Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы No 518 бұйрығына сәйкес Жәнібек ауданы әкімдігі 2024 жылғы 22 қаңтар күні сағат 10:30-да ҚР, БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі № 61 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.