Жаңа кадрлық тағайындау

2020 жылдың 10 тамызы күні аудан әкімі Жанат Асылханұлы Асантаев Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Қаратөбе ауданы әкімі аппараты жанындағы аудандық бірыңғай конкурстық комиссиясының 2020 жылғы 5 тамыздағы №15-3 қорытынды хаттамасы негізінде және өз өтінішіне сай Қаратөбе ауданы әкімінің 2020 жылдың 10 тамыздағы №127 өкіміне сәйкес Есендосов Мербол Мағзомұлы 2020 жылдың 10 тамызынан бастап Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Есендосов Мербол Мағзомұлы – 1979 жылы 17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылында дүниеге келген.
Екі жоғары білім бар, 2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Ветеринариялық-санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша және 2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік қызметтегі алғашқы еңбек жолын 2004 - 2005 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
Содан соң, 2005 – 2006 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Қаратөбе аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің жетекші маманы қызметтерін атқарған.
2006 – 2007 жылдары Қаратөбе аудандық маслихаты аппаратының жетекші маманы қызметін атқарды.
2007 – 2010 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы қызметінде болды.
2010 – 2011 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2011 – 2015 жылдары Егіндікөл ауылдық округінің әкімі.
2015 – 2016 жылдары Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінде болды.
2016 – 2018 жылдары Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметінде болды.
2018 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.
Жанұялы 3 ұл, 1 қызы бар.
Аудан әкімі Ж.Асантаев жаңадан тағайындалған бөлім басшысын жаңа қызметімен құттықтай келе, өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн бар күш-жігерін салуына тілек білдірді.