2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ
АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жымпиты, 2015
|
Атауы |
2016-2020 жылдарға арналған Сырым ауданының аумағын дамыту бағдарламасы |
|
Зерттеуге арналған негіздер
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 371 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленген, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министірінің 2012 жылғы 22 қазандағы №292 «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы |
|
Аймақтың негізгі сипаттамасы
|
Сырым ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның аумағы 11,9 мың шаршы км. немесе облыс аймағының 7,9% құрайды. Халық саны 20117 адам. Аудан Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау және Ақжайық аудандарымен шекараласады. Аудан орталығы – Жымпиты ауылы, халық саны 5551 адам. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің үлгісі мынадай: 12 ауылдық округ, 38 ауыл. Ауданның әлеуметтік-экономикасының дамуының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады. |
|
Бағыттар
|
Аймақ экономикасының дамуы; Әлеуметтік сала; Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы; Ауылдық аумақтарды дамыту, экология; Мемлекеттік қызмет көрсету; |
|
Мақсаттар
|
Өнеркәсіптің өңдеу секторының дамуы; Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін өсіру; Шағын кәсіпкерлікті дамыту және аймақта кәсіпкерлік ахуалды жақсарту; Ауданның ішкі және сыртқы сауда желілерінің даму инфрақұрылымы; Ауданның ішкі және сыртқы сауда желілерінің даму инфрақұрылымы; Экономиканы дамыту бағытында инвестиция тарту; Педагог кадрлардың кәсібилігін көтеру және мұғалім мамандығының беделін арттыру; Мектеп жасындағы балаларға білім беру қызметтерінің сапасын көтеру; Медициналық ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету; Медициналық ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету; Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын көтеру; Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; Мәдениет саласынының отандық өнімінің қажеттілік өсуін ынталандыру; Жаппай спортты дамыту үшін жағдай жасау; Аудан тұрғындарының қоғамдық санасында мемлекеттік саясатты қолдау деңгейін көтеру, аймақта ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, діни сенім мен бостандықты қамтамасыз ету; Қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету, алдын алу жүйесін дамыту; Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын дамыту; Халықтың бұқара топтарының тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету, инженерлік желілер мен коммуникацияларды жобалау және салу; Негізгі бағыттар бойынша ауылдық аумақтардың дамуын қолдауды қамтамасыз ету; Халыққа электрондық мемлекеттік қызмет көрсету, компьютерлік сауаттылықтың деңгейін көтеру. |
|
Нысаналы индикаторлар
|
Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны; Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі; Өңдеу өнеркәсібінің өндіру көлемі; Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлемінің индексі; Шаруашылықтардағы ірі мүйізді қара және кіші мүйізді қара мал басының үлесі; Ірі мүйізді қара және кіші мүйізді қара мал басының тұқым түрлендіруіндегі үлесі; Жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны; Барлық тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жұмыс істейтін субъектілерінің үлесі; Бөлшек сауданың нақты көлем индексі; Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда айналымын көбейту; Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі; Халықтың жан басына шаққанда негізгі капиталдағы инвестициялар; Апатты жағдайда және үш ауысымды жұмыс істеп тұрған мектептер саны; Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушылардың оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген түлектердің үлесі; Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивты білім берумен балалардың қамтылуы ; Балалардың (3-6 жастағы) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы ; Жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік нормативтік желі бойынша қызмет істеуінің қамтылуы; Ана өлімін төмендету; Бала өлімін төмендету; Қатерлі ісік ауруынан өлім-жітімді төмендету; АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстау(15-49 жас тобындағы); Жұмыссыздық деңгейі; Жастар жұмыссыздығының деңгейі ; Әйелдер жұмыссыздығының; Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі; Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың үлесі; Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны; Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі; Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі; Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі; Ауданында өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны; Кітапханаға барушылар саны; Көпшілік-мәдени іс-шараларға барушылар саны; Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту; Дене шынықтыру және спортпен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт клубтарында шұғылданатын 7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді қамту; Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі; Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі; Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік, орысша және ағылшын); Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы; Кәмелеттік жасқа толмаған жастардың тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы; Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы; Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендеуі (100 адамға шаққанда); Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі; Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі; Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі; Күрделі жөндеу талап ететін кондоминимум объектілерінің үлесін төмендету; Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықталуы; Орталықтандырылған суға қосылған елді мекендер саны; Мемлекеттік орман қорының орманмен қамтылғанойынша кендер саныалуыі алқаптарының алаңы; Тұрғындарды қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту; Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру. |
|
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көзі: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың өз қаражаттары, несиелік қаражаттар. Қаржыландыру көлемі: 2016 жыл – млн. теңге; 2017 жыл – млн. теңге; 2018 жыл – млн. теңге; 2019 жыл – млн. теңге; 2020 жыл – млн. теңге. Барлығы: млн. теңге. Қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджетті бекіту және нақтылау кезінде анықталанатын болады. |
|
|
|
2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы.
Географиялық орналасуы
Сырым ауданы Жайық өзенінің сол жақ бөлігінде және облыстың оңтүстік бастысында орналасқан. Аудан Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау және Ақжайық аудандарымен шекаралас. Жалпы аудан халқы 2014 жылдың соңына 20233 адамды құраған. Жалпы аумағы 11,9 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 7,9 пайызын құрап отыр.
Аудан орталығы - Жымпиты ауылы. 1889 жылы іргесі қаланған. Облыс орталығы Орал қаласынан 140 шақырым жерде орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
Аудан құрамында 12 селолық округ, 38 елді мекен бар. Елді мекендердің аудан орталығынан ең алысы –Жосалы, Елтай және Тоғанас ауылдық округі, ең жақыны – Сарой және Бұлан ауылдық округтері.
Су ресурстары. Аудан аумағында Аңқаты, Шідерті, Өлеңті, Бұлдырты және Жымпиты өзендері бар.
Топырағы. Ауданның барлық аумағы 2 топырақтық-климаттық аймағына бөлінген. Топырақты аймағы негізінен қою қоңыр, қоңыр келеді. Ауданның жыртылатын жердің топырақ бонының орташа бағасы -17.
Жер бедері. Аудан аумағындағы жер бедері негізінен жазық бедерімен сипатталады.
Климаты - континентальды. Жыл бойы қатты желдер соғып жазда ауасы құрғақ. Орташа температура қыста - 14 градус, жазда +25 градус.
Аудан экономикасының негізгі даму бағыты ауыл шаруашылығы. Соның ішінде соңғы жылдары мал шаруашылығына ден қоюда.
Ауданның орналасқан жерінің қолайлылығы мен аймақтың жоғары ресурстық потенциалын, сонымен қатар экономикалық жағдайдың қалыпты дамуы және негізгі әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштердің жақсаруына қарамастан, аймақтың шешілуі қиын мәселелері бар. Соның ішінде:
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2.2.1 Өңірдің экономикасын талдау
Инвестициялар
2014 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1128,7 млн теңгені құрады. Бұл облысқа тартылған жалпы инвестицияның 0,4 пайызы немесе облыста аудандар мен қала арасында 10 орын.
Тартылған инвестицияның көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер |
2012 |
2013 |
2014 |
2014 жыл 2013жылмен салыстырғанда өсуі |
|
Негізгі капиталға тартылған инвестиция, млн теңге |
637,6 |
501,9 |
1128,8 |
2,2 есе |
|
- Соның ішінде жеке тұрғын үй салуға тартылғаны, млн теңге |
128,8 |
176,7 |
186,5 |
1,1 есе |
|
1 тұрғынға шаққандағы тартылған инвестиция көлемі, теңге есебімен |
30556 |
24302 |
55311 |
2,3 есе |
Негізгі капиталдағы инвестицияның нақты көлем индексі, %
|
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
|
149,4 |
76,6 |
228,5 |
2015 жылғы дейін тартылған инвестицияның негізгі бөлігі бюджеттік инвестиция болып табылады. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жүргізіліп жатырған елді мекендерді газдандыруға байланысты бюджеттен үлкен көлемде инвестиция тартылды. Нәтижесінде аудан аумағындағы 38 елді мекеннің 12 елді мекен толық газдандырылды. 2016 жылдың 1 тоқсанында қосымша 10 елді мекенді көгілдір отынға қосу жоспарлануда.
Күшті жақтары:
ауданның инвестициялық тартымдылықтары;
тиімді географиялық орналасуы;
Әлсіз жақтары:
инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылым дамымағандығы (арнайы аймақтар, ақпараттық-аналитикалық, транспорттық және т. б.);
инвестицияларды тартумен байланысты мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.
Мүмкіндіктер:
Мемлекеттік және жеке инфрақұрылымды инвестицияларды тартуды тиімді қалыптастыру;
Қауіп-қатерлер:
өңірдің негізгі капиталға инвестициялар көлемінің төмендеуі қолда бар өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетін дамыуының жоғалуы;
инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы.
Өнеркәсіп
Ауданның өнеркәсіпті дамытудың басты мақсаты бүгінгі күнде өңдеу өнеркәсібі үлесінің ұлғаюы, кәсіпорындардың технологиялық және техникалық артта қалушылықты жеңу болып табылады.
Өнеркәсіп өнімін шығару
|
р/с |
Атауы |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2014 жыл 2013 жыл %-ға |
|
1 |
Өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі, млн. теңге |
151,3 |
189,4 |
223,1 |
118,0 |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
126,5 |
147,2 |
155,7 |
105,8 |
|
|
Жалпы өндірістегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі, % |
83,6 |
77,8 |
69,8 |
Х |
|
|
Тамақ өнімдерін өндіру |
126,5 |
120,7 |
120,7 |
100 |
|
|
-етті қайта өңдеу мен консервілеу және ет өнімдерін өндіру |
41,4 |
41,4 |
41,4 |
100 |
|
|
-сүт өнімдерін өндіру |
59,8 |
0 |
0 |
0 |
|
|
-нан және ұн өнімдерін өндіру |
25,3 |
79,3 |
79,3 |
100 |
|
|
Өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіру |
|
3,5 |
12,0 |
3,4 есе |
|
|
Жиһаз жасау |
|
23,0 |
23,0 |
100 |
|
|
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау |
24,8 |
42,2 |
64,7 |
1,5 есе |
|
|
- Суды жинау, өңдеу және бөлу |
24,8 |
34,8 |
63,8 |
1,8 есе |
|
|
- кәріз жүйесі |
|
0,9 |
0,9 |
100 |
|
|
- қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату |
- |
6,5 |
- |
0 |
|
|
2 |
өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі, % |
69 |
101,1 |
104,1 |
Х |
2014 жылы өнеркәсіп өнімі 223,1 млн.теңге мөлшерде шығарылды, яғни 2013 жылдан 11,8 % деңгейден асқан. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2009 жылы 104,1 % құрады.
Өнеркәсіп өндірісі өнімінің негізгі үлесін өңдеу өнеркәсібі құрады, 2012 -2014 жылдары орташа есеппен 69,8-83,6 % аралығында болды..
Өндірістің тұрақтылығы, экономикалық өсу тұрақтылығына жету келешекте өндіріс дамуының басымдылығы болып табылады.
Өнеркәсіп бойынша талдау
Күшті жақтары:
Кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша сапалы дайындау үшін ТжКБ ұйымдарының желісінің болуы;
Азық-түлік өнеркәсібінің жоғары индустриялық әлеуеті;
Әлсіз жақтары:
Бар өндірістік қуаттардың толық пайдаланбауы.
Мүмкіндіктер:
ИИДМБ бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ("Бизнестің Жол картасы-2020" бірыңғай бағдарламасы)
Қауіп-қатерлер:
Бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік экономиканың әлемдік экономикаға интеграциялаумен байланысты төмендеуі.
Ауыл аймақтарды дамыту .
2015 жылғы 1 қаңтарға аудан бойынша 38 елді мекен бар. Соның ішінде 3-уі тірек елді мекен - Алғабас, Аралтөбе және Бұлдырты ауылдары. Даму деңгейіне байланысты елді мекендердің 4–уі даму потенциялы жоғары, 28-і даму потенциалы орташа және 6 елді мекен даму деңгейі төмен.
2012-2014 жылдары аудан көлемінде 1 мектеп күрделі жөндеуден өтті.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен ауданға 2012 жылдан бастап бюджет қаражаты бөлініп, осы бағдарлама арқылы тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2012 жылы 2784,0 мың теңге бөлініп 2360,0 мың теңгесі игерілген болатын /424,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделді/, осы қаржыға 3 елді мекендердегі қордаланған күл-қоқыстарды шығарылды
2013 жылы ауданға 16323,0 мың теңге бөлініп 13 жоба іске асырылды. Әр округтың елді мекендеріндегі 73871,5 күл-қоқыстарды шығаруға 14194,5 мың теңге жұмсалды /2128,5 мың теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделді/. Оның ішінде:
2014 жылы 18818,0 мың теңге бөлініп, 6 жоба іске асырылды.
2015 жылы 18818,0 мың теңгеге 3 жоба іске асырылды. Атап айтсақ:
Аудан аумағындағы басты проблемалардың бірі дәрігер кадрлармен қамтудың төмендігі. 2015 жылғы 1 қаңтарға елді мекендерді даумының мониторингісіне сәйкес дәрігер кадрлардың жетіспеушілігі 40%. Сонымен қатар, шағын жинақталған мектептерде (педагок-психолог, математика және орыс тілі пәнінің) кадрлардың жетіспеушілігі байқалады.
Осы күрделі мәселелерді шешу үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асуда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау мақсатында 2009 жылдан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына сәйкес бастап іске асырылып келеді және осы сала мамандарына республикалық бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттрік кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынады.
2012 жылдан бері осы бағдарлама іске асырылғаннан бастап ауданға 175 маман (Білім-101, мәдениет және спорт-21, денсаулық-43, ветеринария-8, әлеуметтік қамсыздандыру-2) келіп 22078,4 мың теңге көтерме жәрдемақы берілсе, 78 маманға (Білім-43, мәдениет және спорт-17, денсаулық-10, ветеринария-7, әлеуметтік қамсыздандыру-1) тұрғын үй салуға немесе сатып алуға 179164,6 мың теңгенің бюджеттік несие берілді. Қазіргі кезде осы мамандар аудан аумағындағы елді мекендерде тұрақтап әр салада өз жұмыстарын жалғастыруда. Бұл қазіргі кезде елімізде жастардың баспаналы болуына және елді мекенде тұрақтап жұмыс істеуіне жасап жатырған үлкен көмек деп түсінген жөн. Осы бағдарлама бойынша қазіргі уақытта тұрғын үй алуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді, алайда ауданға бөлінетін несие көлемі аз болуына байланысты келген мамандардың сұранысын толық қанағаттандыра алмай отырмыз. 2015 жылдың 1 қарашасына 40 маман ниет білдіріп отыр.
Аграрлық-өнеркәсіп кешені
Ауыл шаруашылығы саласы - ауданның материалдық өндірісінің жетекші саласы болып табылады.
2014 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4960,3 млн. теңгені (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1825,5 млн. теңгені, мал шаруашылығы 3115,0 млн. теңгені, басқа салаларында 19,8 млн теңгені құрап отыр) құрады, бұл 2012 жылға (4629,5 млн теңге) қарағанда 107,1%-ға жоғары, нақты көлем индексі 2014 жылы – 100,7%.
|
|
2012 |
2013 |
2014 |
Өсім 2014 /2012/ % |
|
АШ жалпы өнімі, млн теңге |
4629,5 |
4793,0 |
4960,3 |
107,1 |
|
АШ өнімінің НКИ, % |
82,2 |
98,8 |
100,7 |
|
|
ӨШ жалпы өнімі, млн теңге |
1751,8 |
1769,3 |
1825,5 |
104,2 |
|
ӨШ өнімінің НКИ, % |
54,6 |
96,1 |
100 |
|
|
МШ жалпы өнімі, млн теңге |
2877,7 |
2994,6 |
3115,0 |
108,2 |
|
МШ өнімінің НКИ, % |
97,1 |
100,4 |
100,7 |
|
Ауданның жер қорында 1122362 гектар жер ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Оның ішінде 185292 гектар егістік жерлер ауылшаруашылық айналымының есебінде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 19185 мың гектарды құрады.
Егіс алқабы, гектар
|
Атауы |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
2012жылға қарағанда 2015 жылы % |
2013жылға қарағанда 2015 жылы % |
2014 жылға қарағанда 2015 жылы % |
|
Егіс алқабы, барлығы: |
47647 |
30761 |
16753 |
10740 |
22,5 |
34,9 |
64 |
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Дәнді дәнді дақылдар |
40691 |
27082 |
15529 |
9448 |
23,2 |
34,8 |
60,8 |
|
Майлы дақылдар |
6512 |
3215 |
740 |
750 |
11,5 |
23,3 |
101 |
|
картоп |
180 |
190 |
200 |
230 |
127 |
121 |
115 |
|
Көкөністер |
164 |
168 |
172 |
192 |
117 |
114 |
111 |
|
Бақша дақылдар |
100 |
106 |
112 |
120 |
120 |
113 |
107 |
Егіс алқабы 2012 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 4,4 есеге кеміп немесе 22,5%, 2013 жылға қарағанда 2,8 есеге кеміп, немесе 34,8% құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге кеміп, немесе 64% құрады, сонымен қатар дәнді дақылдар егістігі 2012 жылға қарағанда 4,3 есеге кеміп, немесе 23,2%, 2013 жылға қарағанда 2,8 есеге кеміп, немесе 34,8% құрады, 2014 жылға қарағанда 1,6 есеге кеміп 60,8% құрады, картоп алқабы 2012 жылға қарағанда 27%, 2013 жылға қарағанда 21%, 2014 жылға қарағанда 15%, көкөністер алқабы 2013 жылға қарағанда 17%, 2013 жылға қарағанда 14%, 2014 жылы 11%, 2012 жылмен салыстырғанда бақша дақылдары 1,2 есеге, 2013 жылы 1,13 есеге, 2014 жылмен салыстырғанда 1,1 есеге ұлғайтылды.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы
центнер 1 гектармен
|
|
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
2012жылға қарағанда 2015 жылы % |
2013жылға қарағанда 2015 жылы % |
2014 жылға қарағанда 2015 жылы % |
|
Дәнді дәнді дақылдар |
3,4 |
4,3 |
4 |
2,2 |
64,7 |
51,1 |
55 |
|
Күнбағыс |
2 |
2 |
1,4 |
2 |
100 |
100 |
142 |
|
Картоп |
120 |
100 |
112 |
122 |
101 |
122 |
108,9 |
|
Көкөністер |
120 |
120 |
120 |
125 |
104 |
104 |
104 |
|
Бақша дақылдар |
100 |
105 |
105 |
120 |
120 |
114,2 |
114,2 |
Дәнді дақылдар шығымдығы 2012 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 35,3% кеміді, 2013 жылға қарағанда шығымдылығы 48,9% кеміді, 2014 жылға қарағанда шығымдылығы 45% кеміді. Картопты өндіру 2012 жылға қарағанда 101%, 2013 жылға қарағанда 122%, 2014 жылға қарағанда 108,9% көкөністерді өндіру 2012 жылға қарағанда 104%, 2013 жылға қарағанда 104%, 2014 жылға қарағанда 104% ұлғайтылды. Бақша дақылдары 2012 жылы 120%, 2013 жылы 114,2%, 2014 жылы 114,2% артық өндірілді.
2015 жылдың 1 қаңтарына ауданда агроқалыптастыру 305 құрайды, оның ішінде: 9 ЖШС, 296 шаруа қожалығы.
8-кесте
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін шығару
тонна
|
|
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
2015жылы % 2012жылы |
2015жылы % 2013жылы |
2015 жылы % 2014жылы |
|
Астық, оның ішінде: |
3372 |
6052 |
4469 |
632 |
18,7 |
10,4 |
14,1 |
|
бидай – барлығы |
2265 |
4949 |
2516 |
250 |
11 |
5 |
9,9 |
|
одан: |
|
|
|
|
|
|
|
|
күздік егіс |
453 |
248 |
196 |
|
|
|
|
|
жазғы егіс |
1812 |
4701 |
2320 |
250 |
13,7 |
5,3 |
10,7 |
|
күздік қара бидай |
126 |
276 |
780 |
206 |
163 |
74,6 |
26,4 |
|
арпа |
726 |
819 |
1138 |
176 |
24,2 |
21,4 |
15,4 |
|
тары |
28 |
8 |
34 |
|
|
|
|
|
күнбағыс |
160 |
136 |
11 |
120 |
75 |
88,2 |
11 есе |
|
Картоп |
2160 |
1900 |
2240 |
2806 |
142,5 |
147,6 |
125,2 |
|
көкөністер |
1968 |
2016 |
2060 |
2400 |
121,9 |
119 |
116,5 |
|
бақша дақылдары |
1000 |
1113 |
1176 |
1440 |
144 |
129,3 |
122,4 |
2015 жылы дәнді дақылдардың өнделгенен кейінгі жалпы өнімі 632 тоннаны құрады, егін өнімі 2,2 ц/га және ауа райының қолайсыздығына (қуаңшылығына) байланысты егістік алқаптардың 75% есептен шығарылды.
Ауыл шаруашылық саласының динамикалық дамуына көрсетілген мемлекеттің «Агробизнес 2020» бағдарламасы тиімді қолдаудың мүмкіндігі туғызылады.
2012 жылы көктемдік егістік және жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 36,7 млн.теңге, 2013 жылы 16,8млн.теңге, 2014 жылы - 13,8 млн.теңге, 2015 жылы 26,3 млн.теңге бөлінді.
2015 жылдың 1 қаңтарында ауданда 687 трактор, 102 астық жинайтын комбайн, 329 тұқым сепкіш, 2 жоғары өндіруші егістік кешендері мен басқа ауылшаруашылығы техникалары болды
2015 жылдың 9 айында «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы лизингке ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 54,2 млн. теңге сомасына 27 бірлік техника, оның ішінде 13 трактор, 5 шөп тайлағыш агрегат, 6 шөп үйетін агрегат, 2 шөп үйетін агрегат және басқа техникалар сатып алды
Мал шаруашылығы
Сырым ауданы - мал шаруашылығы дамыған өңір. Мал шаруашылығының табысты дамуы көбінесе оның жемшөп базасының мықтылығымен айқындалады.
Ауданның мал шаруашылық өнімдерінің негізгі өндірушілері - ауыл тұрғындарының шаруашылығы-74,5%, шаруа қожалығы (фермерлік шаруашылығы) 26,5% болып табылады.
Ауданның мал шаруашылығында етті мал шаруашылығы дамыған (ірі қара мал басы), шошқа және құс шаруашылығы, сондай-ақ жылқы шаруашылық саласы дамыған.
9-кесте
Мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері
|
Атауы |
2012 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
2012 жылды 2014 жылмен салыстырғанда %, өсу қарқыны |
|
Ірі қара мал, мың бас |
29,0 |
32,3 |
35,3 |
40,9 |
121,7 |
|
Оның ішінде сиыр, мың бас |
12,1 |
14,1 |
15,3 |
18,0 |
126,4 |
|
Шошқа, мың бас |
0,57 |
0,46 |
0,17 |
0,27 |
29,8 |
|
Қой мен ешкі, мың бас |
66,6 |
74,8 |
81,5 |
97,8 |
122,3 |
|
Жылқы, мың бас |
8,4 |
9,5 |
10,8 |
12,8 |
128,5 |
|
Құс, мың бас |
12,7 |
13,5 |
16,1 |
17,6 |
126,7 |
|
Шығарылды: |
|
|
|
|
|
|
- ет, мың тонна |
4,9 |
4,9 |
4,9 |
3,8 |
100 |
|
- сүт, мың тонна |
13,1 |
13,2 |
13,4 |
11,3 |
102,2 |
|
- жұмыртқа, мың дана |
1520 |
1523 |
1683 |
1490 |
110,7 |
|
- жүн, тонна |
132 |
147 |
184 |
197 |
139,3 |
Мәлімет көзі: Сырым ауданы бойынша статистика департаментінің мәліметі бойынша;
Мал шаруашылығы саласында барлық шаруа санатындағы малдар мен құстар санының өсу тенденциясы көрсетіледі. 2012 жылдың 1 қаңтарында ірі қара мал басы: 29,0 мың бас немесе 2014 жылы өсім 21,7% құрады, оның ішінде: сиыр саны –12,1 мың бас немесе 2014 жылы өсім 26,4 %. Шошқа саны 0,57 мың басқа жетті немесе 2014 жылы азаюы 29,8%; қой және ешкі – 66,6 мың бас немесе 2014 жылы өсім 22,3%; жылқы – 8,4 мың бас немесе 2014 жылы өсім 28,5 %; құс басы 12,7 мың басты құрады немесе 2014 жылы өсім 26,7% болды.
2014 жылдың қортындысымен мал және құс еттерінің барлық түрі (тірідей салмағы) 4,9 мың тонна өндірілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 100,0% құрады, сүт 13,4 мың тонна немесе 2012 жылмен салыстырғанда 102,2%, жұмыртқа 1683 мың дана немесе 2012 жылмен салыстырғанда 110,7 % өсіп отыр.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы
Асыл тұқым базасы мал шаруашылығында асыл тұқым шаруашылығының тұрақты өсуімен сипатталады. Асыл тұқымды шаруашылығының үлес салмағы жалпы мал басы 3,5% құрады.
Ауданның 6 ауыл шаруашылық кәсіпорындары асыл тұқымды мал шаруашылығы есебінде тұр. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісінің мәртебесіне ие 1 шаруашылық және 5 асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылығы бар.
Асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылықтардағы: ірі қара мал басы - 1421, оның ішінде сиыр –1404 бас. Жалпы бас санына шаққанда асыл тұқымды малдың үлес салмағы: ірі қара мал - 3,5%, оның ішінде сиыр –9,1 % құрайды.
Ауданда жергілікті малдың асыл тұқымды және өнімділік сапасын жоғарылату бойынша мақсатты бағытталған селекциялық-асыл тұқымды жұмыстар жүргізіледі.
Малдың тиімді және асыл тұқымды сапасын жақсарту жұмысында келесі тұқым түрлеріне басымдылық берілді:
- етті мал шаруашылығында - қазақтың ақ басы және геррефорд тұқымдары;
Малдарды ауыл шаруашылық қалыптастыруда жасанды асылдандырумен толық қамту мақсатында, сондай-ақ ауданның барлық селолық елді мекендердегі үй шаруашылығындағы малдарды 14 пункте жасанды ұрықтандырылады. 2012 жылы ІҚМ аналық санынан 2650 бас ұрықтандырылды. 2015 жылға ІҚМ ұрықтандырылған аналық санын 2839 бас.
Ветеринария
Аудандағы 12 округте 41 ветеринариялық маман жұмыс істейді.
2015 жылы 17 жұқпалы ауруға қарсы алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Бұл мақсаттарға республикалық бюджет қаражатынан 16642,0 теңге бөлінді.
Мал ауруының диагностикасы мақсатында 41590 жақын ірі қара мал басы бруцеллез ауруына тексерістен өткізілді, ауру жұқтыруы -1,2% құрайды. Ауданда 7 мал сою алаңы тіркелген еді, ал олардың жұмыс жүктемелігі 35, яғни 50% қамтылған. 2014-2015 жылдары өнімділігі 50 басқа дейін кәсіпкерлердің өз қаражат есебінен салынған 7 мал сою аландары пайдалануға берілді.
Ауданда дала және үй жануарларының құтыру ауруы бойынша 2015жылдың осы кезенінде 1 бас түлкі тіркелген.
Бұралқы ит – мысықтарды жою жұмыстарына жергілікті бюджеттен жылма-жыл қаржы бөлініп келеді. Биылғы жылыда бұл мақсатқа 2,0 млн теңге бөлініп, 1 млн 930 мың теңге игеріліп отыр, бүгінгі күнге 1473 бас қаңғыбас ит – мысықтар жойылып отыр.
АӨК бойынша талдау
Күшті жақтары:
саланы дамытуды қолдау үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша жыл сайын қажетті қаржы қаражатын бюджеттерден бөлу;
ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға инвестициялайтын жеткілікті қаржы институттары қажет;
жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс және салыстырмалы түрде төмен өткізу бағасы.
Әлсіз жақтары:
саланың табиғи-климаттық факторларына жоғары тәуелділік;
өндірістің ұсақ тауарлығы;
ауылшаруашылық мұқтаждықтарына жарамды табиғи су көздерінің болмауы, жайылымдардың суландыруының жоқтығы;
Мүмкіндіктер:
мал шаруашылығын дамыту;
дәстүрлі мал шаруашылығы саласында асыл тұқымды және өнімділік сапасын одан әрі жетілдіру;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуін ұйымдастыру және желісін дамыту;
селекциялық жолымен асыл тұқымды малдың жаңа желілер мен тұқымдастығы ерекшеленетін ерекше асыл тұқымды, өнімді және бейімделетін қасиеттері (белгілері) бар малдар шығару.
Қауіп-қатерлер:
мал басы санының азаюы, тиісінше ауыл шаруашылығы өнімдерініңде азаюы;
шығарылатын өнім бағасының өсуі;
өсімдік шаруашылығында жиі жиі қайталанатын құрғақшылық.
Құрылыс
2014 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі - 762,5 млн.теңге.
Жалпы, 2014 жылы эксплуатацияға еңгізілгені 4333 ш.м, 2010 жылға қарағанда көрсеткіш 2,4 есеге жоғары.
Елді-мекендер үш жыл ішінде (2012-2014) сумен қамтылып, эксплуатацияға 113,4 шақырым су құбыры желісі еңгізілді.
Құрылыс саласы бойынша атқарылған жұмыстардың динамикалық сараптамасы
|
Көрсеткіштер |
2012 жылы |
2013 жылы |
2014 жылы |
2014 жыл 2013 жылға салыстырғанда, % |
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн теңге |
331,7 |
693,4 |
2193,2 |
316,3 |
|
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, % |
55,9 |
200,1 |
313,8 |
156,8 |
|
Барлық қаржы көзінен салынған тұрғын үй (ш.м.) |
2700 |
3482 |
4333 |
124,4 |
|
Пайдалануға берілген пәтер саны |
39 |
32 |
48 |
150,0 |
|
Салынған қоғамдық және өндірістік ғимараттардың көлемі (мың ш.м.) |
1,421 |
2,044 |
4,027 |
197,0 |
Еліміздің экономикалық әлеуметтік жағдайының жақсаруына байланысты құрылыс жұмыстарының көлемі де артып келеді. 2012 жылы бұл көрсеткіш 331,7 млн теңге болған болса, 2013 жылы 693,4 млн теңге және 2014 жылы 2193,2 млн теңге көлемінде болып отыр немесе 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,6 есе өсіп отыр.
Аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсаруы, елді-мекендердің газдандырылуы, саяси тұрақтылық халықтың көшіп келуіне оң әсерін тигізді. Жалпы 2012-2014 жылдары 10515 шаршы метрді құрайтын 119 үй пайдалануға берілді.
«Мекен-жай» Ақпаратық жүйесі» жобасына 2014 жылы ономастика және ауданның сәулет, қалақұрылыс салалары бойынша ИС АР қамту бағдарламаларын еңгізу жұмыстары жүргізілді.
Су жүйесі. Ауа райының ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, сумен қамту жүйесінің техникалық жағдайының төмен болуына байланысты елді-мекендерді сапалы ауыз сумен қамту қазіргі таңда маңызды міндет болып табылады. Бұл міндеттерді орындау үшін «Ақбұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама бойынша Жымпиты, Талдыбұлақ ауылдарының 1599 тұрғын үйге дейін су құбыры тартылып, жаңа құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарына 113,4 км су жүйесі желісі тартылу жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар ауыл тұрғындарына сапалы ауыз сумен қамту айтарлықтай дәрежеде қол жеткізді.
Құрылыс саласы бойынша талдау
Күшті жақтары:
ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша көлемін ұлғайту;
жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы;
Әлсіз жақтары:
жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың жоқтығы;
жеткіліксіз қаржыландыру себебінен жалға берілетін тұрғын үй құрылысының әлсіз дамуы;
Мүмкіндіктер:
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру.
Қауіп-қатерлер:
мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінуінен тікелей тәуелділік;
тұрғын үй құрылысы, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы.
Шағын және орта бизнес.
Ауданымызда жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 2013-2014 жылдары 73,1-75,3 пайыздық көрсеткіш болды. 2015 жылдың 9 айында 86,2 пайызды құрайды. (ауыл шаруашылығы саласында – 8,0 пайызға, құрылыс саласында – 2,9 пайызға азайды. Ал көлік және жолаушы тасымалдау саласында – 22,8 пайызға, сауда-саттық саласында – 18,7 пайызға, қоғамдық тамақтандыру саласында – 12,5 пайызға, басқа салаларда 26,9 пайызға көбейді)
|
Индикаторлар, көрсеткіштер атауы |
Өлшем бірлігі |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны |
бірлік |
737 |
677 |
703 |
877 |
|
Барлық тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішіндегі жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесі |
% |
83,9 |
73,1 |
75,3 |
86,2 |
Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 2013 жылы жаңадан 77 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, 2014 жылы 94 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, 2015 жылдың 10 айында 101 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп отыр.
|
Индикаторлар, көрсеткіштер атауы |
Өлшем бірлігі |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Жаңадан тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны |
бірлік |
136 |
77 |
94 |
101 |
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2014-2015 жылдары «Бизнес кеңесші» тақырыбында 69 адам оқытылды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2014 жылы 415,3 млн.теңгенің несиесі берілсе, 2015 жылдың 10 айында 466,9 млн.теңге несие берілді.
|
Мемлекеттік бағдарламалар арқылы алынған қаржы |
Өлшем бірлігі |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Бизнестің жол картасы-2020 |
млн. теңге |
6,0 |
81,3 |
1,3 |
- |
|
Жұмыспен қамту-2020 жол картасы |
млн. теңге |
215,0 |
71,0 |
66,0 |
37,0 |
|
Сыбаға |
млн. теңге |
96,4 |
108,8 |
203,2 |
108,3 |
|
Құлан |
млн. теңге |
- |
- |
41,1 |
222,9 |
|
Алтын асық |
млн. теңге |
- |
- |
17,7 |
17,3 |
|
Басқа |
млн. теңге |
- |
- |
86,0 |
81,4 |
Ауданда өткен жылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіпкерлерді қолдау орталығы жұмыс жасап келеді. Кәсіпкерлерді қолдау орталығы қаржылық және қаржылық емес бағдарламалар жөнінде тегін кеңес береді. Орталықта кәсіпкерлерге екі кеңесші қызмет көрсетеді, 2014 жылы кәсіпкерлерге барлығы 575 қызмет түрін көрсетсе, 2015 жылы 10 айда 705 қызмет түрін көрсетті.Осындай мемлекеттік бағдарламалар арқылы көрсетілген қызметтердің арқасында жыл сайын жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша талдау
Күшті жақтары:
кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;
ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдау;
ШОК жалпы өңірлік өнімі үлесінің өсуі, шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтылғандар санының көбейуі.
Әлсіз жақтары:
ШОБ субъектілерінде меншікті айналым қаражаттарының, кепілдік мүліктің жеткіліксіздігі;
кәсіпкерлердің хабардар болу деңгейінің төмендігі, білікті кадрлардың тапшылығы.
Мүмкіндіктер:
рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту;
ШОК субъектілеріне мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қауіп-қатерлер:
индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымын статистикалы мәліметтерге сүйенсек, 2013 жылы-133,4 пайыз, 2014 жылы-105,1 пайыз, 2015 жылдың 9 айында 110,3 пайызды құрап отыр. Бөлшек сауда айналымын халықтың жан басына шаққанда 2013 жылы-86,5 мың теңге, 2014 жылы-97,4 теңге, 2015 жылдың 9 айында 75,6 мың теңгеден келді. Жыл аяғына дейін 79 мың теңгеге жету жоспарымызда бар.
|
Индикаторлар, көрсеткіштер атауы |
Өлшем бірлігі |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі |
% |
106,7 |
133,4 |
105,1 |
102,5 |
|
Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда айналымын көбейту |
мың теңге |
62,5 |
86,5 |
97,4 |
79,0 |
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласынан кейінгі дамыған бұл сауда-саттық саласы. Бүгінгі таңда ауданда сауда-саттықпен айналысатын жұмыс жасап тұрған 248 жеке кәсіпкер тіркелген. Осының ішінде аудан бойынша 93 сауда дүкендері халыққа қызмет көрсетуде. Аудан орталығындағы сауда орындарының тұрғындарға қызмет көрсету сапасы төмен, әлі күнге дейін азаматтардың бір сауда нүктесіне кіріп, барлық тауарларды алуға мүмкіндігі жоқ. Осы мақсатта аудан орталығынан супермаркет ашатын кез келгенін заман талабы дәлелдеп беріп отыр. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер «Сапаров М.» супермаркет салуда, 2016 жылы ашу жоспарлануда. Ауданымыз маңызы бар халықаралық Самара-Шымкент тас жолында орналасуын ескеріп, келесі жылы «Жібек жолы» шаруа қожалығы жолаушыларға қызмет көрсету кешенін (кемпинг) ашуды жоспарлап отыр. Осындай үлкен көлемде ашылатын сауда орындарының жұмысын ескере отырып, алдағы жылдары бөлшек сауда айналымы да халықтың жан басына шаққанда келетін қаржысы да жоғары болады деп күтілуде. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар арқылы сауда-саттық саласына 2014-2015 жылдары 53,7 млн теңгенің несиесі берілді.
Бөлшек сауда бойынша талдау
Күшті жақтары:
ішкі сауданының дамыуына заңнамалық және институционалдық негіз болуы;
тауар айналымының жыл сайынғы өсуі;
Әлсіз жақтары:
әкімшілік кедергілер;
жаңа дүкендер салуға немесе кеңейту үшін арналған алаңдар жетіспеушілігі;
отандық кәсіпорындардың өнім ассортиментінің таршылығы, оның бәсекеге қабілеттілігі импорттық тауарлармен салыстырғанда әлсіздігі;
Мүмкіндіктер:
жергілікті өнім өндірісін өсіру;
әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
көлік-логистикалық орталықтар желісін дамыту;
бәсекелестіктің өсуі, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттігін өсіру;
Қауіп-қатерлер:
жергілікті өндірушілерді шет жерлердің сауда желілері тарапынан ығыстыру;
қазіргі заманғы сауда форматтары шағын бизнес кәсіпорнын ығыстыру;
Ауданның негізгі экологиялық мәселелері болып Өлеңті және Шідерті өзенінің экожүйесін сақтау және Тоғанас ауылының ішінде төгілген мазуттың орнын тазарту болып табылады. Мазут қалдығы төгіліп ластанған жердің жалпы аумағы 11907 шаршы метрді құрап отыр.
Атмосфералық ауаны ластау. Атмосфералық ауаны ластаушы болып негізінен аудандағы жылыту қазандықтары мен автокөліктері болып табылады. Алдын алу мақсатында елді мекендерді газдандыруға байланысты әлеуметтік нысандардағы бұрынғы көмірмен жағылып келген жылыту қазандықтарын газбен жылыту жүйелеріне ауыстырылуда.
Жер ресурстарын қалдықтармен ластау. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған арнайы белгіленген полигондар барлық округтерде бар. Алайда осы полигондарды күтіп ұстау үшін арнайы жабдықталмаған. 2015 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Жымпиты ауылының шетінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыратын полигонды жайластыру мақсатында 2800,0 мың теңгеге айналасы қазылып, ішіндегі қалдықтар жинастырылып, басына үйшік орналастырылды. Осы полигонда арнайы сұйық қалдықтарды төгетін жерді әзірлеу үшін қосымша полигонның аумағын үлкейту мақсатында қосымша жер актісі алынуда.
Экология бойынша талдау
Күшті жақтары:
жыл сайын стационарлық көздерден шығатын шығарындыларды азайту;
Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алу;
Әлсіз жақтары:
жинақталған тұрмыстық қалдықтар санының өсуі;
көптеген полигондар және ауылдың қоқыс тастайтын жерлердің санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкессіздігі;
ауданның көптеген елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қаржыландырудың жетіспеушілігі;
Мүмкіндіктер:
жалпы көлемі көмілуге тиіс қалдықтарды төмендету;
бизнес саласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге тарту;
Қауіп-қатерлер:
экологиялық жағдайдың нашарлауы, өзен арнасының бұзылуы, жағалау сызығының құлдырауы, өсімдіктер өсуінің азаюы, биологиялық әр түрліліктің қысқаруы;
жылдан жылға Өлеңті өзенінің кебуі.
Демографиясы. 2012 жылы халық саны 20652, 2013 жылы 20408 және 2014 жылы 20233 адам болып отыр. 2012 жылға салыстырғанда 419 адамға азайып отыр. Жыл сайын халық санының табиғи өсімнің оң сальдосы бола тұрса да (2012 -240, 2013 -192, 2014 -265) халықтың көшіп қонуы әсерінен азайып отыр.
|
|
2012 |
2013 |
2014 |
Өсім 2014 /2013 % |
|
Туғандар саны |
387 |
349 |
419 |
1,2 есе |
|
- 1000 адамға шаққанда |
18,7 |
17,1 |
20,7 |
1,2 |
|
Өлгендер саны |
147 |
157 |
154 |
98 % |
|
- 1000 адамға шаққанда |
7,1 |
7,6 |
7,6 |
100 |
|
Табиғи өсім |
240 |
192 |
265 |
1,4 есе |
1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 2014 жылы 20,7 (2012 жылы – 18,7) болып отыр, немесе облыстық көрсеткішпен (2014 - 20,7) бірдей болып отыр.
1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 2014 жылы 7,6 құрап отыр, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 7,1 болған болатын. Облыстық көрсеткіш 2014 жылы – 8,8 болған.
Жергілікті халықты тұрақтандыру мақсатында елді мекендерді газдандыру және ауыз су тартылуда. Көшіп кеткендердің басым бөлігі облыс орталығы Орал қаласына және Ақсай қаласына еңбек ақысы жоғары жұмыстарға тұру мақсатында көшуде.
Әлеуметтік сала
Халықты жұмыспен қамтып жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу ең пәрменді әлеуметтік саясат жұмыспен қамту саясаты болып келеді және солай болып қала береді.
|
№ |
Индикаторлар, көрсеткіштер атауы |
Өлшем бірлігі |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 жылдың 10 ай |
||||
|
Жоспар |
Орынд. |
Жоспар |
Орынд. |
Жоспар |
Орынд. |
Жоспар |
Орынд. |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
||||
|
1 |
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі |
% |
0,9 |
0,8 |
0,8 |
0,7 |
0,8 |
0,7 |
0,8 |
0,7 |
|
2 |
АӘК алатын халықтың ішінде жұмысқа жарамды халықтың үлес салмағы |
% |
40 |
40 |
37,5 |
36,5 |
34,5 |
36,5 |
34,5 |
32 |
|
3 |
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі |
% |
60 |
43 |
60 |
56 |
70 |
63 |
70 |
63 |
|
4 |
Қоғамдық жұмыстарға қатысқан азаматтардың саны көбеюі |
адам |
376 |
715 |
378 |
788 |
379 |
626 |
379 |
387 |
|
5 |
Құрылған жұмыс орындарының саны |
орын |
341 |
475 |
341 |
488 |
341 |
491 |
341 |
602 |
|
6 |
Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктігін арттыруға жолданған азаматтардың көбеюі |
адам |
43 |
44 |
44 |
44 |
45 |
43 |
47 |
0 |
|
7 |
МАӘК алатын жұмыссыз азаматтардың үлес салмағы, МАӘК алатын халықтың жалпы санынан |
% |
23 |
23 |
23 |
18,2 |
21 |
18,2 |
20 |
18 |
2014 жылы және 2015 жылға болжам бойынша жұмыссыздық денгейі 0,8 пайыз. Қазіргі таңда, аудан бойынша Ресми жұмыссыздық деңгейі 0,1 %-ға түсіп, 0,7-%-ды құрап отыр. Былтырғы жылда жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайыз болды. (2013 жылы 0,7%, 2012 жылы 0,8%). Ресми жұмыссыздар есебінде 10 айлық көрсеткіш бойынша 79 адам, жұмыс іздеушілер есебінде 911 адам тұр. Осы көрсеткіш жыл соңына дейін тұрақты болады.
2015 жылдың 10 айында бөлімге жұмыспен қамту мәселесі бойынша 674 адам жолықты. Жолыққан адамдарды тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастыру барысында аймақтық бағдарлама бойынша 425 адам жұмысқа орналастырылды. Жолыққандардың 63%-ы жұмыспен қамтылды. Соның ішінде, нысаналы топ өкілдеріне жататын адамдар 60% пайыз. 2014 жылы жолыққан адамдардың 60 %-ы жұмыспен қамтылды. (Жолыққан-841 адам, орналасқан-501 адам.) Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жолыққандар санының көп болуына байланысты болжам орындалған жоқ. (2013 жылы 56%, 2012 жылы 43% )
2015 жылы 349 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 1 қыркүйекке жоспар 172% орындалып отыр, яғни 602 жұмыс орны ашылды. Тұрақты – 177, уақытша және маусымдық - 425 орын. 2014 жылы 341 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, жыл қорытындысында жоспар 143% орындалып отыр, яғни 491 жұмыс орны ашылды. (2013 жылы жоспар 341, орындалуы 143%, 488 жұмыс орны ашылды, 2012 жылы жоспар 341, орындалуы 139%, 475 жұмыс орны ашылды)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу нысаналы топқа жататын адамдарды әлеуметтік қорғаудағы ең маңызды шара болып табылады. Осы бағытта 2015 жылға аудандық бюджеттен 71 адамға 4136,0 мың теңге бөлінді. Республикалық трансферттен «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 9 адамға 2248,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға сәуір айынан бастап 63 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды. Қаржы жетпеуіне байланысты болжам 89 %-ға орындалды. Осы бағытта 2014 жылы аудандық бюджеттен 2017,0 мың теңге бөлініп, 31 адам орналастырылды. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 14065,0 мың теңге бөлініп 122 адам орналастырылды. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. (2013 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 3870,0 мың теңге 66 адам, республикалық трансферттен бөлінген 38768,0 мың тенгеге 230 адам жіберілді. 2012 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 3903,0 мың теңге 63 адам, республикалық трансферттен бөлінген 38768,0 мың теңгеге 235 адам жіберілді. Бағдарлама 100 пайызға орындалды.)
Жұмыссыздарды әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың белсенді түрі – қоғамдық жұмысқа тарту. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 33697,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға аймақтық бағдарлама бойынша 379 жұмыссыз адамды жіберу жоспарланды. Қазіргі таңда 387 адам жіберіліп бағдарлама 102%-ға орындалып, бөлінген 33697,0 мың теңгенің 30800,0 мың теңгесі игерілді. Жыл соңына дейін жоспарды 121%-ға орындалады. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 33705,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға аймақтық бағдарлама бойынша 379 жұмыссыз адамды жіберу жоспарланды. Жыл соңында 626 адам жіберіліп, бағдарлама 165%-ға орындалып, бөлінген қаржы толығымен игерілді. (2013 жылы жоспар 376 адам болса, 788 адам тартылып, бөлінген 31823,0 толығымен игерілді, 2012 жылы 715 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, бағдарлама 191%-ға орындалды. Бөлінген 27758,0 мың теңгенің толығымен игерілді.)
Жұмыссыз жүрген адамдарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына 2015 жылға аудандық бюджеттен 47 жұмыссызды оқуға жолдау үшін 845,0 мың тенге бөлінді. Алайда, ағымдағы жылы бірді - бір адам оқуға жолданған жоқ. Себебі, оқуын бітіріп келген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру қиындық туындатып отыр. Осы бағытта 2014 жылға аудандық бюджеттен 790,0 мың тенге бөлініп, 43 жұмыссыз оқуға жолданды. Жыл соңында оқуға жолданған жұмыссыздардың 50%-ы жұмысқа орналастырылды. (2013 жылы аймақтық бағдарлама бойынша 447,3 теңге бөлініп, 44 адам оқытылды. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 2013 жылы 26 адам оқуға жолданды. 2012 жылғы аймақтық бағдарлама бойынша 43 жұмыссыз адамды кәсіби оқуға жіберу жоспарланса, 44 адамға жолдама беріліп, жоспарымыз 100% орындалды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2012 жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 109 оқуға жолданды).
Жұмыссыз жүрген адамдарды және мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру мақсатында ауданда 3 бос жұмыс орнындар жәрменкесі өткізілді. Жәрменкеге 32 жұмыс беруші қатысып 121 бос жұмыс орындарын ұсынған болатын. Осы жұмыстардың нәтижиесінде 38 адам тұрақты жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмысқа, 65 жас маман жастар тәжірбиесіне жұмысқа орналастырылса, 22 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Жәрменкеге қатысқан мүгедек жандардың саны 7 адам. Соның ішінде 1 мүгедек тұрақты жұмысқа, 1 мүгедек әлеуметтік жұмысқа, 2 мүгедек жастар тәжірбиесіне тартылды.
Ағымдағы жылы бөлімнің жолдамасы арқылы 30 мүгедек жан жұмыспен қамтылды. 5-і тұрақты жұмысқа, 1-і әлеуметтік жұмысқа, 2-і жастар тәжірбиесіне, 3-і уақытша жұмысқа, 6-ы маусымдық жұмысқа орналастырылды. 11 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 2 мүгедекке «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы арқылы несие берілді. 2014 жылы аудан бойынша бөлімнің жолдамасы арқылы 55 мүгедек жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 24-і тұрақты жұмыспен, 7-еуі әлеуметтік жұмыс орнымен, 18-і ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылса, 6-уы кәсіби даярлауға оқуға жолданды.
2014-2015 жылдары «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша екі бағыт жүзеге асырылды.
Біріншісі: Бағдарламаның екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту»;
2014 жылы бағдарламаның II бағытына ауданымызға 66,0 млн теңге қаражат бөлініп, өңдіріс орындарын ашуға, халыққа қызмет көрсету орындарын ашуға 38 адам несие алды, несие алушылар 53 бас ірі қара, 42 бас жылқы, 89 бас ұсақ мал (қой,ешкі), сатып алды. 2015 жылы осы бағыт бойынша ауданымызға 43 млн теңге қаралып, барлығы 20 адам 43 млн теңге несие алды. Салаға бөліп қарайтын болсақ, мал шаруашылығына 9 адам, 17 млн. 300 мың теңгеге 83 қой, 23 жылқы, 65 ірі қара, 1 бұқа cатып алды. Құрал-жабдық алуға 6 адам 12 млн. 700 мың, халыққа қызмет көрсету орындарына 4 адамға 10 млн. және құс өсіруге 1 адамға 3 млн. теңге берілді. Аудан бойынша 2015 жылы бірқатар кәсіпкерлік нысандар ашылды.Олар: Жымпиты ауылынан Камалиев Рафик «М-32» кафесі, Серікқалиев Айболат «Жарқын» кафесі, Сержанов Асылбек «Сержан» жарнама орталығы.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;
2014 жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 2 адам біліктілігін арттыруға жолданды 173 мың, қайта даярлауға 3 адам жолданды 898 мың, кәсіби даярлауға 9 адам жолданды 1 511 мың. Оқуын бітіріп келген 5 адам жұмыс берушілер арқылы тұрақты жұмысқа орналасты. 2015 жылға жұмыссыздарды кәсіби оқытуға қаржы қаралған жоқ.
Жастар практикасы. Жастар практикасына 2012 жылы 125 адам, 2013 жылы 163 адам жолданды. 2014 жылы 39 жас маман аудан мекемелеріне жұмысқа жолданып, Республикалық трансферттен бөлінген 6 391,0 мың теңге қаржы жыл аяғына дейін толықтай игерілген болса, 2015 жылы республикалық бюджеттен 2 млн. 997 мың және жергілікті бюджеттен 9 млн. 995 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 44 мекемемен келісімшарт жасалып, 74 жас маман тәжірибе жинақтауға уақытша жұмысқа жолданды. Оның ішінде 2 адам мүгедек. Жас мамандардың ішінде 20-сы жоғары оқу орындарының, қалған 53-і колледж және жоғары техникалық мектептің түлектері. Мерзімі аяқталмай жатып, 12 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындары. Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір түрі-әлеуметтік жұмыс орындары болып табылады. 2014 жылы әлеуметтік жұмыс орнына жұмыс берушілермен, атап айтқанда 13 шаруа қожалықтарымен, 6 жеке кәсіпкермен 11 айға келісім шарт жасалып, соның нәтижесінде 112 адам жұмысқа орналастырылып, Республикалық трансферттен бөлінген 14065,0 мың теңге толықтай игерілсе, 2015 жылы республикалық бюджеттен 2 млн. 248 мың және жергілікті бюджеттен 4 млн. 136 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 20 шаруашылық құрылымдармен келісімшарт жасалып, 63 жұмысшы уақытша жұмысқа жолданды. Оның ішінде 1 адам мүгедек санатынан. «Әлеуметтік жұмыс орындары» қатысушылары құрамында 45 әйел адам, 4 жастар және аз қамтылған отбасылардан 22 адам бар.
Әлеуметтік сала бойынша талдау
Күшті жақтары:
"Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы" бағдарламасын жалғастыру;
жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы 0,9% дан 2014 жылы 0,7% ға төмендеді, одан әрі төмендету;
жергілікті атқарушы органдарда жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін қаржылық құралдардың жеткіліктілігі;
әлеуметтік қолдауға мұқтаж барлық санаттағы азаматтарды іс жүзінде қамту;
Әлсіз жақтары:
ауылдық елді мекендерде бос жұмыс орындар санының аздығы;
мемлекеттік бюджеттен алатын жәрдемақы белгілі бір санаттағы азаматтардың жалғыз күнкөріс көзі болып табылады.
Мүмкіндіктер:
ауылдық жерлерде тұратын жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға басымдық бере отырып кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
жұмыс орындарын құру, оның ішінде, іске асыру бөлігінде уақытша жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламалары бойынша халықты қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесі;
кәсіби оқыту, жұмыссыз азаматтарды қайта даярлау;
бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу.
Қауіп-қатерлер:
қысқарту салдарынан жұмыссыз қалған азаматтарға қайта жұмысқа орналасу мәселесі;
жұмыспен қамтылуын жасыру;
жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға талап ететін жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесін және табыстар туралы анықтама беру).
Денсаулық сақтау саласы
2015 жылғы 1 қаңтарда аудан бойынша 32 медициналық мекеме (аудандық аурухана-1, туберкулезге қарсы күрес диспансері-1, дәрігерлік амбулатория-7, фельдшерлік-амбулаторлық пункт-4, медициналық пункт-19) және 2012 жылмен салыстырғанда 5 медициналық мекемеге азайып отыр.
Аудан бойынша 2015жылы жалпы төсек саны-90 кереует. Тұрғындарды төсекпен қамтамасыз ету көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылы 41,2 болса, 2015 жылы көрсеткіш 56,9 құрап отыр.
Аудан бойынша денсаулық сақтау саласын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру 2012 жылға салыстырғанда 2015 жылы 3%-ға өсіп , 448510,2 мың тенге құрап отыр. 2012-2015 жылдар арасында маман дәрігерлер саны тұрақтанып, орташа 31-32 дәрігерге жетсе, соңғы 3 жыл ішінде ауданға 3 дәрігер келсе, 3 дәрігер отбасы жағдайына байланысты жұмыстан босатылды.
Медициналық көмек көрсету сапасының өсуінен негізгі көрсеткіштер бойынша оң нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Тұрғындардың аурушаңдық көрсеткіші 2012 жылы -30045,8, 2013 жылы -28681,3, 2014 жылы-25796,0, 2015жылғы 10 айда- 19317,6 құрап отыр.
Халықтың өмір сүру ұзақтығы 2012-2015 жылдар аралығында салыстырмалы түрде қарайтын болсақ 69,6-дан 70,2-ге дейін өсіп отыр. Туу көрсеткіші өсіп отыр 2012 жылы 360-17,3, 2013 жылы 310-15,1, 2014 жылы 385-18,9, 2015 жылғы 10 айда -286-14,2 болып отыр.
Жалпы өлім көрсеткіші өсіп отыр 2012 жылы 138-6,6, 2013 жылы 145-7,1, 2014 жылы 148-7,3, 2015жылғы 10 айда- 124-6,1 құрап отыр.
Табиғи өсім көрсеткіші өсіп отыр 2012 жылы 222-10,7, 2013 жылы 165-8,0, 2014 жылы 237-11,7, 2015 жылғы 10 айда- 162-8,0 құрап отыр.
Маңызды көрсеткіштердің бірі ана мен сәби өлімі көрсеткіші. 2012-2015жылдар аралығында ана өлімі көрсеткіші тіркелген жоқ. Сәби өлімі көрсеткіші 2012 жылы 1-20,2, 2013 жылы 13,2, 2014 жылы 4-11,9, 2015 жылы 10 айда- 1-4,4 құрап отыр.
Сонымен қатар, оң өзгерістердің бірі 2012-2015 жылы аралығында белсенді туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші азайып отыр. 2012 жылы-85,5, 2013 жылы -77,8, 2014 жылы -64,0, 2015 жылы 10 айда- 29,7 құрап отыр. Туберкулезден өлім көрсеткіші 2013 жылы 1 жағдай- 4,9 тіркеліп отыр.
Әлеуметтік маңызды аурулардан аурушаңдық және өлім көрсеткіші бойынша оң нәтиже байқалады.
Жүрек-қантамыр ауруларынан аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда өсіп отыр. 2012 жылы 1507,3-313, 2013 жылы 2454-504, 2014 жылы 2514,1-511, 2015 жылы 10 айда -1431,1-289 болып отыр. Өлім көрсеткіші 2012 жылы 168,6, 2013 жылы 126,6, 2014 жылы 137,8, 2015 жылы 10 айда -89,2 азайып отыр.
Қатерлі ісік ауруларынан аурушаңдық көрсеткіші бір орында тұрса 2012 жылы 183,0, 2013 жылы 136,2, 2014 жылы 137,2, 2015 жылы 10 айда -138,5, ал өлім көрсеткіші тұрса 2012 жылы 72,2, 2013 жылы 97,3, 2014 жылы 73,8, 2015 жылы 10 айда -59,4 азайып отыр.
«Саламатты Қазақстан 2011-2015 жылдарға арналған мемлекттік бағдарламасына» сәйкес электронды денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе (БМАЖ) енгізіліп, жұмыс жасауда.
Аудан бойынша денсаулық сақтау саласын Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе бойынша компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жүргізілуде. Қазіргі кезде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 50%-ға жетіп отыр ол өз кезегінде әлі де болса жетіспеушілікті көрсетеді.
Аудан бойынша денсаулық сақтау саласының материальдық-техникалық базасын күшейту мақсатында 2014 жылы 39356,9 мың тенге көлемінде медициналық құрал-жабдықтар алынды. (Электроэнцефалограф-анализатор, реограф-полианализатор, дерматоскоп, аппарат-Холтерлік мониторирования, ультрадыбыстық сканер), 2015 жылы иммунохимиялық экспресс анализатор аппараты 1430,0 мың тенгеге сатып алынды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша талдау
Күшті жақтары:
стационарлық көмек көрсететін ұйымдармен қамтамасыз етілуі;
көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақтылығы;
көліктік медицинанының дамуы;
Әлсіз жақтары:
БМСК қаржыландырудың жеткіліксіз деңгейі;
денсаулық үшін жалпы жауапкершіліктің төмен болуы;
медицина қызметкерлерінің төмен еңбек мотивациясы мен кәсібилігі.
Мүмкіндіктер:
енгізілген нарықтық механизмдер негізінде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;
денсаулық сақтауға мүмкіндігінше тікелей инвестициялар тарту;
Қауіп-қатерлер:
инфекциялық емес аурулардың өсуі;
аудан аумағындағы аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы;
контрафактілік дәрілік өнім.
Білім беру
Мектепке дейінгі білім
2015 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 2 балабақша, 9 мектеп-балабақша және 24 шағын орталық жұмыс жасауда.
Негізінен аудан бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту жақсы көрсеткіштермен, яғни мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту ( 3-тен 6 жас) 98% пайызды ұстап отыр. ( 2013 жылы – 96,4%).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жақсы көрсеткіштері нәтижесінде балалардың бірінші сыныпқа баруларының даярлықтары жақсарып, олардың жалпы білім берудің бастауыш сатысына тез үйреніп кетулеріне үлкен әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамының төменгі көрсеткіштері қиыншылық туғызады, мүгедек балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіштері төмен, балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру үлкен кезекте. ( 1 қаңтар 2015 жылға – 363 бала кезекте).
Таблица 28
Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму көрсеткіштері
|
|
2012/2013 оқу жылы |
2013/2014 оқу жылы |
2014/2015 оқу жылы |
2015/2016 оқу жылы |
2015/2016 оқу жылы 2014/2015 оқу жылымен салыстырғанда % |
|
Мектепке дейінгі ұйым - барлығы |
36 |
37 |
37 |
37 |
100 |
|
Соның ішінде: мемлекеттік |
36 |
37 |
37 |
37 |
100 |
|
жеке |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
Балабақшалар саны |
2 |
2 |
2 |
2 |
100 |
|
«Мектеп-балабақшалар» саны |
9 |
9 |
9 |
9 |
100 |
|
Шағын орталықтар саны |
24 |
24 |
24 |
24 |
100 |
|
Мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны мың.адам. |
0,973 |
0,868 |
0,9 |
0,9 |
100 |
|
3-тен 6 жасқа дайінгі балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы % |
97,5 |
96,4 |
98 |
98 |
х |
Орта білім
Ауданда білім беру мекемелері желісі 23 мектеппен, соның ішінде мемлекеттік – 23, мемлекеттік емес – 0.
Ауданда үш ауысымда оқытылатын және апатты жағдайдағы мектептер жоқ.
Аймақтағы білім берудің ең негізгі айырмашылығы – бұл шағын жинақталған мектептердің санының көпшілігі. Барлық 23 мектептің 19-ы, яғни 82,7% пайызы ШЖМ. Шағын жинақталған орта және негізгі мектептердегі жаңа үлгідегі кабинеттер және құрал-жабдықтардың болмауы білім беру процесінің ұйымдастырылуы мен жүргізілуінің сапасын төмендетіп отыр.
Аймақта білім берудің барынша жоғары көрсеткіштері белгіленген. 2015 жылы мектеп бітірушілердің барлық санынан ҰБТ бойынша 187 оқушы, яғни 78,2%. ҰБТ орташа балы 82,23 (2014 г. – 78,04) облыстық көрсеткіште – 83,08%.
ҰБТ көрсеткіштерінің қорытынды мониторингі бойынша, 2015 жылғы білім сапасының негізгі көрсеткіштері 2014 жылмен салыстырғанда 4,19 баллға жоғары болып тұрғандығын көрсетеді.
Мектеп жасындағы балалар 100% тасымалмен қамтамасыз етілген.
Педагогикалық кадрлардың саны 483 адам, соның ішінде жоғары санатты – 73, 1 санатты - 162, 2 санатты - 150 адам.
Орта білімді дамыту
|
Показатели |
2012/2013 оқу жылы |
2013/2014 оқу жылы |
2014/2015 оқу жылы |
2015/2016 оқу жылы |
2015/2016 оқу жылы 2014/2015 оқу жылымен салыстырғанда % |
|
Мектептер барлығы |
27 |
26 |
23 |
23 |
100 |
|
мемлекеттік |
27 |
26 |
23 |
23 |
100 |
|
Мектептердегі оқушылар саны, мың оқушы |
3,192 |
3,110 |
3,029 |
2,968 |
98 |
|
ҰБТ орташа балы |
70,88 |
78,04 |
82,23 |
|
Х
|
2015 жылы жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беретін мектептер саны 2 бірлікке артып, 13 мектепті құрап отыр, яғни 56,5 % олардың жалпы санынан, жоспарлы индикаторда 51 %.
Жалпы білім беретін мектептердегі 2 коррекциялық-түзету сыныптарында 7 оқушы, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 36,3% төмен.
Жалпы білім беретін мектептерде 10 бірлік арнайы педагогтар, (яғни 6 дефектолог және 4 логопед) енгізілді.
Инклюзивті білім берумен қамту 2,2% өсіп, мектеп жасындағы барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 51% қамтып отыр.
Білім беруді дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық жоспарларын орындауға, соның ішінде 2010-2020 жылдарға «Балапан» бағдарламасына бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат, негізінен мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын көтеруге бағытталған.
Жалпы білім берудегі негізгі күш білім сапасын көтеруге және азаматтардың рухани, физикалық, интеллектуалдық дамуына жағдай жасауға бағытталады.
Білім беру саласы бойынша талдау
Күшті жақтары:
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуының жоғарылауы;
мектепке дейінгі және орта білім беру желісі артуы;
ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғары нәтижелер;
Әлсіз жақтары:
білім беру саласын жеткіліксіз қаржыландыру;
жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;
балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандар санының жеткіліксіздігі;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлықсыз;
Мүмкіндіктер:
білім беру объектілерін салу үшін мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту;
электрондық оқытуды енгізу;
жеке балабақшалар ашу;
қосымша білім беру ұйымдарының желісін көбейту;
Қауіп-қатерлер:
білім беру объектілерінің ғимараттары пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты тозуы;
жеткіліксіз қаржыландыру білім беру ұйымдарының материалдық және техникалық базасын едәуір тозуына әкеледі;
еңбек ақы төлеу деңгейі төмен болуына байланысты оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан кетуі.
2015 жылдың 1 қаңтарында аудан бойынша мәдени нысандармен кітапхана жүйелері: 1 аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйлері, 5- ауылдық клуб, 1 кино қондырғы, 1 аудандық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 22 ауылдық кітапхана бар.
2015 жылдың 11 айы бойынша барлығы 24 кітапхана жүйелерінде 326,7 мың дана кітап қоры, оның ішінде мемлекеттік тілдегі 155,4 дана кітап қоры құрап отыр. Жалпы оқырмандар саны 13 мың, оның ішіндегі 15 жасқа дейінгілер саны 4,8 мың бала. 2015 жылы аудан бойынша 1 киноқондырғы бар.
2015 жылы (11 айы бойынша) ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар саны-568, шараларға қатысушы -84105 көрермен, оның ішінде балалар саны–2114. Аудан бойынша 66 әртүрлі бағытта үйірмелер қызмет етеді, оның ішінде вокал-14, хореография-10, драма-3, отбасылық ансамбль-2, фольклорлық- 1 және 36- басқада үйірмелер. 2015 жылы «Халықтық»-2 және «Үлгілі»-3 ататқтары бар ұжымдары бар.
2015 жылдың тамыз айында аудан орталығы Жымпиты ауылында жалпы құңы 280,4 млн.теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Мәдениет саласы бойынша талдау
Күшті жақтары:
ауданның жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;
мәдениет саласындағы нысандарын қайта жаңарту және жөндеуге қаржыландыруды ұлғайту.
Әлсіз жақтары:
ауылдық мәдениет мекемелерінің жетіспеушілігі, материалдық-техникалық базасы деңгейінің төмен болуы, мамандандырылған кадрлар, әсіресе ауылдарда;
типтік мәдениет үйлерін ауылдық елді мекендерде салу қажеттілігі.
Мүмкіндіктер:
ұсынылатын мәдени қызметтерді дамыту және арттыру;
кітапханалық процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру.
Қауіп-қатерлер:
төмен еңбекақы салдарынан мәдениет саласы қызметкерлерінің және мамандандырылған еңбек кадрларының жеткілікті болмауы;
Ауданның тілдер саясаты Қазақстан халықтары бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.
Мемлекеттік органдарда жалпы құжатайналым көлеміндегі мемлекеттік тілді іс жүргізу көлемі 2015 жылы 100% құрады.
Аудан бойынша білім жүйесіндегі 23 мектептерде оқу үрдістері мемлекеттік тілде жүргізіледі. Оның ішінде 1 мектепте екі тілде оқу үрдісі жүйелендіріліген.
Мектепке дейінгі 1 ұйым және 10 шағын орталық, оның ішінде 12 тәрбиелік ұйымдар тәрбиелік шараларды толықтай мемлекеттік тілде жүргізеді.
Күшті жақтары:
мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы кеңейтілді: қазақ тілінде оқытатын балабақшалар, мектептер;
іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшіру процесі белсенді іске асырылуда;
Әлсіз жақтары:
мемлекеттік тілді меңгерудің деңгейі қоғамда әркелкі;
Мүмкіндіктер:
мемлекеттік тіл процесін зерделеуге жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, интернет-порталдар құру және тұрақты жаңарту;
мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясын нығайту (қазақ тіліндегі хабарлардың электрондық БАҚ-та көлемін арттыру, сондай-ақ БАҚ баспаларда мемлекеттік тіл үлесін көбейту).
Қауіп-қатерлер:
қоғамындағы тіл мәдениетінің төмендеуі.
Бұқаралық спорттық және спортпен шұғылдануына тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру басты мақсат. Қазіргі таңда 107 спорттық құрылымдар, оның ішінде 27 спорттық залдар (10 мектепішілік залдар), 1 «Кайсар спорт клубы» МКҚК, 2 тир алаңы, 4 теннис корты, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 72 спорттық нысандары бар.
Балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде аудан бойынша 22 жаттықтырушы-мұғалім, оның ішінде 7 жоғары санатты жаттықтырушы-мұғалім.
Облыстық, басқа да аудандарда өтетін жарыстарға қатысу деңгейлерін көтеру, тәжірибе алмасу бағытында көптеген шаралар қолға алынуда. 2015 жылы (11 ай бойынша) аудан бойынша 72 спорттық шаралар ұйымдастырылып, 5233 адам қатыстырылған.
Ауданда жеңіл атлетика, самбо, дзюдо, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, футбол, еркін күрес, баскетбол, бокс, волейбол спорт түрлері дамуда.
Спорттық ұйымдарда 120 спорт түрін дамытуда, оның ішінде 46 олимпиадалық түрлерінен. Жасөспірімдер ұйымдарында спортпен айналысушылар саны-1392 адам құрады, спорт ұйымдарында 3448 адамға дейін сыйымдылығы бар.
|
Атауы |
Салалар |
|||||||||||
|
мәдениет |
кітапхана |
спорт |
||||||||||
|
2012 |
2013 |
2014 |
2012 |
2013 |
2014 |
2012 |
2013 |
2014 |
||||
|
Нысан |
18 |
18 |
14 |
25 |
24 |
24 |
106 |
106 |
108 |
|||
|
Кітапхана жүйесінде өткізілген шаралар Жалпы қатысушылар саны оның ішіндегі 15 жасқа дейінгі балалар саны |
|
|
|
559 10004
7000 |
547 9748
6300 |
579 10918
6900 |
|
|
|
|||
|
Жалпы кітап қоры оның ішіндегі мемлекеттік тілдегі |
|
|
|
316400 144628 |
319423 148070 |
322634 151692 |
|
|
|
|||
|
Жалпы оқырман саны (мың) оның ішіндегі 15 жасқа дейінгі балалар саны |
|
|
|
13654
5125 |
13904
5029 |
13946
5028 |
|
|
|
|||
|
Өткізілген мәдени-көпшілік шаралар саны Жалпы көрермендер саны |
586
84200 |
588
84350 |
570
89565 |
|
|
|
|
|
|
|||
|
Шығармашылық ұйымдар Оның ішінде: вокал хореография драма отбасылық ансамбль фольклорлық өзге де ұйымдар |
73
15 14 8 9 2 25 |
72
16 14 8 6 3 26 |
64
15 13 5 6 3 22 |
|
|
|
|
|
|
|||
|
Спорттық құрылымдар Оның ішінде: дене шынықтыру-сауықтыру кешені спорттық зал тир спорттық алаңдар теннис корты |
|
|
|
|
|
|
106
1 27 8 68 2 |
106
1 27 8 68 2 |
108
1 27 8 68 4 |
|||
|
Жалпы жаттықтырушымұғалімдер Оның ішінде: жоғарғы категория бірінші категория екінші категория |
|
|
|
|
|
|
18
1 4 2 |
21
-- 7 ----- |
20
--- 7 ---- |
|||
|
Өткізілген бұқаралық спорттық шаралар Қатысушылар саны |
|
|
|
|
|
|
159
3957 |
167
4667 |
181
4983 |
|||
Күшті жақтары:
бұқаралық сипаты бар спорттың дамуы;
спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары санының тұрақты өсуі;
ұлттық спорт түрлерінің даму серпіні;
Әлсіз жақтары:
мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін арнайы құрал-жабдықпен жабдықталған спорт ғимараттары болмауы;
мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында спорттық материалдық-техникалық базасы әлсіздеу;
нормативтік-құқықтық базасы дұрыс қамтамасыз етілмеуі.
Мүмкіндіктер:
материалдық-техникалық базасын нығайту;
белсенді түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халық саны үлесін өсіру;
жақын орналасқан облыстардың спортшыларымен жолдастық кездесулер, біріншіліктер өткізу.
Қауіп-қатерлер:
басқа ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру және спорт түрлерінің бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі, соның ішінде компьютерлік ойындар;
спорттық резерв және жоғары білікті мамандардың келешегі болмауы салдарынан кетуі.
Байланыс саласы
Қазіргі заманғы дамыған байланыс қызметіне қол жетімділік экономикалық дамудың серпінін анықтап қана қоймай, мемлекеттік басқарудың, халықтық өмір сүру сапасының, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігін арттырады.
Біздің елімізде байланыс жүйесінің ең көп тараған түрі телефон байланысы болып қала бермек.
Батыс Қазақстан облыстық «Қазақтелеком» АҚ-ның Сырым аудандық бөлімшесінде 2015 жылғы 1 қаңтарға 3606 телефон нүктесіне 11 АТС арқылы қызмет көрсетеді. Аудандағы 38 елді мекеннің барлығы да телефон желісімен қамтылған.
Интернет желісін (мегалайн) пайдаланушылар саны жыл басында 645 нүктені және 16 елді мекендер саны құрап отыр. Ал 2015 жылдың 1 қазанына 748 нүкте, 18 елді мекенде интернет желісін пайдалануда немесе барлық елді мекеннің 47,4 % .
Сонымен қатар, ұялы байланыспен (Кcell, Billien, Теле-2) 38 елді мекеннің 34 мекені қамтылған немесе барлық елді мекеннің 89,5 % .
2015 жылғы 1 қаңтарға «Отау-ТВ» спутникті антеннасы арқылы хабарларды 1801 абонент көріп отыр.
Байланыс саласы бойынша талдау
Күшті жақтары:
интернет желісіне қолжетімділігі мен ұялы байланыс желілерінің дамуы;
жергілікті телефон байланысын цифрландыру деңгейінің ұлғаюы;
халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту бағытында үлкен жұмыстар атқарылды;
қажетті нормативтік құқықтық база құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету рәсімдері жеңілдетілді;
Әлсіз жақтары:
ұялы байланыс, Интернет желісінің қызмет тарифтері жоғары болуы;
ақпараттық теңсіздік, халықтың жалпы компьютерлік сауаттылығының төмен деңгейі.
Мүмкіндіктер:
Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып енгізу;
ауылдық елді мекендерде телефон байланысын жаңғырту және қайта жаңарту;
жергілікті атқарушы органдардың функцияларын автоматтандыру.
Қауіп-қатерлер:
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жоғары импорт тәуелділігі .
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Ішкі істер органдарының басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралары тұтастай алғанда құқық бұзушылықтың алдын алуға, аудандағы криминогендік ахуалды тиісті бақылауға, қылмысты қолайлы әлеуметтік деңгейде тежеуге мүмкіндік береді.
Соңғы 2012, 2013 және 2014 жылдарда аудан бойынша тіркелген барлық қылмыстар саны өсіп, оның ішінде ауыр қылмыстар саны артып отыр. Аса ауыр қылмыс саны 2014 жылы төмендеген.
|
Көрсеткіштер |
2012 |
2013 |
2014 |
2014 жыл 2012 жылға пайызбен |
|
Барлық тіркелген қылмыстар саны, оқиға |
135 |
196 |
206 |
152,6 |
|
оның ішінде, аса ауыр |
3 |
3 |
2 |
66,6 |
|
ауыр |
5 |
5 |
17 |
340 |
Қылмыстың өсуі жалпы есепке алу-тіркеу критерийлерінің өзгеруіне байланысты болып отыр, аудандағы жедел жағдайдың асқынуына әсер етпей.
Кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстық жағдай және олардың жалпы қылмыстардың санынан үлес салмағы жоғары болып қалуда.
|
Көрсеткіштер |
2012 |
2013 |
2014 |
|
Кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан жасалған қылмыс, бірлік |
2 |
1 |
6 |
|
Кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы, % |
0,9 |
0,8 |
2,6 |
Қылмысқа қарсы күрестің басым бағыттарының бірі бұрын сотталғандармен профилактикалық жұмыс болып табылады. Дегенмен, осы бағыттағы жұмыстардың көрсеткіштері 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы жоғары деңгейде болып, 2013 жылдан төмен болғаны байқалады.
|
Көрсеткіштер |
2012 |
2013 |
2014 |
|
Бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен жасалған қылмыс саны, бірлік |
2 |
12 |
8 |
|
Бұрын қылмыс жасаған тұлғалармен жасалған қылмыстың үлес салмағы, % |
0,4 |
2,9 |
2,1 |
|
Көшеде жасалған қылмыстар саны, бірлік |
10 |
7 |
15 |
|
Көшеде жасалған қылмыстар санының үлес салмағы, % |
2,5 |
1,9 |
3,6 |
Сонымен қатар, көшеде жасалған қылмыстар көрсеткіші 2014 жылы өте жоғары болып отыр (2012 ж.-10, 2013 ж.-7, 2014 ж.-15).
2012-2014 жылдар аралығында аудан аумағында тіркелген жол-көлік оқиғаларыда көбейіп (2012 ж.-7, 2013 ж.-12, 2014 ж.-14 жағдай), оған қатысты автокөліктер саны және жарақат алған адамдар саны өсуде. Қайтыс болған адамдар төмендеп отыр.
|
Көрсеткіштер |
2012 |
2013 |
2014 |
2014 жыл 2012 жылға пайызбен |
|
Тіркелген жол-көлік оқиғалары, жағдай |
7 |
12 |
14 |
150 |
|
Қайтыс болғандар, адам |
6 |
4 |
3 |
150 |
|
Жарақат алғандар, адам |
16 |
18 |
21 |
131 |
|
Автокөліктер саны, бірлік |
11 |
17 |
19 |
173 |
|
Жол-көлік оқиғаларының деңгейі (10 мың автокөлікке), % |
0,1 |
0,2 |
0,3 |
|
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша талдау
Күшті жақтары:
Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жағдайлар жасалған;
Ішкі істер органдарының техникалық қамтамасыз етілуі күшейтілген;
Әлсіз жақтары:
Көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыс және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қабылданатын шаралардың жетіспеушілігі; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалтудың жеткіліксіз деңгейі; жол қозғалысына қатысушылардың төмен көліктік тәртібі, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің.
Мүмкіндіктер:
құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санының өсуінің алдын алу бойынша дер кезінде шаралар қабылдау;
құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру;
белгіленген қоғамдық орындарда бейнекамера бақылау желісін ұлғайту;
автоматты түрде тіркейтін құқық бұзушылық техникалық құралдарын пайдалана отырып жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту;
Қауіп-қатерлер:
Күтілетін жұмыс орындарының қысқаруына байланысты жұмыссыздық салдарынан қылмыстар саны өсуінің қауіпі, әсіресе бөтеннің мүлкін ұрлау;
Автокөліктер санының өсуіне байланысты жол-көлік оқиғалары өсуінің қауіпі.
Инфрақұрылымдық кешен.
Тұрғын үй саласы. 2015 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің мәліметі бойынша аудан бойынша тұрғын үй қоры 305,5 мың шаршы метрді құрайды.
Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауларында халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсара түсуге бағытталған міндеттерді жүктеп отыр. Соның қатарында «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудын 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бар.
Осы бағдарлама шеңберінде аудан бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатын 13 көппәтерлі тұрғын үй бар.
2013 жылы осы бағдарламаның 1 тетігі бойынша, яғни «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы сәуір-мамыр айларында Жымпиты ауылының Досмухамедов көшесіндегі №7 тұрғын үй (18609,0 мың теңге) және Маметова көшесіндегі №4 тұрғын үй (2199,0 мың теңге) жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталды. Жөндеу жұмыстары кезінде жасақталған жобалық-сметалық құжат бойынша, тұрғын үйдің шатыры түгел ауыстырылды және Досмұхамедов көшесідегі №7 үйдің подъездері жөнделіп сыртқы есіктері, терезелері түгел ауыстырылып, ауыз су жүйесі орнатылып және кәріз жүйесі тартылды.
2013 жылдың қазан айында Жымпиты ауылындағы Молдагулова №1,2 (11490,6 мың теңге және 7745,8 мың теңге); Досмухамедова №9 (10199,8 мың теңге ) және Есенжанова №21-ші (11603,9 теңге) көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша үйлердің құрылыс жұмыстары 4104,0 мың теңгені құрады.
2015 жыл аталмыш бағдарламанын 2 тетігі бойынша 2 көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. Атап айтар болсақ Жымпиты ауылы Досмухамедов №15,13 тұрғын үйлер. Жалпы соммасы 16 559 ,0 мың теңгеге.
2016 жылы Жымпиты ауылындағы жөндеуден өтпеген соңғы қалған Сейфуллин көшесіндегі №45 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Елді мекендерді жарықтандыру
2014 жылы аудан бойынша көше жарық шамдарды орнатуға тиісті ауылдық округтерінен сұраныс жинақталды. Сұраныс қорытындысына сәйкес 102 жарық шам орнатылды. Атап айтсақ, Жымпиты ауылына 42 жарық шам, Бұлдырты 10 жарық шам, Шолақанқаты 7 жарық шам, қалған ауылдық округтерге 5 жарық шам орнатылды. Жалпы соммасы 1200,0 мың теңге.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес Өңірлерді дамыту бағдарламсы арқылы Жымпиты ауылына 145 дана энергия үнемдегіш шамдар орнатылды. Жалпы соммасы 4337,0 мың тенге.
Ауыз су мәселесі бойынша
Аудан халқын таза ауыз сумен қамту өзекті мәселелерінің бірі болып отырғандығы мәлім. Осы тұрғыдан аудан бойынша Қособа, Тоғанас, Жымпиты, Өленті, Көгеріс, Талдыбұлақ ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту мақсатында ауыз су жүйесі тартылған болатын. Аудан бойынша ауыз су жүйесінің ұзындығы 144,6 шақырымды құрайды. Бұл аудан көлемінде 80 пайыз ауыз су жүйесі қалыпты жағдайда.
2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында аудан бойынша 113,6 шақырымды ауыз су жаңартылды.
Аудан бойынша 38 елді мекен бар. Қазіргі таңда 15 елді мекен орталықтандырылған таза ауыз суын пайдаланып отыр. Бұл аудан бойынша халық санынын 72,7 пайызы немесе (15090 адам) таза ауыз суын пайдаланып отырғанын көрсетеді.
Жол мәселесі бойынша
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жалпы ұзындығы 428 шақырымды құрайды. Бұл жолдардын 112 шақырымы қатты жамылғылы автомобиль жолдары. Қазіргі таңда аудандық маңызы бар 296 шақырымды автомобиль жолы бар. Бұл жолдардын 12 шақырымы қайта жаңартудан өтуде. Аудандық маңызы бар аудандық маңызы бар 296 км жолды күтіп ұстау үшін облыстық бюджеттен 35,0 млен теңге қаржы бөлініп тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, аудан бойынша ауыл ішілік автомобиль жолдарының ұзындығы 135 шақырымды құрайды.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 102,0 млн.теңгеге Жымпиты ауылішілік автомобиль жолдарының 4,5 шақырымы орташа жөндеу жұмыстары өткізілді.
Жол белгілері бойынша мүгедектерді жол белгілерімен қамтамассыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 265 мың теңге аудандық бюджеттен 113 мың теңге бөлініп, барлығы 18 жол белгі қажетті орындарға орнатылды.
Электрмен қамтамасыз ету
Сырым ауданын «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ екі бағыт бойынша электрмен қаматамасыз етеді. Бірінші бағыты Ақжайық РЭС арқылы Шолақаңқаты және Алғабас селолық округтерін, қалған 10 округті Сырым РЭС арқылы электр энергиясымен қамтылуда.
Сырым ауданының аумағында жалпы КТП саны 184 және әуе желісінің ұзындығы 312,02 шақырым, орташа тозуы шамамен 90 пайыздай. 2014 жылы ауа райының қолайсыздығынан электр энергиясымен қамту жүйесінде төтенше жағдай орнап, 2015 жылы облыстық бюджеттен 29,5 млн теңге және аудандық бюджеттен төтенше жағдайға қаралған қаржыдан 1,0 бөлініп бұған 10 тонна электр сымы және 275 бағана ауыстырылды.
Газдандыру мәселесі
Көгілдір отынмен қамту бойынша қазіргі таңда ауданымыздың 12 елді мекеніне толыққанды көгілдір отын тартылған. 2014 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 62,2 пайызы көгілдір отынды пайдаланып отыр.
2016 жылы халықты көгілдір отынмен қамту мақсатында 10 елді мекен көгілдір отынмен қамтылу жоспарлануда. Нәтежесінде 18794 тұрғын көгілдір отынмен қамтылады. Бұл аудан бойынша 92 пайызы көгілдір отынмен қамтылғанын көрсетеді. Атап айтқанда, Алғабас, Тасқұдық, Қосарал, Жетікөл, Жымпиты Өленті, Бірінші Май, Қособа, Жырақұдық, Шағырлой, Талдыбұлақ, Қазақстан елді мекендері көгілдір отынмен қамтылып отыр.
Инфрақұрылым бойынша талдау
Күшті жақтары:
халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілуінің жоғарылауы;
коммуналдық шаруашылық объектілердегі авариялардың төмендеуі.
Әлсіз жақтары:
электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілері тозуының жоғары деңгейі.
Мүмкіндіктер:
электр беру және сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу;
инженерлік инфрақұрылымды дамыту есебінен халықтың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.
Қауіп-қатерлер:
тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның тозуы және толық тоқтауы.
2.2.4 Аймақтың аумақтық дамуына талдау
Еліміздің барлық аймақтарына тән Сырым ауданының аумақтық құрылымы экономикалық дамуды одан әрі жетілдіруге тежеу болатынымен сипатталады. Соның ішінде атап айтар болсақ, елді мекендердегі халықтың тығыздылығы, өндірістік потенциалының әртүрлілігі, әлеуметтік және тұрғын үй құрылымының шектеулілігі, инженерлік жүйесінің тозуы.
Халықтың тығыздылығы 1 шаршы шақырымға орташа есеппен 1,7 адамнан келіп отыр. Халқы ең тығыз орналасқан Жымпиты селолық округі 1 шаршы шақырымға 5,9 адам және Бұлдырты округінде 2,6 адамнан келеді. Ең төмен көрсеткіш Елтай ауылдық округінде 1 шаршы шақырымға 0,7 адамнан келеді.
Ауданның басты проблемасы болып аудан аумағынан халықтың басқа елді мекендерге көшуі болып отыр. Халықты тұрақтандыру үшін жас мамандарды тұрақтандару, кадрларды қайта даярлаудан өткізу, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемелекеттік бағдарламалар арқылы несиелерді беруді жалғастыру қажет етеді..
Сонымен қатар, басты проблемалардың бірі өмір сүруге қажетті инфрақұрылымның дамуы төмен. Атап айтсақ, 38 елді мекеннің тек 15- нде ғана таза ауыз су тартылған және 12 елді мекен газдандарылған. Қыс мезгілінде электр энергиясы Талдыбұлақ, Қазақстан, Алатау және Қызылағаш елді мекендерінде жиі айырылады.
Жалпы аудан осы проблемалық мәселелерге қарамастан, экономикалық дамуын төмендетпей, даму жолында болады.
2.2.5 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесіне талдау
Ауданда мемлекеттік басқару жергілікті өкілетті және атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікіті өзін-өзі басқару аудан көлемінде және ауылдық округтерде жүзеге асырылады. 2015 жылдың 1 қазанына Сырым ауданының аумағында 12 ауылдық округ бар.
Жергілікті өкілетті орган (мәслихат). Сырым аудандық мәслихатының құрамына 12 депутат кіреді.
Ауданның ахуалын көрсететін нақты хабарламаларға қоғамдық қолжетімдік болу үшін Сырым ауданы әкімдігінің электрондық web-сайт жұмыс жасауда.
Жергілікті атқарушы орган (акимат). Акимат сәйкесті деңгейдегі әкімнің басшылығымен өз өкілеттігі шегінде алқалы атқарушы орган Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен реттелген.
Барлық деңгейде әкімдердің жауапкершіліктері көп есе артып келеді, себебі аумақтарда кең көлемде әлеуметтік ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда барлық жергілікті атқарушы органдар өздерінің стратегиялық жоспары негізінде жұмыстанады және олар еліміздің негізі құжаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көрсетілген нақты көрсеткіштер мен индикаторларға жеткізу үшін тікелей жауапты болып отыр.
Ақпараттық-аналитикалық, құқықтық-ұйымдастыру және материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстарын әкім аппараты жүзеге асырады.
Аудандағы 117 /соның ішінде 44-і әйелдер/ мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы -38,8 жас.
Аудан әкімі аппаратының 14 мемлекеттік қызметшілерінің 100% жоғары білімді, соның ішінде 3-уінің 2 жоғары білімдері бар. Орташа жасы-35,7 жас
12 ауылдық округ әкімдерінің 100% жоғары білімді, соның ішінде 1-уінің 2 жоғары білімі бар. Орташа жасы-44,1жас
Аудандық деңгейде 10 дербес бөлім жұмыстануда. жасап жатқан 10 бөлім басшыларының барлығы жоғары білімді, 1-уінің 2 жоғары білімі бар. Орташа жасы-42 жас
Жергілікті атқарушы мемлекеттік басқарудың құрылымы. Атқарушы органдар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, мәслихатпен бекітілген әкімшілік-аумақтық бірлік басқару жүйесінің аясында аудан әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта құрылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдардың жұмысының ұйымдастырылуы мен өкілеттілігі Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сай әкімдікпен айқындалады.
Аудандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы болашақта төмендегі бағыттарда жүзеге асатын болады:
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;
жергілікті мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоспарлауын нәтижеге бағыттау;
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру;
ауданның тұрақты дамуына жағдай жасау
Ішкі саясат.
Аудандық ішкі саясат бөлімі қызметінің басты мақсаты - ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, аудан тұрғындары арасында әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, мемлекеттік жастар саясатын және ақпараттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған жұмыс жүргізу.
Аудан бойынша қоғамдық ұйымдар саны -16. Аудан аумағында қызмет ететін саяси партиялар, қоғамдық, үкіметтік емес және діни ұйымдар өз қызметтерін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы негізінен жастар саясаты және әлеуметтік секторға бағытталған.
Ауданда 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 4729. Бұл аудан халқының 24% пайызын құрайды. Аудан бойынша жастар саясатын жүргізуде қызмет атқарып жатырған қоғамдық бірлестіктер саны -2. Осы орайда аудан жастары арасында Елбасы тапсырмасы бойынша жасақталған «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» жүзеге асыру шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Аудан көлемінде тұжырымдаманы іске асыру мақсатында жастардың қоғамдық жұмыстарға белсенділігін арттырып, бастамаларын қолдауға зор мүмкіндіктер жасалуда. Ауданымыздың жастары заманауи білім алып, өз елінің патриоты болуға, діни салауаттылықты арттырып, терроризм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
|
№ |
Жобаның атауы |
Жобаны іске асырушы-қазақстандық ҮЕҰ атауы |
Жобаны іске асыру саласы |
Жобаның бағасы |
|
1 |
Деструктивтік теріс ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету |
"Сырым"деструктивтік діни ағымдардан жапа шекендерге көмек орталығы |
деструктивтік теріс ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету |
2000,0 млн.теңге |
|
2 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
«Сырым жастары» ЖҚБ |
Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру |
2000,0 млн.теңге |
|
3 |
Гендерлік мәселелерді шешу |
«Сырым жауһарлары» ӘҚБ |
Отбасылық мәселелердің шешімін табу және әлеуметтік қолдау |
2000,0 млн.теңге |
|
4 |
Мүгедектерді қолдау |
"Қазақ Соқырлар Қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Сырым" корпоративтік қоры |
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну |
5788,0 млн.теңге |
Жергілікті және атқарушы органдар діни бірлестіктер жұмысын реттеп отырады. Атқарушы органдардар мен діни бірлестіктердің өзара байланысын үйлестіретін аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмыс жасауда. Ауданда діни ахуал тұрақты, діни көшбасшылар дінге еріктілік пен конфессияаралық келісім принциптерін ұстанады.
Аудан аумағында қоғамдық-саяси жағдай жергілікті және атқарушы органдар тарабынан бақылануда. Тұрақтылық тұрғындардың жұмыспен қамтылу және кіріс деңгейіне оң ықпал ететін аудан экономикасының динамикалық дамуына, аудан тұрғындары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер, кәсіподақтар арасындағы келісім мен толеранттылыққа, әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық салалардағы мәселелерге биліктің уақытылы араласуына негізделген.
Тұрғындардың басым көпшілігі Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін қолдайды. Еңбекақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер уақытылы төленуде, өмір сүру деңгейі өсіп келеді.
Аудан аумағында тұрғындардың наразылығын тудыратын жағдайлар орын алған жоқ. Елді мекендер тұрғындары өмірлік маңызы бар қажеттіліктермен толық қамтылған.
Аудандық ішкі саясат бөлімі ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін ақпараттық саясатты қоғамдық-саяси «Сырым елі» газеті арқылы жүзеге асыруда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс атқаратын газеттің басты мақсаты – ауданда Елбасы Жолдауынан туындайтын келелі іс-шаралар туралы сұхбат, мақалалар жариялау. Сондай-ақ аудан тұрғындары үшін өмірлік маңызы бар қажеттіліктер мен өзекті мәселелер туралы мақалалар топтамасы жарияланып тұрады.
Аудан бюджеті іс жүзінде бюджеттік әкімшілігінің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің әлдеқайда ұлғаюымен сипатталады.
2014 жылы кірістер бойынша аудан бюджетінің көлемі 3,032 млрд. теңгені құрады, немесе 2012 жылмен салыстырғанда 122,5 %-ға немесе 556,9 көбейіп отыр.
Ресми трансферттер түсімі 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 21 %-өсті. Трансферттердің үлесі 84,6%, жеке кірістердің үлесі – 12,8% құрады.
млн теңге есебімен
|
Кірістер түрлері |
2012 |
2013 |
2014 |
2013 қарағанда өсімі % |
|
Салықтық түсімдер |
292,4 |
378,9 |
378,1 |
-0,2 |
|
Салықтық емес түсімдер |
2,6 |
2,2 |
3,5 |
59 |
|
Негізгі қорларды сатудан түскен түсімдер |
2,5 |
7,9 |
7,6 |
-3,8 |
|
Ресми трансферттер |
2122,5 |
2098,0 |
2567,6 |
22,4 |
|
Қарыздар түсімі |
2,2 |
3,2 |
7,1 |
121,9 |
|
Барлығы |
2475,1 |
2542,1 |
3032,0 |
19,0 |
Бюджеттің кіріс бөлігінде 2013 және 2014 жылдары заңды тұлғалардың мүлкіне салынған салықтар бойынша көбейді. Сырым ауданы аумағындағы газ құбырлары желісін қайтадан ҚР Мұнай министрлігінің иелігіне беруіне байланысты «Интергаз орталық Азия» АҚ-ның мүлікіне салынған салықтар көлемі азайып, 2015 жылдан бастап жергілікті бюджетке түсетін салықтар 75 млн теңге көлемінде азайып отыр.
2012-2014 жылдардағы Сырым ауданы бюджетінің құрамы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министірінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бүйрығымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу сәйкес тұрақты сипаттағы нысаналы трансферттер жергілікті бюджет базасына енгізілді.
2012-2014 жылдары өз кірістерінің түсу серпініне сәйкес 2014 жылға қарағанда 2014 жылы өз кірістерінің өсу қарқыны 30,8% құрады.
Соңғы үш жылдың ішінде аудан бюджетінің шығыстары 125,5% өсті және 3,0 млрд. теңгені құрады.
Талдау кезеңде шығыс бөлімінің құрылымында көрсеткіштерге қатысты біраз өзгерістер болды. Аудан бюджеті әлеуметтік бағытта бағытталды, әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджет қаражатының үлесі 68,6% құрайды.
2010-2014 жылдардағы Сырым ауданының бюджет
шығыстарының өзгеру серпіні
Бюджет шығыстары
млн теңге есебімен
|
Шығыстар түрлері |
2012 |
2013 |
2014 |
2013 қарағанда өсімі % |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
221,5 |
246,6 |
268,7 |
8,96 |
|
Қорғаныс |
1,7 |
2,1 |
2,5 |
13,6 |
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
|
|
0,3 |
- |
|
Бiлiм беру |
1479,2 |
1468,4 |
1536,4 |
4,6 |
|
Денсаулық сақтау |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
- |
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру |
199,8 |
191,0 |
176,8 |
-7,4 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
171,3 |
175,5 |
452,1 |
157,6 |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
227,6 |
227,6 |
289,9 |
27,4 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
37,4 |
68,1 |
110,7 |
27,37 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
10,1 |
9,8 |
9,8 |
- |
|
Көлiк және коммуникация |
0 |
0 |
5,8 |
- |
|
Басқалар |
32,9 |
34,4 |
33,0 |
-4 |
|
Борышқа қызмет көрсету |
0,002 |
0,006 |
0,01 |
66,6 |
|
Трансферттер |
9,4 |
10,8 |
3,0 |
-72,2 |
|
Қарыздарды өтеу |
47,1 |
61,9 |
48,6 |
-21,5 |
|
Барлығы |
2462,3 |
2540,6 |
3004,5 |
22,0 |
Жергілікті атқарушы органдардағы электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер және ақпараттық жүйелер
Аудан бойынша 9 дербес бөлімде «Е-әкімдік», «Е-лицензиялау», «Мекенжай тіркелімі», «ХҚКО ЫАЖ», «ИИС Мониторинг», «Е-собес», «Әлеуметтік көмек», «ИИС ЗАГС», e-gosreestr, ИС -Парус ақпараттық жүйелері жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың 11 айында ақпараттық жүйелерге 3844 мемлекеттік қызметтер енгізілді. Бұл ақпараттық жүйелерін пайдалану бойынша «ҰАТ» АҚ жанынан ұйымдастырылған оқуға, жауапты мамандар жолданды.
Сонымен қатар Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайты 2006 жылы ашылып, ақпарат беру қызметін көрсетуде. Сайтта 6 негізгі және 19 шағын бөлік айдарлардан және т.б. мәліметтермен қамтылған. Сайттағы мәліметтер үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады.
Аудан әкімдігі және оның дербес бөлімдері локальды желіге қосылған.Аудан әкімінің аппаратында және бөлімдерде дербес серверлері бар.
2010 жылдың қыркүйек айынан аудан әкімінің аппараты, 2015 жылдан бастап дербес бөлімдер электронды құжатайналымның бірыңғай жүйесіне қосылды.Сонымен қатар, «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесіне де қосылған.
Аудан әкімінің аппараты мемлекеттік органдарының интранет-порталымен (ИПГО) жұмыс жасауда.
Күшті жақтары:
мемлекеттік қызметтер көрсету қамтамасыз етілуі нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі;
мемлекеттік қызметтердің көрсетілетін сапасына шағымдар саны төмендеуі.
Әлсіз жақтары:
халыққа көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы қызметтермен төмен қамтылуы;
халықтың мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға болатындығы туралы хабардарлығы төмен болуы.
Мүмкіндіктер:
"электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту;
мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің сапасын арттыру және нақты стандарттау;
жекелеген мемлекеттік қызметтерді беру жолында мемлекеттік органдардың функцияларын ұтымды бөлу.
Қауіп-қатерлер:
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды мемлекеттік қызметтерді алу кезінде әр түрлі әлеуметтік топтардың пайдалану мүмкіндіктерінің теңсіздігі.
ЖӘНЕ ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Бюджет түсімдері
Мақсаты 1.1 – Жылдан жылға бюджет түсімдерін арттыру
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
1 |
Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны |
% |
106,5 |
104,0 |
105,0 |
100,3 |
101,4 |
ЭжҚБ |
|
Қол жеткізу жолдары: Жергілікті бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді толық мөлшерде жиналуын қамтамасыз ету. Салық базасын кеңейту. |
|
|||||||
Өнеркәсіп
Мақсаты 1.2 – Өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін көтеру.
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
2 |
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі |
% |
80,0 |
100,2 |
100,5 |
100,7 |
101,0 |
КБ |
|
3 |
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі |
млн. теңге |
110,0 |
112,0 |
115,0 |
117,0 |
120,0 |
КБ |
|
Қол жеткізу жолдары: Өңдеу өнеркәсібінің сапалы дамуын қамтамасыз ету. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру. |
|
|||||||
Агроөнеркәсіп кешені
Мақсаты 1.3– Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
|
4
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) нақты көлем индексі |
% |
112,9 |
102,1 |
101,6 |
102,9 |
101,2 |
АШжЖҚБ |
|
|
5 |
Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді мал басының үлесі |
% |
44,5 |
44,6 |
44,7 |
44,7 |
44,8 |
АШжЖҚБ |
|
|
6 |
Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі |
% |
53,9 |
53,9 |
53,9 |
53,9 |
51,5 |
АШжЖҚБ |
|
|
7 |
Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді мал үлесі |
% |
35,9
|
35,9
|
36,1
|
36,2
|
36,3
|
АШжЖҚБ |
|
|
8
|
Тұқымды өзгерістерге қатысатын ұсақ қара мүйізді мал үлесі |
% |
42,3
|
42,5
|
42,6
|
42,7
|
42,9
|
АШжЖҚБ |
|
|
Қол жеткізу жолдары: Мал басын көбейту, мал шаруашылығы өнімінің өндірісі көлемін мал шаруашылығы кешендерін, мал семірту орындарын және асыл тұқымды мал басын дамытуын жалғастыру арқылы арттыру, Асыл тұқымды малдарды субсидиялау және мал тұқымдарын түр қасиеттерін өзгерту жолымен асылдандыру. Мал сою пункті мен алаңдарын және мал моласы құрылысын жүргізу. Ветеринария жүйесін халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес келтіріп ветеринариялық-санитарлық тазалығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету |
|
||||||||
|
|
Мақсат 1.4– Шағын кәсіпкерлікті кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлік ортасының бастамаларын іске асыру, шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
9 |
Жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны |
бірлік |
880 |
883 |
887 |
892 |
897 |
КБ |
|
10 |
Барлық тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішіндегі жұмыс істейтін субъектілерінің үлесі |
% |
86,5 |
86,7 |
87,0 |
88,3 |
88,3 |
КБ |
|
11 |
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі
|
% |
103,0 |
103,2 |
103,5 |
103,1 |
103,0 |
КБ
|
|
12 |
Халықтың жан басына шаққандағы бөлшек сауда айналымын көбейту |
мың теңге |
80,0 |
82,0 |
85,0 |
87,0 |
90,0 |
КБ |
|
Қол жеткізу жолдары: Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға көмектесу. Шағын және орта кәсіпкерліктің басымдық жобаларын ары қарай несиелендіруін қамтамасыз ету. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жолында шағын несиелеумен көмектесу. Сауда-саттықтың дамуына қолайлы жағдайлар жасау. Кәсiпкерлердiң өтінімдеріне сәйкес сауда объектілерiнiң құрылысына жер телiмдерiнiң беру; Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрменкесін өткізу. Халыққа әлеуметтiк маңызды тауарлар мен ауылшаруашылығы өнімін тікелей сатуды ынталандыру мақсатында жәрмеңкелер өткiзу; |
|
|||||||
Инвестициялар
Мақсат 1.5 – Тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
13 |
Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі |
% |
100,1 |
100,3 |
100,5 |
100,8 |
101,2 |
ЭжҚБ |
|
14 |
Халықтың жан басына шаққанда негізгі капиталдағы инвестициялар |
теңге |
54297 |
54455 |
54727 |
55163 |
55831 |
ЭжҚБ |
|
Қол жеткізу жолдары: Бизнес-климатты жақсарту және инвестициялардың құйылуына ынталандыру. Мемлекеттік-меншіктік әріптестік арқылы құрылыс және инфрақұрылым нысандарының пайдалануына жеке капиталдарды жұмылдыру |
|
|||||||
Мақсат 2.1- Білім сапасын, қолжетімділігін жақсарту және балалардың заңды мүдделерін қорғауын мен құқық сақтау жүйесінің тиімділігін көтеру
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
|
15 |
Апатты жағдайда және үш ауысымды жұмыс істеп тұрған мектептер саны |
бірлік |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
БББ |
|
|
16 |
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушылардың оқу бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген түлектердің үлесі |
% |
35,5 |
36,0 |
37,0 |
64,2 |
64,2 |
БББ |
|
|
17 |
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивты білім берумен балалардың қамтылуы |
% |
52,0 |
53,0 |
54,0 |
55,0 |
56,0 |
БББ |
|
|
18 |
Балалардың (3-6 жастағы) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы |
% |
98,0 |
98,0 |
98,5 |
100 |
100 |
БББ |
|
|
19 |
Жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік нормативтік желі бойынша қызмет істеуінің қамтылуы |
% |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
БББ |
|
|
Қол жеткізу жолдары: Арнайы тәртіптер (пәндер) бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу. Жалпы білім беру мектептерінің бірнешеуінде инклюзивтік білім беруді енгізу бойынша іс-шаралар дайындау. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту мақсатында елді мекендерде пайдаланылмай тұрған немесе мақсатсыз пайдаланылып тұрған жарамды ғимараттарды балабақшалар ашу үшін беру, мектептер жанынан шағын орталықтар ашу, бос алаңдарға жаңа заманға сай мектеп алды ұйымдарын салу. |
|
||||||||
Денсаулық сақтау
Мақсат 2.2 – Халық денсаулығын жақсарту
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
||
|
20 |
Ана өлімін төмендету |
100 мың тірі туылған сәбиге |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
ОА |
||
|
21 |
Бала өлімін төмендету |
1000 тірі туылған сәбиге |
8,0 |
7,8 |
7,6 |
8,5 |
8,4 |
ОА |
||
|
22 |
Қатерлі ісік ауруынан өлім-жітімді төмендету |
100 мың халыққа |
73,8 |
73,7 |
73,6 |
79,6 |
79,5 |
ОА |
||
|
23 |
АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстау(15-49 жас тобындағы) |
% |
0,01 |
0,02 |
0,04 |
0,04 |
0,04 |
ОА |
||
|
Қол жеткізу жолдары: Профилактикалық тексерулерді өткізу және жылына бір рет жүкті әйелдер мен балалардың скринингтік зерттеуін жасау. Жүкті әйелдермен балаларды тегін дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету. Қауіпсіз аналық ұстанымдарына жүкті әйелдерді үйрету. ОРВИ, балаларда пневманиялардың алдын алу бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізу. БМСК деңгейінде қатерлі ісік ауруын алдын ала анықтауды қамтамасыз ету. АИТВға тестілеу мен консультациялауды халыққа жасырын түрде қол жетімділігін қамтамасыз ету. |
|
|||||||||
Халықты әлеуметтік қорғау
Мақсат 2.3 - Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуі
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
24 |
Жұмыссыздық деңгейі
|
% |
5,1 |
5,1 |
5,0 |
4,9 |
4,9 |
ЖҚжӘББ
|
|
24.1 |
Жастар жұмыссыздығының деңгейі |
% |
5,0 |
4,9 |
4,9 |
4,0 |
4,0 |
ЖҚжӘББ
|
|
24.2 |
Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі |
% |
5,5 |
5,5 |
5,5 |
6,0 |
6,0 |
ЖҚжӘББ
|
|
25 |
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі |
% |
55,5 |
55,5 |
55,5 |
56,5 |
56,5 |
ЖҚжӘББ
|
|
26 |
Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың үлесі |
% |
52,8 |
53,3 |
53,8 |
54,3 |
54,8 |
ЖҚжӘББ
|
|
27 |
Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны |
адам |
31 |
31 |
31 |
32 |
32 |
ЖҚжӘББ
|
|
28 |
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі |
% |
31,5 |
31,0 |
30,5 |
24,0 |
24,0 |
ЖҚжӘББ
|
|
29 |
Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі |
адам |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
ЖҚжӘББ |
|
30 |
Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі |
% |
50,0 |
70,0 |
80,0 |
90,0 |
100,0 |
ЖҚжӘББ |
|
Қол жеткізу жолдары: Азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауды белсенді дамыту (қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кадрларды дайындау, қайта даярлау, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, тоқсанына 1 рет бос орындар жәрмеңкесін өткізу,жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, түлектерді жастар практикасына жолдау). Еңбек нарығындағы жағдайдың мониторингі мен болжамын жүргізу. Ауданның еңбек нарығындағы аса қажетті мамандар мониторингісін жүргізу. Халықтың нысаналы топтарының тұлғаларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жолдау. Халықтың нысаналы топтарының тұлғаларына әлеуметтік жұмыстар құру бойынша жұмыс берушілермен түсіндірме жұмыстар жүргізу. Табысы аз отбасылардың және арнайы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын отбасылардың жұмысқа жарамды азаматтарының жұмысқа орналасуына басым тәртіппен көмек көрсету. Бизнес құрылымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарды арнайы әлеуметтік көмек корсетуге тарту. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін табысын арттыру және жұмыспен белсенді қамту есебінен азайту. |
|
|||||||
Мәдениет
Мақсат 2.4 – Ауданның тарихи-мәдени мұрағатын сақтау, отандық мәдениетті және өнерді кең насихаттау
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
31 |
Ауданында өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны |
бірлік |
575 |
580 |
585 |
590 |
595 |
МТДШС |
|
32 |
Кітапханаға барушылар саны (оқырмандар) |
адам |
14086 |
14222 |
14358 |
14480 |
14578 |
МТДШС |
|
33 |
Көпшілік-мәдени іс-шараларға барушылар саны (көрермендер) |
адам |
85500 |
85600 |
86100 |
86350 |
86500 |
МТДШС |
|
Қол жеткізу жолдары: Ауылдық мәдениет үйлерімен клубтарының материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында арнайы жабдықтар (дыбыс қүшейткіш және жарық аппаратурасы) және музыкалық құралдар алу (домбра, баян және т.б.). Аудандық және облыстық әлеуметтік маңызы бар мәдени іс-шаралар өткізу. Кітапханалардағы мұрағаттық құжаттарды және сирек кітаптарды электрондық сандық жазбаға енгізу үшін арнайы жабдықтар сатып алу. Кітапханаларды компьютерлендіру. |
|
|||||||
Дене шынықтыру және спорт
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
34 |
Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту |
% |
26,5 |
27,1 |
27,6 |
28,9 |
29,5 |
МТДШС |
|
35 |
Дене шынықтыру және спортпен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт клубтарында шұғылданатын 7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді қамту |
% |
37,5 |
37,8 |
38 |
17,4 |
17,8 |
МТДШС |
|
Қол жеткізу жолдары: Ауданда спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу. Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу, сонымен қатар республикалық және облыстық жарыстарға әртүрлі спорт түрі бойынша аудандық командалар мүшелерінің қатысуы. Аудандық орталықтарда және ірі елді мекендерінде мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарында спорттық секцияларын ашу, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу. Жоғары нәтижелер спортын дамыту |
|
|||||||
Мақсат 2.5 - Жаппай спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын және
Тілдерді дамыту
Мақсат 2.6 - Үш тілді дамыту
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
36 |
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі |
% |
92 |
95 |
97 |
98 |
99 |
МТДШС |
|
36.1 |
Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі |
% |
15 |
16 |
17 |
18 |
20 |
МТДШС |
|
36.2 |
Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік, орысша және ағылшын) |
% |
10 |
10 |
11 |
12 |
13 |
МТДШС |
|
Қол жеткізу жолдары: Мемлекеттік тіл саясатын БАҚ-та насихаттау барысын іске асыру. Аудан азаматтарына ағылшын тілі курстарын ұйымдастыру. Ономастика мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу. |
|
|||||||
3 БАҒЫТ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Мақсат 3.1 – Әлеуметтік қолайлы өмір денгейін құру және азаматтардың денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
37 |
Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы |
% |
11,0 |
10,8 |
10,6 |
4,7 |
4,6 |
ІІБ |
|
38 |
Кәмелеттік жасқа толмаған жастардың тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы |
% |
4,0 |
3,9 |
3,8 |
1 |
1 |
ІІБ
|
|
39 |
Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы |
% |
20,0 |
19,8 |
19,6 |
29,1 |
28,7 |
ІІБ |
|
40 |
Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендеуі (100 адамға шаққанда) |
бірлік |
30,0 |
28,0 |
26,0 |
19,6 |
19,2 |
ІІБ |
|
Қол жеткізу жолдары: Полицияның, мектеп инспекторларының және кәмелеттік жасқа толмаған жастармен жұмыс істейтін учаскелік инспекторларының жұмыс сапасын жақсарту. Кәмелеттік жасқа толмаған жастар істерін тексеру бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыздандыруға қатысатын азаматтардың қызметтерін көтермелеу. Жол жүрісі қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесуге негізгі күшті жетілдіру. Көшелерге бейнебақылау камераларын орналастыру. Аудан орталығындағы адамдар көп шоғырланатын жерлерге қосымша ішкі істер бөлімінің тірек пункттерін ашу. |
|
|||||||
4 БАҒЫТ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Құрылыс
Мақсат 4.1- Ауданның бұқара халық топтарын қолжетімді тұрғын үймен
қамтамасыз ету
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
41 |
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі |
% |
40 |
43 |
46 |
50 |
54 |
ҚҚжС |
|
42 |
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі |
шаршы м. |
3,27 |
3,31 |
3,41 |
4493 |
4853 |
ҚҚжС |
|
Қол жеткізу жолдары: Әкімшілікте кезекте тұрған азаматтарға коммуналдық үйлерді жобалау және салуға бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуін қамтамасыз ету. Тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жобалануы, дамуы және жайғастыру үшін нысаналы трансферттердің игеруін қамтамасыз ету.
|
|
|||||||
Жолдар
Мақсат 4.2- Көлік инфрақұрылымының жағдайын жақсарту
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
43 |
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі |
% |
5,4 |
5,4 |
5,4 |
5,4 |
5,4 |
ТҮКШжАЖ |
|
43.1 |
соның ішінде аудандық деңгейі |
% |
6,4 |
6,4 |
6,4 |
6,4 |
6,4 |
ТҮКШжАЖ |
|
43.2 |
елді мекендер көшелері |
% |
3,3 |
3,3 |
3,3 |
3,3 |
3,3 |
ТҮКШжАЖ |
|
Қол жеткізу жолдары: Жергілікті маңызы бар жолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу |
|
|||||||
5 БАҒЫТ: ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
Мақсат 5.1 - Тұрғын-үй –коммуналдық шаруашылығы жұмысының тиімділігін көтеру, тұтынушыларды жоғары сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту
|
№ |
Индикаторлардың атауы |
Өлшем бірлігі |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
Жауапты орындаушы |
|
44 |
Күрделі жөндеу талап ететін кондоминимум объектілерінің үлесін төмендету |
% |
8 |
0 |
69,2 |
61,5 |
61,5 |
ТҮКШжАЖ |
|
45 |