Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев күн тәртібіне бірнеше мәселе қойды.

Алғаш болып сөз алған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының м.у.а. Алтынбек Алмас 2025 жылғы өрт қауіпті маусымына дайындық және өрт сөндіру бекеттерін ашу туралы баяндады.

– Қаратөбе ауданының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сай, сәуір айында Қаратөбе ауданы мен Сырым ауданы ерікті өрт сөндіру құрамаларының арасында дала өртін сөндіруді ұйымдастыру тақырыбында далалық оқу-жаттығу өткізу 18 сәуір күніне жоспарланды. Бұл далалық оқу-жаттығудың өткізу мақсаты ауданымызда күрделі далалық өрт немесе далалық жану болған жағдайда көршілес ауданның ӨСБ-і және ЕӨҚҚ шақырта отырып, бірлесе отырып өртті сөндіру болып табылады. Шалғай орналасқан елді – мекендерде өрттердің уақытылы сөндіруді қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 12 мамыр күні жергілікті атқарушы органның қолдауымен, Қоскөл ауылдық округінде маусымдық мемлекеттік емес өрт сөндіру бекеті 3 жылға ашылды. Бекетте Зил АЦ 40-131 техникасымен жеке құрам 9 адаммен жұмыс жасауда. 2023 жылдың сәуір айында Шынғырлау ауданы №23 ӨСБ меншігіндегі 1 Зил АЦ 40-130 өрт сөндіру автокөлігі Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының меңшігіне өттіп, қазіргі таңда Сулыкөл және Аққозы ауылдық округінде ашылды, - деді.

Ал 2024-2025 жылдардағы қысқы және жылыту маусымдарының қорытындысы туралы аудандық төтенше жағдайларлар бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық полиция бөлімі, ауылдық округ әкімдері баяндаса, 2025 жылғы суға шомылу маусымында судағы адам өлімінің алдын алу, жазғы демалыс кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы аудандық төтенше жағдайларлар бөлімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және ауылдық округ әкімдері айтып берді.

Жиын соңында сөз аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарына жаз маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсінік шаралар жүргізу, аудан бойынша техникалық байқаудан өтпеген техникалардың жаз мезгілінде жүрмеуін бақылауда ұстауды, жаз мезгілінде суға шомылу уақытында аудан аумағындағы су айдындарының қауіпті аймақтарында үнемі рейдтерді ұйымдастыру тиісті мекеме басшыларына тапсырды.