюджеттен 1000,0 мың теңге бөлініп,
тапсырысты Ақтөбе қаласынан «Іскер Ханым» қайырымдылық қоры 900,0 мың
теңгеге конкурсты ұтып алды. Бүгінге күнге осы жобаның аясында семинарлар
теренинг «Бәрі өзіңнен басталады» атты психологиялық семинар өткізіліп, бірнеше
рет мәдени-спорттық шаралар «волейбол», «тенис» ұйымдастырылып, диплом,
медальдар, сыйлықтар табыс етілді және де «Мектепке жол» қайырымдылық акция
ұйымдастырылып, пробация есебінде тұрған адамдардың 8 баласына мектеп
құралдары табысталды. Бұл туралы аудандық «Екпін» газет бетінде, әлеуметтік
желіде мақалалар жарияланды. Мәдени- демалыс іс шарасы аясында қатысушылар
«Оян қазақ!» фильмін тамашалады және жергілікті кітапхананың әдебиетімен
танысты қоғамға қайта бейімдеу жолында маңызды қадам жасады.
- Пробация есебінде тұрған 5 азаматқа әлеуметтік көмек төленді.
- 2024 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3 адамға белгіленіп, жоспар 100
пайызға орындалды;
- Аудандық үш жақты комиссияның отырысында аудан бойынша еңбек
ұжымдарында әлеуметтік шиелен пен еңбек дауларына жол бермеу және алдын алу
жөніндегі мәселелер және еңбек ұжымдарындағы наразылық әлеуеті үнемі
қадағаланып отырады. Аудан бойынша мекеме басшыларымен бірлесіп жалақы
берешектеріне талдау жүргізіліп, бүгінгі күнге берешектері жоқ. Аудандағы бір қатар
мекемелерге (Білім бөлімі, Жасөспірімдер спорт мектебі, аурухана, колледж,
мектептен тыс жұмыс орталығы) міндетті әлеуметтік аударымдардың уақытылы
аударылуы туралы ескертілді;
- Өмірлік қиын жағдайға тап болу қаупін болдырмау мақсатында мемлекеттік қолдауға
мұқтаж отбасыларды белсенді анықтау үшін Цифрлық картаны қолдануды кеңейту.
Осы ЦКС бойынша ауылдық округ әкімдеріне, білім, денсаулық сақтау, ісші істер,
миграция, салық басқармасына бірнеше рет хат жолданды. Осы бойынша дағдарыс
және шұғыл (Д,Е) санаттарынан неғылым қолайлы санаттарға ауыстыру мақсатында
әр отбасымен атаулы жұмыс жүргізу керектігі туралы түсіндірілді. Әкімдер үшін Д, Е
отбасылары санаттарының үлесін ағымдағы жылдың соңына дейін 5% -ға дейін
төмендету бекітіліп, барлық ауылдық округ әкімдеріне жолданды. Есепті күнге 1051
отбасынан төмендегені 84 отбасына.
- Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыруға есепті мерзімге
тіркелген жұмыссыздар саны 505 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1%. Жұмыспен
қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін жолыққандар саны 1675 адам,
жолыққандардың ішінен 1 114 адам тартылды:
Тұрақты жұмысқа орналастыруға 503 адам жолдау жоспарланса, 707 адам
жолданып жоспар140% құрады;
Әлеуметтік жұмыс орындарына 34 адамды жолдау жоспарланса, есепті кезеңге 36
адам жолданып жоспар 105 % құрады;
Жастар тәжірибесіне 95 жас маманды жолдау жоспарланса, 77 жас маман
жолданды жоспар 81 % құрап отыр.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 101 адамды жолдау жоспарланса, есепті кезеңге 240
адам жолданып , жоспар 237 % құрады ;
«Күміс жас» жобасы аясында 16 адамды жолдау жоспарланса, есепті кезеңге 18 адам
жолданып, жоспар 125% орындалды;
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 14 адамды жолдау жоспарланса, есепті кезеңге 14
адам жолданып жоспар 100 % құрады ;
Қайтарымсыз мемлекеттік гранттарды жүзеге асыру үшін жалпы 21 адамға
беру жоспарланса, есепті кезеңге 16 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.
Бастау Бизнес кәсіпкерлік негіздеріне 155 адам оқыту жоспарланса, есепті кезеңге
50 адам оқуды аяқтады 32,3 % .
Қысқы мерзімді оқуға 22 адам жолдау жоспарланса, есепті күнге 25 жұмыссыз азамат
оқуға жолданып, жоспар 136 % құрап отыр.
Ұрпақтар келісімшарты жобасын ұйымдастыру үшін 1 жас маман жолдау
жоспарланса, есепті күнге 1 жас жолданып. Жоспар 100% орындалып отыр.
- Аудан бойынша 666 жаңа жұмыс орындары, соның ішінде 240 тұрақты және
426 маусымдық жұмыс орындарын құру жоспарланса, тұрақты жұмыс орны 241 орын
104 % құрады және маусымдыққа 374 орын.
- Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы аясында
Ұлттық жоба шеңберінде жұмыс орындарын құру жұмыстары 6 жобаға 16 адам
жоспарланса, жалпы жұмысқа жолданғандар 17 адам. Соның ішінде, «Облысты
дамыту бағдарламасы» жобасына - 12 адам, «Тұрғын үй-коммуналдық
инфрақұрылымды дамытудын 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» жобасына - 4
адам. «Жұмыс орындарын бірыңғай құрудың интеграциялық картасы» ақпараттық
жүйесіне енгізілген жұмыс-беруші мердігерлер қатарында:
«Облысты дамыту бағдарламасы» жобасы бойынша:
БҚО Тасқала ауданы, Мереке ауылына кірме жолды күрделі жөндеу
жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «ТОБИ» ЖШС-не 3 адам жұмысқа жолданды;
БҚО Тасқала ауданы, Оян ауылына кірме жолды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп
жатқан мердігер «АСФА» ЖШС-не 3 адам жұмысқа жолданды
БҚО Тасқала ауданы, Мерей ауылының көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі
жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «ТОБИ» ЖШС-не 3 адам жұмысқа
жолданды;
БҚО Тасқала ауданы, Ақтау ауылының көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі
жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «ТОБИ» ЖШС-не 4 адам жұмысқа
жолданды;
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудын 2026 жылға дейінгі
тұжырымдамасы» жобасы бойынша:
-БҚО Тасқала ауданы, Тасқала ауылының Маметова, Панфилова, Чурилина, Кенжина,
Шевченко, Женис, Садовая көшелеріндегі көше жарығын қайта жаңарту жұмыстарын
жүргізіп жатқан мердігер «Жайык Сити» ЖШС-не 2 адам жолданды.

Дата публикации
12 июня 2024
Дата обновления
12 июня 2024
Тип

Сейчас читают

14 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026
02 июля 2026
ҚҰРЫЛТАЙ - 2026
18 февраля 2026
Референдум -2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы