"Тасқала аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

Негізгі міндеттері мен функциялары:

1) аудандағы елді-мекендерді абаттандыру іс-шараларын жетілдіреді және жүзеге  асырады;

2) тұрғындарға тұрғын-үй коомуналдық шаруашылық қызметін көрсету, коммуналдық салада бәсеке дамыту, тұрғын-үй және коммуналдық қызмет меншік иелерінің қарым-қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

3) тұрғын-үй және әлеуметтік саладағы объектілердің қысқы әзірлігі туралы іс-шараларды жетілдіреді және жүзеге асырады;     

4) кәсіпорындардың жылумен, электрлендірумен, газбен, сумен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді;

5) жылу-газ-электр-сумен қамту объектілері жөндеу бойынша тендерлер ұйымдастырады және өткізеді;

6) коммуналдық шаруашылықты, коммуналдық қызметті тұтыну есебін реттеу жұмыстарын дамытуды ұйымдастырады;

7) жолаушылар көлігі қызметін ұйымдастырады;

8) аудандағы автомобиль жолдарын жөндеу және күтімді ұстау туралы іс шараларды жетілдіреді және іске асырады.