Сайлау – демократияның негізгі принципі

25 қаңтар 2024 жылы Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен, Дүниежүзілік сайлау ұйымдарының конференциясында ақпан айының алғашқы бейсенбісі болып бекітілген Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сайлау – демократияның негізгі принципі» атты дөңгелек үстел оздырылды.
Дөңгелек үстелге, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев, Қаратөбе ауданы мүгедектері ерікті қоғамының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, «AMANAT» партиясының аудандық филиал төрағасы Абат Зейнуллин, «Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақылбек Амантай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин, жергілікті «Қаратөбе өңірі» газетінің редакторы Бекжан Қойшекенов, аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Ісшарада аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бақытжан Қайрқұлұлы Дүние жүзілік сайлау күнінің- азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процестерін жетілдіру проблемасына жұртшылық назарын аудару үшін арналғандығын, сол сияқты әлемдік демократия процесін нығайтуға, сайлау туралы түсінікті кеңейтуге және сайлаушылардың дауыс беруге қызығушылығын арттыруға бағытталғандығын айтып, сайлау заңнамасының конституциялық заңдары, халықаралық принциптер мен стандарттар, сайлау органдары, Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының жүйесі жөнінде кең ақпарат берді. Сонымен қатар аудандағы сайлау барысын байқауға аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер және комерциялық емес ұйымдар және саяси партия өкілдерімен байланысты нығайтып бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, аудандағы сайлау процесстерін ұйымдастыру, бірлесіп жұмыс атқару жолдарын жетілдіру жөнінде шараларды талқылап, пікір алмасты.