Қаратөбе ауданында – жаңа прокурор

Қаратөбе ауданында – жаңа прокурор

Қаратөбе ауданында – жаңа прокурор

Бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен аудан активінің жиынында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев жаңадан тағайындалған Қаратөбе ауданының прокурорын таныстырды.

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 26 қыркүйектегі бұйрығымен Қаратөбе ауданының прокуроры болып Талғат Ғайсаұлы Идрисов тағайындалды.

Талғат Ғайсаұлы Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы

Теректі ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.

Кейін Теректі ауданы прокурорының аға кемекшісі, Орал қаласы прокурорынын аға көмекшісі, Орал қаласы прокуратурының бөлім бастығы, Облыс прокуратурасында басқарма аға прокуроры, Облыс прокурорынын көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарын атқарды.

Жиында БҚО прокурорының орынбасары Азамат Құстанов жаңадан тағайындалған Талғат Ғайсаұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Бұған дейін 4 жыл көлемінде Қаратебе ауданының прокуроры болған Алмас Төрекелдіұлына аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы атқарған қызметіне алғыс білдіріп, болашақ қызметіне сәттілік тіледі.