"Тасқала ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ
Негізгі функциялары мен міндеттері:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы саладағы заңнамаға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу;
4) елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзедi және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
6) тиiстi өңiрде азық-түлiк тауарлары қорларын есепке алуды жүргiзу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептiлiк ұсыну;
7) «Агроөнеркәсiп кешенiндегi үздiк кәсiп иесi» конкурсын өткiзу;
8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асыру;
11) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер берудi жүзеге асыру;
12) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
13) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
14) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді;
15) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамсыз етеді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органына жүктелетiн өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асыру.