Тылсым табиғатқа саяхат

Тылсым табиғатқа саяхат

Тылсым табиғатқа саяхат

Аудандық «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен «Туған жер – ұлы бабалар аманаты» атты экспедициясы Қаракөл ауылдық округі, Ақтайсай ауылынан бастау алды.

Шара ауыл тарихын білу, киелі жерлеріміздің тарихымен танысу, ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында өтті.

Экспедицияға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық мамандары, ауданның белсенді жастары қатысты.

Экспедиция мүшелерін аулдық округ әкімі Эльдар Амантаев қарсылап алып, тылсым сырлы – Құрсай шатқалын таныстырып, жердің аталу тарихын айтты.

– Жалпы Қаракөл ауылдық округіне қарасты Ақтай-сай ауылының байлығы өте көп. Ауылда көмір, мұнай, гравий, ақ балшықта бар. Сонымен қатар, сұлу табиғақа көмкерілген Жарлысаймен біз келіп тұрған Құрсай жеріде бар. Әсем Құрсай жерін ауылға келген уақытымда көріп, аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне шығарған болатынбыз. Содан бері келушілер саны артып, тамаша табиғатқа тамсанатындар қатары көбейді. Солардың қатарында ақпарат көздері көріп, Астана қаласынан зерттеушілер келіп, Құрсайды аралаған болатын. Зерттеушілер бұл маңда қола дәуірінде адамдар мекендегенің және тастар күн, жел, су, топырақтан пайда болғанын айтқан болатын, - деді.

Түстен кейін экспедия мүшелері Қасиетті Қаратөбенің киелі жерлерінің бірі – Тұзды обаға барды.

Айта кетейік экспедия Егіндікөл ауылдық округінде жалғасын таппақ.

Қызмет бағыты