Аудандық полиция қызметкерлерімен кездесу

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев БҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ж.Жаншиннің аудандық полиция қызметкерлерімен өткізген кездесуге қатысты.
Кездесу барасында аталған саладағы өзекті мәселелер көтеріліп, аудан бойынша қылмысты алдын-алу және оны ашу, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар жиында жергілікті атқарушы органдардың полиция қызметкерлерімен бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы, сондай ақ полиция бөлімін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатындағы ұсыныс пікірлерін тыңдалды.