"Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

Негізгі міндеттері мен функциялары:

жергілікті, облыстық және республикалық бюджет қаржыларынан тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақы түрлерімен дұрыс және уақытында қамтамасыз ету;

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға сонымен қатар жұмысқа жарамсыз әлеуметтік көмекке мұқтаж басқа да топтарға, жалғызбасты зейнеткерлерге және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету;

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмек және тиісті әлеуметтік қызмет көрсету;

Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсету;

Мүгедектерді жеке қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету, протез-ортопедиялық көмек ұйымдастыру және есту аппаратарымен қамтамасыз ету;

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесіне біріңғай ақпараттық технология енгізу;
         Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

жұмысшы күшіне ұсыныстар мен сұраныстарды жобалау;

мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден тұрмысы төмен азаматтар базасынан атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

тұрмысы төмен азаматтарға коммуналдық қызметтi төлеуге және тұрғын жайды ұстауға тұрғын үй жәрдемақысын ұсыну қызметiн ұйымдастырады;

тұрмысы төмен отбасыларын кәсіпорындар мен коммерциялық құрылымдарға бекіту бойынша жұмыстар;

уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, іс әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметін орындау;

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бағдарламаларының әкімгері болып табылады;

ұжымдық еңбек қатынастары аумағында әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн реттеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады;

мүгедектерге және жалғызілікті қарттарға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

белгіленген тәртіпке сәйкес, мемлекеттік және ведомствалық есептер құру, оларды бағыныстары бойынша ұсыну, бухгалтерлік есептер мен есептілікті жүргізу;

жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзiне жүктелген басқа да қызметтердi орындайды;

азаматтардың, жұмыс берушілер мен ұйымдардың шағымдары мен өтініштерін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қарауды ұйымдастырады.