Қаратөбеде Конституция күні аталып өтті

Қаратөбе ауданының орталығындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республкасы Конституциясының 25 жылдығына орай мерекелік салтанатты шара өтті.
Мемлекеттік маңызды шарада аудан әкімі Жанат Асантаев еліміздің басты құжаты Ата заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толуына орай жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтады.
Аудан басшысы Жанат Асылханұлы аудан экономикасының дамуына зор үлес қосқан «Нұр Отан» партиясының Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразовқа, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Бозовқа, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден қызмет көрсету бөлімі басшысы Гүлжайна Ермұханбетоваға «Қазақстан Республикасының Конституциясына -25 жыл» мерекелік медалін, Саралжын ауылдық округінің аға мал дәрігері Кенжебай Қындыбаевқа, Қаратөбе ауылының кәсіпкері «Гүлрайхан» дүкенінің иесі Алмагүл Ержановаға, Қаратөбе балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысановқа, Жусандыой ауылдық мәдениет үйінің директоры Сағындық Тәменовке «Қазақстан Республикасының Конституциясына -25 жыл» мерекелік төсбелгілерін табыстады. Сонымен қатар аудан басшысы мерекеге орай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Роман Дүйсеғалиевті, Егіндікөл ауылының учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Абат Науашевті, аудандық аурухананың эпидемиолог - дәрігері Назгүл Жанғазиеваны, аурухананың кіші қызметкері Гүлшара Ырзабекқызын, аудан әкімі апаратының бас маманы Дана Зейнуллинаны, Аққозы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанат Бердіғалиеваны Алғыс хаттарымен марапаттады.
– Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 25 жыл. Осы жылдар аралығында елдің басты құжаты - Конституциямыздың аясында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Халықтың игілігі үшін ауданымызда да біраз іргелі істер тындырылды.
Ата Заңымыздың 25 жылдық мерекесі құтты болсын. Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Елеулі қызметтеріңізге сай алған марапаттарыңыз құтты болсын!
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бүгін көптен бері өткізе алмай келген шараларымыздың өтуіне мүмкіндік алып отырмыз. Алдағы уақытта әр деңгейдегі шараларды бұрынғыдай кең көлемде өткізуге қол жеткіземіз деп ойлаймын, -деді аудан басшысы Ж.Асантаев.
Мерекелік шарада мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің көмекшісі Оралбай Берікұлы мен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы Нұрбол Әділханұлы қызметтерін адал атқаруға ант берді.