Астана күні мерекесіне орай мерекелік шара өткізілді

6 шілде - Астана күні мерекесіне орай орталық алаңда мерекелік шара өтті. Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Мерекеге орай, Қазақстан Республикасы "Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі" Қоғамдық бірлестігінің "Құрметті ардагер" төсбелгесін ауыл шаруашылығы саласының ардагері Р.Сенғалиев табыс етілді, аудан әкімі сала мамандарын мерекелік алғыс хаттармен марапаттады . Мейрамға орай аудан тұрғындарына көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасы қойылып, бүлдіршіндерге арналған ойын сауық орындары жұмыс жасады және кәсіпкерлер халыққа өз өнімдерін ұсынды.
Қызмет бағыты